Архивы Берік Асылов - Tizgin kz

Берік Асылов қайтадан Бас прокурор болып тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда жариялаған құжатта:

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асылов Берік Ноғайұлы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды», – делінген.

Берік Асылов бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді. Оған дейін үш жыл бойы Бас прокурордың бірінші орынбасары болған.

Айта кетейік, Бас прокурорды Президент тағайындайды. Ол елдегі заңдылықтың сақталуын қадағалап, мемлекеттік айыптауды қолдау және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру бағытындағы жұмыстарға жетекшілік етеді.

Сообщение Берік Асылов қайтадан Бас прокурор болып тағайындалды появились сначала на Tizgin kz.

Қожамжаровқа ешқандай айып тағылған жоқ – бас прокурор
Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов бұрынғы бас прокурор әрі антикорды басқарған Қайрат Қожамжаровқа ешқандай айып тағылмағанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақордада журналистер Берік Асыловтан Мақсат Дүйсенов пен Қайрат Қожамжаров жөнінде сұрақ қойған. “Қазақстанның бас прокуратурасы Мақсат Дүйсенов бойынша ресми өтінімге жауап жолдады ма?” деген сұраққа Асылов “әзірге жоқ” деп жауап берді. Сондай-ақ”Қайтар Қожамжаров тергеліп жатыр ма?” деген сұраққа да жауапты қысқа қайырды.

“Істердің бәрі факттар бойынша қозғалды. Ал айып тағылып отырған жоқ (Қожамжаровқа – Tizgin.kz)” – деді Асылов.

Прокуратура былтыр Қайрат Қожамжарқа байланысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаған еді. Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылғаны сол тұста белгілі болған.

Қожамжаров жайлы

Қайрат Қожамжаров Назарбаев тұсындағы ықпалды күштік құрылым өкілдерінің бірі болған. Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы отставкаға кеткен күні Қожамжаров сенат депутатына айналған. Оған дейін екі жыл бас прокурор қызметін атқарды. Жемқорлыққа қарсы түрлі құрылымдарға жетекшілік етті. Президенттің кеңесшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған. Ақмола облысын басқарған.

2023 жылдан бері мемлекеттік қызметте емес. Кейінгі кезде оның айналасындағы бірқатар адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның бұрынғы жетекшісі Талғат Татубаев екі айға қамалған. Былтыр шілдеде арнайы прокурорлар қызметінің жетекшісі Олеся Кексель азаптау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында күдікті деп танылған.

Сообщение Қожамжаровқа ешқандай айып тағылған жоқ – бас прокурор появились сначала на Tizgin kz.

Полиция Каспий құбыры жарылған кезде жағымсыз пікір айтқандарды тергеп жатыр
Астана қаласының полиция департамениі Украина әскері Каспий құбыр желісі консорциумына залал келтірген кезде кейбір азаматтардың жағымсыз пікір айту фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АСЫЛОВ НЕ ДЕЙДІ

Бас прокурор Берік Асылов депутаттарға берген жауабында айтылғандай, қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігімен (ұлттық алауыздықты қоздыру) басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол адамдарды анықтап, олардың кінəсін растайтын дəлелдемелерді жинау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

“Соның нәтижесі бойынша олардың əрекеттері түпкілікті сараланып, процестік шешім қабылданады. Бұдан бұрын Бас прокуратура масс-медиада заңсыз контенті бар жалған ақпарат пен басқа да жарияланымдарды таратуға жол берілмейтіні, сондай-ақ мұндай əрекеттер үшін қылмыстық жəне əкімшілік жауаптылық көзделетіні туралы ескертетін баспасөз хабарламасын жариялаған болатын. Азаматтармен осындай түсіндіру жұмыстарын жергілікті прокурорлар тұрақты түрде жүргізіп келеді. Мəдениет жəне ақпарат министрлігі де өз тарапынан халық арасында масс-медиа арқылы, оның ішінде сіздер көтерген мəселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, ол туралы сіздерге аталған ведомство ақпарат береді”, – делінген Асыловтың жауабында.

Еске сала кетейік, Айдос Сарым 2025 жылы қараша айының соңында Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төнді деп мәлімдеген еді. Сөзінше, бұған ел үшін аса маңызды экспорттық инфрақұрылым нысаны – Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалының жұмысы бұзылуы себеп болған.

«Новороссийск қаласы маңындағы КҚК терминалына теңіздегі ұшқышсыз дрондар арқылы жасалған шабуыл салдарынан сыртқы айлақтық құрылғы (ВПУ-2) істен шықты. Ал қазір ВПУ-3 жоспарлы жөндеуде тұрғандықтан, терминал тек бір ғана ВПУ-1 құрылғысымен жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл оның өткізу қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне апарып соқты. Мұнай тасымалы көлемінің қысқаруы ел экономикасы үшін елеулі тәуекелдер мен шығындарға соқтырады. КҚК арқылы түсетін жылдық экспорттық кіріс шамамен 30 млрд АҚШ долларын құрайды. Оның үштен бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталып, елдегі жалпы салық түсімдерінің шамамен 20%-ын қамтамасыз етеді. Сарапшылардың бағалауынша, терминал жұмысының ұзақ уақытқа тоқтауы ай сайын 500 млн АҚШ долларына дейінгі ықтимал шығынға әкелуі мүмкін», — дейді депутат.

Айдос Сарымның сөзінше, қалыптасқан жағдай тек сыртқы қатерлерді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың жедел әрекет етуін талап ететін ішкі мәселелерді де айқындап отыр. Ал әлеуметтік желілерде аталған мемлекет үшін аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды ашық түрде қолдап, мақұлдайтын азаматтардың жарияланымдары пайда бола бастаған. Сарым мұндай әрекеттер сөз бостандығының конституциялық шегінен шығып, ұлттық мүдделерге тікелей зиян келтіреді деп санайды.

Осыған байланысты, Айдос Сарым құзырлы мекеме басшыларынан Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне соққы беруге жария түрде шақырған азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді, аталған әрекеттерді Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 256-бабы (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) және 175-бабы (мемлекетке опасыздық) бойынша саралау мүмкіндігін қарастыруды өтінген.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан Украинаға наразылық білдірген еді. Алайда Украина өз мүддесіне қарай жауабын жолдады.

Ал энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кіріскен.

Сообщение Полиция Каспий құбыры жарылған кезде жағымсыз пікір айтқандарды тергеп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

КҚК-ға шабуыл: Сарым Украинаға “тағы жарыңдар” деп үндегендерді соттауға шақырды
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстанның бас проокуроры Берік Асылов пен премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сауал жолдап, Украинаны Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне соққы беруге шақырған азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді өтінді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Айдос Сарым 2025 жылы қараша айының соңында Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төнді деп есептейді. Сөзінше, бұған ел үшін аса маңызды экспорттық инфрақұрылым нысаны – Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалының жұмысы бұзылуы себеп болған.

“Новороссийск қаласы маңындағы КҚК терминалына теңіздегі ұшқышсыз дрондар арқылы жасалған шабуыл салдарынан сыртқы айлақтық құрылғы (ВПУ-2) істен шықты. Ал қазір ВПУ-3 жоспарлы жөндеуде тұрғандықтан, терминал тек бір ғана ВПУ-1 құрылғысымен жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл оның өткізу қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне апарып соқты. Мұнай тасымалы көлемінің қысқаруы ел экономикасы үшін елеулі тәуекелдер мен шығындарға соқтырады. КҚК арқылы түсетін жылдық экспорттық кіріс шамамен 30 млрд АҚШ долларын құрайды. Оның үштен бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталып, елдегі жалпы салық түсімдерінің шамамен 20%-ын қамтамасыз етеді. Сарапшылардың бағалауынша, терминал жұмысының ұзақ уақытқа тоқтауы ай сайын 500 млн АҚШ долларына дейінгі ықтимал шығынға әкелуі мүмкін”, – дейді депутат.

Айдос Сарымның сөзінше, қалыптасқан жағдай тек сыртқы қатерлерді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың жедел әрекет етуін талап ететін ішкі мәселелерді де айқындап отыр. Ал әлеуметтік желілерде аталған мемлекет үшін аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды ашық түрде қолдап, мақұлдайтын азаматтардың жарияланымдары пайда бола бастаған. Сарым мұндай әрекеттер сөз бостандығының конституциялық шегінен шығып, ұлттық мүдделерге тікелей зиян келтіреді деп санайды.

САРЫМ НЕНІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Осыған байланысты, Айдос Сарым құзырлы мекеме басшыларынан мынадай талаптарды орындауды өтінді:

Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне соққы беруге жария түрде шақырған азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға беру. Аталған әрекеттерді Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 256-бабы (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) және 175-бабы (мемлекетке опасыздық) бойынша саралау мүмкіндігін қарастыру.

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар мұнай құбырлары мен өзге де инфрақұрылым нысандарын қиратуға шақыратын жария ақпаратты таратудың жол берілмейтіні туралы халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан Украинаға наразылық білдірген еді. Алайда Украина өз мүддесіне қарай жауабын жолдады.

Ал энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кіріскен.

Сообщение КҚК-ға шабуыл: Сарым Украинаға “тағы жарыңдар” деп үндегендерді соттауға шақырды появились сначала на Tizgin kz.

Пәрменсіз бәрі – дәрменсіз. Аналардың жанайқайы шенділердің кемшілігін тағы көрсетті
10 қараша күні әскерде қаза тапқан және жараланған сарбаздардың аналары Астанада наразылық акциясын өткізді. Министрліктер үйінің алдында өткен бұл акция – әскери жүйедегі әділетсіздіктер мен үнсіздіктің шегіне жеткен тағы бір көрінісіне айналды. Аналар өлімге апарып, мүгедектікті душар ететін армиядағы жайттарды ашық тергеуді, істерге қоғамдық бақылау жасап, тіпті әр казарма мен асханаға дейін бейнебақылау камераларын қоюды талап етті. Сол күні кешқұрым президенттің өзі бұл іске байланысты прокурорларға пәрмен берді.

АНАЛАРДЫҢ ЗАРЫ

10 қарашада барша жұртшылықтың назары Астанадағы аналардың наразылығына ауған. Аналардың ащы зары көрсетілген, желіге кезек-кезек тараған акцияның видеоларына лайк басып, пікір қалдырғандарда сан жоқ. Себебі де белгілі: қоғам армияда тәртіп орнатуды баяғыдан талап етіп келеді. Бірақ өкінішке қарай, армиядағы бір сарбаздың өлімінен кейін топырағы суымай жатып, екінші қайғылы оқиға жайлы қаралы хабар тарайды. Өкініштісі, сол жайттардың тергелуі де көп сұрақ туындатады. Туғанынан айырылған қаралы отбасылар әділдікті талап етіп, үндеу жасайды, президенттен көмек сұрайды.

Әскери колледжде оқып жүргенде бас сүйегінің жартысынан айырылып, көзі көрмей, денесі сал болып қалған Ұлан Мұсаевтың анасы Гүлмира Мұқажанова 10 қарашадағы наразылықта аналардың жиналып, қол қойған хатын оқып берді. Оның сөзінше, жас сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп жүріп, немқұрайлықтың, әлімжеттіктің құрбанынан айналып жатыр.

«Біз ата-аналар, сарбаз өлімін тоқтату үшін әр іске белсенді араласуға дайынбыз. Негізгі талаптарымыз: әскери істердің әділ және ашық тергелуін талап етеміз! Сарбаздардың бәрінің басынан өткен жағдай, жаралануы, қаза болуы әділетті түрде тергелсін! Бұлар әскери қылмыстардың бәрін жасырып жатыр. Статистиканы біз білмейміз, бүкіл ақпарат жария етілсін! Казармада, асхана мен оқу залына «Сергек» камералары орнатылсын! Ата-аналар, қоғам өкілдері тергеу барысына тікелей атсалыссын! Кінәлі адамдардың заң алдында жауап беруін талап етеміз! Өткен істер қайта қаралсын! Күмәнді істер бойынша сараптамалар мен медициналық куәландырулар, бейнематериалдар қайта зерттелсін! Тергеу қоғамдық бақылау мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілсін! Тәуелсіз комиссия құрылсын! Комиссия құрамына журналистер, ата-аналар мен қоғам өкілдері кірсін!» – деді ашынған Гүлмира Мұқажанова.

Үш жыл бұрын жараланған ұлын Гүлмира Мұқажанова шетелге емдетуге жіберу үшін сергелдеңге түскен. Ол әскери колледж өкілдерінің «Ұлан өзін атқан» деген сөзіне сенбейді. Тергеу орындары «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қозғаған қылмыстық іс содан бері бірнеше рет тоқтап, қайта жанданғанымен әзірге еш нәтиже бермеген. 2021 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін Ақмола облысы Щучинск қаласындағы әскери колледжге оқуға түскен. 2022 жылы жазда емтиханын тапсырып, бір ай демалыста үйде болған. Ал оқуына қайта кеткеннен кейін бірнеше күн өткенде отбасына Ұлан жайлы жайсыз хабар жеткен.

Ұланның ағасы Берік Сембаев ешқандай адам заң аясында жауапқа тартылған жоқ дейді.

Улан Мусаев (Фото: Азаттық)

«Үш жылдан бері төсек тартып жатыр. Министрліктен еміне ештеңе бөлінген жоқ. Бала «өзін-өзі атып алды» дейді. Олай болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс басталады да тоқтап қалады. Үш жыл болды. Бауырымда ешқандай үкімет тарапынан көмек жоқ», – дейді Берік Сембаев.

Атыраудан Астанаға келген Айна Есбергенова марқұм ұлын әскерде әлдекімдер ұрып соққан соң қаза болғанын айтады. Ұлы 2023 жылы қарашада өз еркімен әскерге кеткен. 2024 жылы 9 сәуірде «балаңыз жүрек ауруынан қайтыс болды» деген қаралы хабар жеткен.

«Барсам баламды киіндіріп қойған. Үстінде сау жері жоқ. Соққы іздері болды. Үйге әкеліп жерледік. Жерлеген соң баламмен бірге әскерде болған достары келіп, баламды ұрып, өлтіргенін айтты. Балам далада 20 минут жатқан, ол кезде тірі болған. Ешқандай көмек көрсетілмеген. Сол жерде көз жұмған. Баламды ұрып өлтірген адамдар заң жүзінде жазасын алса екен деп әділдік іздеп отырған анамын», – дейді ол.

Полиция өкілдері наразылыққа шыққан бірнеше рет келіп, әйелдерге тәртіп сақталуы керектігін ескертті. Олар тек бақылап тұрды. Аналарды қолдауға қарапайым азаматтар да келген. Соның бірі – мойнына «Реформа талап етеміз» деп плакат таққан Кәмшат Хаденова . Ол аналармен бірге жауапты басшылардың көптің шығуын талап етті.

«Журналистерсіз тізімдегі 8 ананы ғана кіргіземіз деп отыр. Аналардың кірерде телефонын алып қалмақ. Осында шық десек шықпай отыр. Орынбасары келді. Бірақ генералдың өзі шықпады. Біз әскердегі заңсыздыққа қарсымыз! Балаларымыз өлмесін дейміз! Ана ретінде мен қолдауға келіп отырмын», – дейді Кәмшат Хаденова.

Көп өтпей аналардың алдына Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов пен Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев шықты. Үмбетов арыз-шағымдар мен қосымша талаптардың бәрі де қабылданып жатқанын айтты. «Тоғыз адам арыз жазғансыздар. Тізімнен тыс адамдардың да арызын қабылдаймыз. Кіріңіздер, бәрін тыңдаймыз» деді Қайрат Үмбетов.

Министрліктер үйі алдында шенділердің аналармен диалогы болған жоқ. Аналар сұрақ қойғанда Үмбетов «регламент» деумен болды. Мұнысы істерді тергеу Қорғаныс министрлігінің міндетіне жатпайды дегені. Аналардың кейбірі осыдан кейін министрліктер үйіне кірді.

ПОЛИЦИЯ АЛЫП КЕТКЕН

Кешқұрым Орда.кз басылымы Астанадағы наразылықтан кейін аналарды жасырын түрде полиция алып кеткенін жазды. Күні бойы БАҚ өкілдері қасында тұрған соң полицейлер сәт сағатын күтсе керек. Журналистер кеткен соң алты әйелді Байқоңыр аудандық полиция басқармасына әкеткен. Дәлел ретінде басылым әскери колледжде жараланған Ұлан Мұсаевтың анасы Гүлмира Мұқажанованың видеосын жариялады.

Полиция мынадай ақпарат таратты:

«10 қарашада Астанада азаматтар Азаматтарды қабылдау орталығының маңында рұқсат етілмеген акция ұйымдастырды. Қатысушыларға бірнеше рет заңнама талаптары түсіндіріліп, прокуратура өкілдері мен полиция қызметкерлері тарапынан бейбіт жиналыстар өткізу тәртібін бұзуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер жасалды. Алайда бұл ескертулерге қатысушылар мән бермеді. Осыған байланысты заңда көзделген шаралар қолданылды. Қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қатысы жоқ, арандатушылық мақсатпен келген бірқатар азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп дүйсенбі күні КазТАГ редакциясының сұрауына Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, «акцияға қатысқан, қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналарына профилактикалық түсіндіру әңгімесі жүргізіліп, оларға заң нормалары түсіндірілген. Кейін олар үйлеріне жіберілген».

Шын мәнінде, аналарды полицияға сүйреп апару үшін көп ақылдың қажеті жоқ. Мемлекеттік органдардың коммуникация жағынан жиі сүрінетін тұсы да – осы. Азаматтық үнді түсініп, бейбіт диалог орнатуға шамасы жетпейтін мемлекеттік аппараттың дәрменсіздігі осындайда көрінеді.

АҚЫРЫ ТОҚАЕВ АРАЛАСТЫ

Осы ақпарат жағдайдан хабардар жұртшылықты алаңдатып қойған. Алайда кешке қарай тағы бір жаңалық шықты. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Берік Асыловқа әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырғанын хабарлады. Бұл жаңалық бір үміт сыйлағанымен, ізінше көкейде еріксіз кезекті сұрақ туындайды: неліктен әр мәселені шешу үшін міндетті түрде Тоқаевтың өзі араласуы керек?

Қорғаныс министрлігі сарбаздардың амандығына жауап бере алмаса, Бас прокуратура әділ тергеу жүргізе алмаса, онда бұл жүйеде жауапкершілік деген ұғым бар ма?Бұл оқиға аналардың жанайқайын ғана емес, шенділердің халықпен байланысындағы дағдарысты тағы ашып көрсетіп берді.

Сообщение Пәрменсіз бәрі – дәрменсіз. Аналардың жанайқайы шенділердің кемшілігін тағы көрсетті появились сначала на Tizgin kz.

Ағасына сүйенген Нұрбол Назарбаев 9 мың га жерді тартып алған – Бапи
Депутат Ермұрат Бапи Ринат Зайыттың ізімен Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевты тексеруді талап етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өткен аптада Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайыт Нұрбол Назарбаевтың активтерін тексеруді талап етіп, депутаттық сауал жолдаған еді. Бапи да оның ізімен өз сөзімен айтқанда “Нұрбол Назарбаевтың қылмысты қиянаттарына қатысты” мәселе көтеріп, оның жазықсыз азаматтарға жасаған зорлықтарын сөз ететінін айтты.

“Нұрбол Назарбаевқа қарсы Мәжіліс тарапынан немесе депутаттар өзара ұйымдастырған ешқандай жоспарлы әрекет жоқ. Бұны тек атышулы әулет өкілдерінің елде 30 жылға жуық жасаған қиянатты қысастығы мен заңсыздықтарынан зардап шекен азаматтарға қатысты әділеттілікті орнатудың ғана әрекеті деп түсіну керек. Тиісті мемлекеттік органдарда осы депутаттық сауалдарда қозғалатын мәселелерге әділеттілікті қалыптастыруға деген ықыласты және табанды ұстаным болуы тиіс деп есептейміз. Егер мүдделі құқық қорғау органдары азаматтар атынан жолданған көз жасқа толы өтініштерді жылы жауып қоятын болса, бұны Президент Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыру бастамасына қарсы жасалған нақақ қастық деп түсіну керек!” – деді ол.

Бапидің айтуынша, Нұрбол Назарбаевтың бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу әрекеттеріне қатысты бұған дейін де бірнеше өтініш келіп түскен. Олардың бірқатарын бұрын да депутат жазбаша түрде Бас прокурордың атына жолданған.

“Еске сала кетейін, әділет іздеген бір емес, екеу емес, бір мыңнан астам адамнан – Алматы облысы, Қарасай ауданы, бұрынғы Каменское мал асылдандыру зауыты жұмысшыларының атынан келіп түскен өтінішті мен үш рет депутаттық сауал ретінде жолдағаным осында отырған әріптестерімнің есінде болар. «Мықтының арты диірмен тартады» дегендей, ағасын арқаланған Нұрбол Назарбаев бүкіл бір кеңшар жұмысшыларының жекешелендіруге берілген 9 мың гектардан астам жер үлесін тартып алғаны жөніндегі менің депутаттық сауалым Бас прокурордың алдында да сөз болған еді. Бірақ одан әділетке лайық нәтиже болмады. Міне, сол «мықты» Нұрбол Назарбаев жасаған зорлықтан араша сұрап, рейдерлік жолмен тартып алынған бизнесін қайтарып беруді өтінген қарағандылық Қуат Ерментаев деген азаматтан тағы да өтініш түсті. Бұл жігіт сол рейдерлік шабуылдан кейін, барлық мүлкінен айырылып, тақырға отырып қалған”, – дейді ол.

Ермұрат Бапи бір қызығы, өтініш берушінің талабы бойынша 2022 жылы Алматы қаласының прокуратурасы мен Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті оның мүлкін, атап айтқанда «PORUS» ЖШС-дегі үлесін рейдерлік басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтады

«Бірақ белгілі себептерге байланысты, мен ол кезде рейдерлік басып алу Нұрбол Назарбаевтың нұсқауы бойынша жасалды деп айта алмадым» дейді менің депутаттық қабылдауымда болған өтініш иесі. Бірақ арада екі жыл өткенде – 2024 жылы Алматы қаласының прокуратурасы қозғалған қылмыстық істі «қылмыс құрамының болмауына байланысты» деген желеумен тоқтатықан. Себебі айтпасада да түсінікті: прокуратура Назарбаевтардың дегенін орындаған. Бұл қылмысты мәселенің егжей-тегжейін тізбектеп, осы залда сөз ету артық болар, менің атыма келіп түскен өтініштің түпнұсқасын (көрсету) сіздің атыңызға жолдаймын, құрметті Бас прокурор мырза! Заңнаманың «жілік майын шағып ішетін» майталман маман – Бас прокурорға менің ақыл үйреткенім де орынсыз болар. Тек қана 2022 жылы Алматы қаласының прокуратурасы мен Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қозғаған қылмысты істі қайтадан көтеріп, зар илеп, жапа шеккен өтініш иесінің аргументтерін құлаққа ілсеңіздер жеткілікті деп ойлаймын”, – дейді Бапи.

Депутат қайтадан көтерілген сол істің заңды нәтижесі жөнінде өзін ғана емес, бұрынғы биліктің Нұрбол Назарбаев сияқты қиянатшыларынан зардап шеккен қоғамды да хабардар етсеңіз деп бас прокурордан сұрайды.

Сообщение Ағасына сүйенген Нұрбол Назарбаев 9 мың га жерді тартып алған – Бапи появились сначала на Tizgin kz.

«Өзімізді мемлекетке керексіз адам сезінеміз»: Астанада салымшылар Тоқаевқа үндеу жолдады
Астана қаласында ондаған аса азамат салымшы ретінде үй аламыз деп компанияның шотына ақша салып, алданып қалғанын айтады. Олар жиналып, үндеуін Президенттің, бас прокурор мен Астана әкімінің атына жолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

САЛЫМШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

Астана тұрғындары «InterStoryAstana» ЖШС-нің үлескерлері. Олар бұған дейін бірнеше мемлекеттік органға шағым жазып, пайда болмаған соң ақыры Президентке жүгінуге мәжбүр болған.

“Аталған серіктестік үлескерлердің қаражатына көппәтерлі тұрғын үй кешенін салып береміз деп уәде беріп, халықтан ақша жинай бастаған. Алайда кейінірек жергілікті атқарушы органдардың, соның ішінде Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдерімен кездесу барысында үй салушының тұрғын үй кешенін салуға арналған тиісті жер телімі жоқ екенін білдік. Яғни, үй салушы қаражат тартуға ғана емес, заңға сәйкес әкімдіктің рұқсатынсыз немесе бірыңғай оператордың кепілдігінсіз тұрғын үйді жарнамалауға да құқығы болмаған”, – дейді олар.

Уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай бақылау мен қадағалау болмаған соң «InterStoryAstana» ЖШС жүздеген азаматтан ақша жинаған.

“Қазір сол азаматтар уәде етілген баспанасыз қалды. Бұдан бөлек, 2025 жылы 29 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтерін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң күшіне енді. Бұл заң біздің онсыз да ауыр жағдайымызды одан әрі күрделендіріп жіберді. Біз үлестік құрылыс саласында дағдарыс бар екенін, үлескерлер мәселесі бірнеше жыл бұрын шешілуі тиіс болса да, бүгінде тіпті тереңдеп кеткенін түсінеміз. Ресми мәліметтерге сәйкес, тек Астана қаласының өзінде 51 проблемалық нысан бар, онда пәтерлер заңсыз сатылып, құрылыс жарты жолда тоқтап қалған. Алайда бұл бізге жеңілдік бермейді. Көптеген салымшылар қазіргі кезде жалдамалы пәтерде тұрады, үлкен қаржылық қиындыққа тап болған. Арамызда кішкентай балаларын асырап отырғандар бар. Үлескерлердің арасында алтын және күміс алқа иегерлері, көпбалалы аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар да бар”, – дейді олар.

Салымшылар “өзімізді мемлекетке қажетсіз, тастанды азаматтар сияқты сезінеміз” дейді. Ал үй салушыға төніп тұрғаны – бар болғаны екі мың АЕК көлеміндегі ең төменгі айыппұл ғана.

“Біз не істеуіміз керек? Біз баспананы қалай аламыз? Егер жиналған қаражат әлі де жұмсалмаған болса да, оны қайтарып алу – үлкен мәселе. Шарықтаған инфляцияны ескерсек, ақша қайтарылған күннің өзінде оған үй сатып алу мүмкін емес.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, сізге үлкен үміт арта отырып, құрметті Президент, уәкілетті органдарға нақты тапсырма беруді сұраймыз. Жауапты тұлғалардың қызметіне толық тексеру жүргізуді, жоба аясында жер телімін бөлу мәселесін шешуді, біздің тұрғын үй кешеніміздің құрылысын аяқтау және пәтерлерді үлескерлерге тапсыру үшін оны Бірыңғай оператордың балансына беруді өтінеміз”, – дейді салымшылар.

80 салымшы Президентке жазған хатқа қол қойып, е-өтініш платформасы арқылы жолдаған

МЕМОРГАНДАР РЕАКЦИЯСЫ

Tizgin.kz порталы InterStoryAstana» компаниясының Инстаграм-парақшасында көрсетілген ұялы телефон нөміріне хабарласқан. Алайда ол нөмір өшіп жатты. Салымшылардың полицияға жазған арызы бойынша Ішкі істер министрлігі жауап беруге уәде етті. Ал Астана әкімдігі ресми сауал жолдауды сұрады.

Жалпы, Астанада құрылыс компанияларына ақша аударып, уәде етілген үйді ала алмай жүрген салымшылар баршылық. Мәселе өзекті болғаннан кейін Астана әкімдігі 2023 жылға дейін жауапсыз компаниялардың қара тізімін жариялап келген. Ал жаңа заңға сәйкес, құрылыс жүргізетін компаниялар үлескерлерден ақша жинауға құқылы емес.

Сообщение «Өзімізді мемлекетке керексіз адам сезінеміз»: Астанада салымшылар Тоқаевқа үндеу жолдады появились сначала на Tizgin kz.