Архивы Бурахан Даханов - Tizgin kz

«Балаларымның қасына келіп едім»: Қазтестен өте алмаған 70 жастағы қандас көз жасына ерік берді
Қазақстанға қоныс аударып, балаларымен бірге тұруды армандаған 70 жастағы қандас апа Қазтест сынағынан өте алмай, құжат рәсімдеуде қиындыққа тап болған. Қызылжарда қандастарға құжат жинауға көмектесіп жүрген белсенді Бурахан Даханов елге оралған азаматтардың көші-қон талаптары салдарынан ауыр жағдайға душар болып жатқанын айтып, биліктен араша сұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Балаларының жанында өмір сүргісі келеді»

Қоғам белсендісі Бурахан Даханов әлеуметтік желідегі жазбасында соңғы күндері ондаған қандастың құжатын рәсімдеуге көмектескенін жеткізді. Олардың өтініштері мен сауалнамаларын өзі толтырып, виза алуға құжат тапсыруына жәрдемдескен. Алайда арасында құжаты қабылданбай, шарасыз қалған адамдар да бар.

Солардың бірі – жасы жетпіске таяған қандас әже. Дахановтың айтуынша, қандас апа Қазтест сынағынан өте алмағандықтан, оның виза рәсімдеуге тапсырған құжаттары қабылданбаған.

«Суретте елге жетіп, Қазтесттен өте алмай, Қызылжардағы описіме келіп, көз жасына ерік берген 70-тегі қандас апа. Ұлдары осында еді. Енді балаларымның қасына келіп өмір сүремін деп отырғанда, Қазтест деген бәле шығып, визаға құжаттары қабылданбай қалды», – деп жазды Бурахан Даханов.

Ол қандастың жағдайын түсіндіріп, тиісті орындарға хабарласқанын, құжаттарын қабылдауға мүмкіндік беруді сұрағанын айтады. Бірақ әрекетінен нәтиже шықпаған.

Дахановтың сөзінше, ол кісінің Қазақстанда тұратын ұлының да визасы жоқ. Енді 30 күндік уақыты аяқталған соң, қарт ана шекарадан шығып, қайта кіруге мәжбүр болуы мүмкін.

«Қандастың мұңын шешетін адам қалды ма»

Бурахан Даханов тағы бір қандас әйелдің басындағы қиындықты да баяндады. Оның айтуынша, әйел Қазтест сынағынан бірнеше рет өте алмай, Қазақстанда рұқсат етілген 30 күндік мерзімі аяқталған соң шекарадан шығып, қайта кіруге мәжбүр болған.

Ақыры сынақтан өткенімен, бұл жолы басқа кедергі туындаған. Дахановтың мәлімдеуінше, әйелдің Қазақстанда болуына байланысты 90 күндік мерзімінің аяқталуына небәрі үш күн қалғандықтан, құжаттары тағы қабылданбаған.

«Байқұстың екі баласы осында, бір жылдық оқу визалары бар. Енді мына қандас әйел Қазақстаннан шығарылса, кемі төрт ай елге қайтып кіре алмайды. Құжаты қабылданбайтынын көргенде, ауыр күрсініп, жылап жіберді», – дейді ол.

Даханов мұндай жағдайдың бірлі-жарым емес екенін айтады. Оның Қызылжардағы кеңсесіне күн сайын көші-қон мәселесімен көмек сұрап келетін қандастар аз емес. Жазбасының соңында белсенді Президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннен көмек күтетінін жеткізді.

«Мына Үкіметте қандастың мұңын шешетін бір адам қалды ма өзі? Бір көмектессе, Ерлан Қарин мырза көмектеседі-ау», – деп жазды Бурахан Даханов.

Ол қандастардың мәселесіне жауапты мемлекеттік органдар назар аударуы керек деп есептейді. Әсіресе егде жастағы адамдардың тіл сынағынан өте алмауы олардың Қазақстанда балаларымен бірге тұруына кедергі болмауы тиіс деген мәселе көтеріп отыр.

Еске салсақ, Еңбек министрлігі қандас мәртебесін алу жолындағы 9 қадамды түсіндірген еді.

Ал бұдан бұрын Мәжіліс отырысы кезінде бір емес, екі депутат Қазақстанға көшіп келетін этникалық қазақтардан қазақ тілінде тестіні талап ету заңсыз деп есептейтінін айтқан.

Сообщение «Балаларымның қасына келіп едім»: Қазтестен өте алмаған 70 жастағы қандас көз жасына ерік берді появились сначала на Tizgin kz.