Архивы бақылау - Tizgin kz

Қазақстанда көпқабатты үйлерге қатысты ереже өзгереді: 10 қарашадан бастап не жаңарады
Қазақстанда 10 қарашадан бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа талаптарға сәйкес, тұрғын үйлер мен оларды басқарушы ұйымдар туралы мәліметтерді қалыптастыру және жаңарту кезінде азаматтардың жеке деректерін қорғау талаптары ескерілуі тиіс, деп хабарлайды Tizgin.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұйрығына сілтеме жасап.

Тиісті өзгерістер Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы №536 бұйрығымен бекітілді. Құжат 2025 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқару нысандары, басқару субъектілері және үйді басқарушылар туралы тізілімдерді жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізеді.

Тұрғын үйлердің тізілімін жүргізуде не өзгереді

Жаңартылған қағидаларға сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлер мен оларды басқарушы субъектілер туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып қалыптастырылады және өзектендіріледі.

Бұл талап тұрғын үйлер мен оларды басқаруға қатысты ақпаратты тіркеу, сақтау және жаңарту кезінде жеке деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімінің нысаны да жаңартылды. Тиісті өзгеріс қағидалардың бірінші қосымшасына енгізілді.

Айта кетейік, жаңа бұйрық көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді емес, тізілімдерді жүргізу тәртібінің жекелеген талаптарын нақтылауды көздейді.

Тұрғын үйлер туралы мәліметтер қандай негізде жаңартылады

Бекітілген қағидаларға сәйкес, тұрғын үйлер мен оларды басқарушы ұйымдар туралы мәліметтерді қалыптастыру және жаңарту үшін бұрыннан қолданылып келген бес негіз сақталады.

Атап айтқанда:

Азаматтардың өтініштері. Тұрғындардан келіп түскен өтініштер тізілімдегі ақпаратты нақтылауға негіз бола алады.

Тұрғын үй инспекциясының тексеру нәтижелері. Мемлекеттік бақылау барысында анықталған мәліметтер ескеріледі.

Мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау. Пайдаланылып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерді техникалық зерттеу нәтижелері пайдаланылады.

Тұрғын үй қорын түгендеу. Тұрғын үй қорын түгендеу және қолданыстағы көппәтерлі үйлерді есепке алу барысында жиналған ақпарат негізге алынады.

Басқару субъектілері ұсынатын мәліметтер. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 51-4-бабы 4-тармағына сәйкес жолдаған ақпарат ескеріледі.

Осылайша, тізілімдегі деректерді жаңартудың қолданыстағы негіздері өзгеріссіз қалады. Негізгі жаңалық – мәліметтермен жұмыс істеу кезінде дербес деректерді қорғау талаптарының нақты көрсетілуі және тізілім нысанының жаңартылуы.

Жаңа ережелер қашан күшіне енеді

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы №536 бұйрығы 10 қарашадан бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімдерін жүргізу кезінде жаңартылған талаптар қолданылатын болады.

Құжатта тұрғындардың коммуналдық төлемдерін өзгерту, пәтер иелеріне қосымша төлем енгізу немесе көппәтерлі үйді басқару нысанын міндетті түрде ауыстыру туралы талаптар қарастырылмаған. Өзгерістер негізінен тұрғын үйлер мен оларды басқарушы субъектілер туралы ақпаратты есепке алу, жаңарту және дербес деректерді қорғау тәртібіне қатысты.

Сообщение Қазақстанда көпқабатты үйлерге қатысты ереже өзгереді: 10 қарашадан бастап не жаңарады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдық бақыланады
2026 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстанда көліктердің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі кеңейтілді. Енді республикалық маңызы бар тағы төрт ақылы автожолда жылдамдықты асыру деректері автоматты түрде тіркеледі. Осылайша, бақылау жүйесі жұмыс істейтін учаскелер саны 11-ден 15-ке жетті. Бұл туралы Tizgin.kz порталы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Орташа жылдамдық қай жолдарда бақыланады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 13 қазаннан бастап орташа жылдамдықты бақылау жүйесі республикалық маңызы бар төрт ақылы автожолда іске қосылды.

Атап айтқанда, жаңа бақылау жүйесі мына бағыттарды қамтиды:

Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Самара бағыты);

Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор бағыты);

Қостанай – Денисовка;

Қандыағаш – Мақат.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, аталған учаскелерде бақылау аркаларының арасындағы қашықтықты өлшеу жұмыстары толық аяқталған. Сондай-ақ жылдамдықты тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер сертификаттаудан өткен.

Жаңа жүйе жүргізушілердің белгіленген жылдамдықты сақтауын бақылауға және жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтауға арналған. Тіркелген құқықбұзушылықтар туралы мәліметтер Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессинг орталығына жіберіледі.

Камера алдында жылдамдықты азайту көмектеспейді

Орташа жылдамдықты бақылау жүйесінің басты ерекшелігі – көліктің тек камера тұсындағы жылдамдығын емес, белгілі бір жол аралығын қанша уақытта жүріп өткенін есептеуі. Жол бойына орнатылған арнайы камералар көлік құралының бақылау аркаларынан өткен уақытын тіркейді. Кейін жүйе екі нүктенің арасындағы қашықтық пен жүріп өткен уақыт негізінде автомобильдің орташа жылдамдығын анықтайды.

Егер есептелген көрсеткіш сол учаскеде рұқсат етілген жылдамдықтан жоғары болса, құқықбұзушылық тіркеледі. Демек, жүргізушінің камераға жақындағанда ғана жылдамдықты азайтуы айыппұлдан құтылуға кепілдік бермейді. Өйткені жүйе бүкіл бақыланатын аралықтағы орташа жылдамдықты есепке алады.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы мұндай бақылаудың негізгі мақсаты жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Қазақстанда жылдамдықты асырудың 713 мыңнан астам дерегі тіркелген

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері республикалық маңызы бар автожолдарда жылдамдық режимін бұзуға қатысты 713 мыңнан астам дерек тіркелген.

Оның ішінде:

550 мың дерек – белгіленген орташа жылдамдықты асыру;

163,5 мың дерек – көліктің жылдамдығын белгілі бір нүктеде өлшеу кезінде анықталған құқықбұзушылықтар.

Айта кетейік, Қазақстанда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі 2025 жылғы 17 наурыздан бері жұмыс істейді.

Бұған дейін жүйе жалпы ұзындығы шамамен 3 мың шақырым болатын 11 ақылы жол учаскесін қамтыған.

Олар:

Астана – Щучинск;

Астана – Павлодар;

Астана – Теміртау;

Шымкент – Қызылорда;

Шымкент – Тараз;

Павлодар – Семей – Қалбатау;

Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Саратов бағыты);

Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбы бағыты);

Алматы – Қорғас;

Көкшетау – Петропавл;

Ақтөбе – Қандыағаш.

13 қазаннан бастап бұл тізімге тағы төрт бағыт қосылды. Нәтижесінде Қазақстандағы орташа жылдамдықты автоматты түрде бақылау жүйесі қамтитын ақылы автожол учаскелерінің саны 15-ке жетті.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді белгіленген жылдамдық шектеулерін сақтауға және жолда қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.

Сообщение Қазақстанда тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдық бақыланады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда радиация қалай бақыланып, АЭС алаңы қалай қадағаланады
2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда радиациялық бақылау деңгейлерінің асып кетуі тіркелмеген. Гамма-сәулелену дозасының орташа қуаты сағатына 0,13 микрозиверт болып, бақылау деңгейінен шамамен 4,4 есе төмен көрсеткішті құраған. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Энергетика тобының жетекші инженері Мәди Азбергенов осы жөнінде пікірін бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Маманның айтуынша, әлеуметтік желілерде радиация туралы ақпарат көбіне өлшем бірлігі, өлшеу жүргізілген жағдай мен түсіндірме көрсетілмей таралады. Ал нақты қорытынды жасау үшін бір ғана сан жеткіліксіз: оның қай жерде, қандай құралмен және қандай жағдайда алынғанын білу қажет.

Қазақстандағы радиациялық фон қалай бақыланады

Табиғи радиациялық фон барлық жерде бар. Оны ғарыштық сәулелену, сондай-ақ топырақта, суда, ауада және тау жыныстарында кездесетін табиғи радионуклидтер қалыптастырады. Оның деңгейі жердің геологиялық ерекшелігіне, теңіз деңгейінен биіктігіне, ауа райы мен жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан дозиметрдің белгілі бір көрсеткішті тіркеуі өздігінен қауіп бар дегенді білдірмейді. Алынған нәтижені сол аумақтың табиғи радиациялық фонымен және қолданыстағы нормативтермен салыстыру керек.

Мәди Азбергенов келтірген «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында гамма-фон күн сайын 89 метеорологиялық станцияда және 9 автоматты бақылау бекетінде өлшенген. Бұған қоса, елдің 17 облысындағы 43 станцияда радиоактивті түсімдерге бақылау жүргізілген.

Осы кезеңде гамма-сәулелену дозасының орташа қуаты сағатына 0,13 микрозивертті құраған. Ал бақылау деңгейі — сағатына 0,57 микрозиверт. Яғни орташа көрсеткіш одан шамамен 4,4 есе төмен болған.

Мемлекеттік мониторинг гамма-фонды өлшеумен шектелмейді. Атмосфералық жауын-шашындағы радиоактивті заттардың мөлшері де бақыланады. Мамандар әр бекеттен алынған деректерді салыстырып, көрсеткіштердің уақыт бойынша өзгерісін, ауа райы мен маусымдық факторлардың ықпалын ескереді. Қажет болса, қоршаған ортадан алынған сынамалар зертханада зерттеледі. Мұндай бақылау радиациялық жағдайдағы нақты өзгерісті табиғи ауытқудан немесе өлшеу ерекшелігінен ажыратуға мүмкіндік береді.

Бір өлшем неге жеткіліксіз және АЭС алаңы қалай бақыланады

Сарапшының түсіндіруінше, тұрмыстық дозиметрмен бір рет өлшеу жүргізіп, радиациялық қауіп туралы түпкілікті қорытынды жасауға болмайды. Объективті бағалау үшін тексеруден өткен өлшеу құралдары қолданылып, өлшеу аттестатталған әдістемелер бойынша жүргізілуі қажет. Бұл ретте өлшеудің орны, уақыты мен жағдайы, сондай-ақ аумақтың табиғи радиациялық фоны ескеріледі. Күмән туғызған көрсеткіш қайта өлшеніп, қажет болған жағдайда зертханалық зерттеумен тексеріледі.

Азбергенов жалпымемлекеттік мониторинг пен атом электр станциясы орналасатын аумақтағы радиациялық бақылаудың айырмасы бар екенін атап өтті. АЭС алаңы үшін жеке бақылау бағдарламасы әзірленеді. Онда бақылау бекеттері жиірек орналастырылып, өлшенетін көрсеткіштер тізімі кеңейтіледі.

Маманның пікірінше, өлшеу жүргізумен қатар оның нәтижесін қоғамға түсінікті жеткізу де маңызды. Деректер өлшем бірліктерімен, нормативтермен және көрсеткіштердің өзгерісін түсіндіретін ақпаратпен бірге жариялануы керек. Қазіргі атом электр станцияларында радиациялық жағдай автоматтандырылған жүйелер арқылы үздіксіз бақыланады. Сарапшының айтуынша, көптеген елде мұндай деректер нақты уақытқа жақын режимде ашық жарияланады. Бұл жұртшылыққа жағдайды бақылауға және радиациялық қауіпсіздік туралы ақпаратты нақты деректер негізінде бағалауға мүмкіндік береді.

Сообщение Қазақстанда радиация қалай бақыланып, АЭС алаңы қалай қадағаланады появились сначала на Tizgin kz.

144 млрд теңгенің ісі. Жомарт Ертаев қандай шарттармен босады
ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитеті Tizgin.kz порталына берген жауабында экс-банкир Жомарт Ертаев қандай шарттармен босатылғанын хабарлады.

Алты жыл бақылауда болады

Комитеттің мәліметінше, сотталған Жомарт Ертаев сот тағайындаған жазаны толық өтегеніне байланысты бостандыққа шығарылған.

“Сонымен қатар заңнама талаптарына сәйкес, оған алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленеді. Әкімшілік қадағалау — бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның жүріс-тұрысына ішкі істер органдары тарапынан заңда белгіленген тәртіппен бақылау жүргізу”, – делінген жауапта.

Жомарт Ертаев не үшін сотталды

2020 жылы 16 қарашада сот Жомарт Ертаевты Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы банк қызметімен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы іс бойынша кәсіпкер Бақыт Ибрагим де мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға сотталды.

2021 жылы 14 мамырда Ертаевтың, Ибрагимнің және іс бойынша бірқатар өзге сотталған адамның жазасы жеңілдетілді. Дегенмен Ертаев пен Ибрагим қамауда қалды.

2022 жылғы 17 маусымда Ертаевтың тағы бір қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат жарияланған еді.

Сообщение 144 млрд теңгенің ісі. Жомарт Ертаев қандай шарттармен босады появились сначала на Tizgin kz.

Мектепке диктант пен бақылау жұмысы қайтарылады
Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде қазақ тілінен диктант, мазмұндама, шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарға басымдық беріледі. Математика пәнінен бақылау жұмыстары қайта енгізіліп, оқушылардың дәптерде орындаған тапсырмалары бағаланады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әр жазба жұмысына нақты бағалау өлшемі әзірленеді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, оқушылар тапсырмаларды дайын парақтарға ғана орындамай, дәптерге өз қолымен жазатын болады. Мұғалім баланың дәптерде орындаған жұмысын тексеріп, оған белгіленген талаптарға сәйкес баға қояды.

«Қазақ тілінен диктант, мазмұндама, шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарды қайта енгізіп жатырмыз. Бұдан бөлек, математикадан бақылау жұмыстары болады. Енді оқушының дәптерде орындаған жұмысына жеке баға қойылады. Бала тапсырманы дәптерге жазады, ал мұғалім сол жұмысты тексереді», – деді министр.

Оның сөзінше, әр тапсырманы бағалаудың нақты әрі баршаға түсінікті өлшемдері белгіленеді. Мәселен, диктант пен мазмұндамаға баға қою кезінде мұғалім қандай талаптарды басшылыққа алатыны алдын ала айқындалады.

«Диктантты немесе мазмұндаманы қалай бағалау керектігіне қатысты критерийлер нақты белгіленеді. Яғни әр тапсырманың өзіндік бағалау өлшемі болады», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Диктант – мұғалім оқыған мәтінді оқушының тыңдап, қатесіз жазуына арналған жұмыс. Ол баланың сауатты жазуын, емле мен тыныс белгілерін дұрыс қолдануын тексереді.

Мазмұндама – оқылған немесе тыңдалған мәтіннің мазмұнын оқушының өз сөзімен жазбаша жеткізуі. Мұнда мәтінді түсіну, негізгі ойды сақтау, оқиғаны ретімен баяндау және сөйлемдерді байланыстыра білу қабілеті бағаланады.

Шығарма – белгілі бір тақырып бойынша оқушының өз ойын дербес әрі жүйелі түрде жазуы. Бұл жұмыс баланың сөздік қорын, шығармашылық ойлауын, мәтін құрастыру және пікірін дәлелдеу дағдыларын көрсетеді.

Математикадан бақылау жұмысы – оқушының өткен тақырыптарды қаншалықты меңгергенін анықтайтын жазбаша тексеру. Бағалау кезінде есептің дұрыс жауабы ғана емес, оны шығару жолы мен амалдарды дұрыс қолдануы да ескеріледі.

Ал дәптердегі жұмысты бағалау оқушының тапсырманы өз бетінше орындауын, жазу сауаттылығын және оқу материалын меңгеру деңгейін бақылауға мүмкіндік береді. Баға мұғалімнің жеке көзқарасына емес, алдын ала белгіленген ортақ талаптарға сүйеніп қойылуға тиіс.

Сообщение Мектепке диктант пен бақылау жұмысы қайтарылады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда МӘМС қаражатын негізсіз төлемдерден қорғаудың жаңа жүйесі құрылып жатыр
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын қорғау жүйесін дәйекті түрде күшейтіп, цифрлық қадағалауға, тәуекелге бағдарланған басқаруға және медициналық ұйымдарға қаражат аударылғанға дейін негізсіз төлемдердің алдын алуға негізделген қаржылық бақылаудың жаңа моделіне көшіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл жұмыс Қордың 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыратын және Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшіру шараларының негізгі бағыттарының бірі.

Бақылау қалай күшейеді

Құқық қорғау органдары тергеп жатқан қазіргі эпизодтар жүйенің бұрынғы жұмыс кезеңдеріне (2024-2025 жж.) қатысты. Материалдардың едәуір бөлігін Қордың өзі бақылау іс-шаралары барысында анықтап, процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолдаған.

Бұзушылықтар іс жүзінде көрсетілмеген медициналық көмекті көрсету, қызмет көлемдерін қосып жазу, азаматтарды жалған бекіту, пациенттердің дербес деректерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ МӘМС қаражатын заңсыз алудың басқа да схемаларымен байланысты.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қор жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрайтын бұзушылықтар жөніндегі 72 материалды құқық қорғау органдарына жолдады. Оларды қарау нәтижесінде 27 қылмыстық іс тіркеліп, олар бойынша келтірілген залалдың белгіленген мөлшері 3,7 млрд теңгені құрады.

Салыстыру үшін, 2025 жылдың толық кезеңінде 630 млн теңге сомасына 73 материал жолданып, олар бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген.

Бұл ретте анықталған бұзушылықтар көлемінің артуы теріс пайдалану фактілерінің көбейгенін емес, Қордың бақылау функциясының сапалы күшейгенін, талдамалық құралдардың жетілдірілгенін және әрбір анықталған фактіні құқықтық баға беруге дейін жеткізу жұмысының күшейгенін көрсетеді.

Қордың ұстанымы қағидатты әрі өзгеріссіз: МӘМС қаражатын заңсыз пайдаланудың әрбір расталған фактіге объективті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуға, ал мемлекетке келтірілген залал өтелуге тиіс.

Алдын алу жұмыстары қалай жүргізіледі

Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды күшейтумен қатар, Қор қаржылық бақылау жұмыстарына өзгеріс енгізуде.

Егер бұрын бұзушылықтарды анықтау кезіндегі негізгі жұмыс қаражат аударылғаннан кейін орындалса, жаңа модель алдын алу шараларын медициналық ұйымға төлем жүргізгенге дейін орындауды көздейді.

Қордың даму стратегиясын іске асыру шеңберінде Qalqan IT-платформасын, автоматтандырылған антифрод жүйесін және деректерді талдаудың тәуекелге бағдарланған алгоритмдерін қамтитын қаржылық бақылаудың бірыңғай цифрлық экожүйесі енгізілуде.

Жаңа цифрлық құралдар нақты уақыт режимінде медициналық көмектің қалыптан тыс көлемдерін, жаппай негізсіз жазбаларды, медициналық қызмет жеткізушілердің жалған қызмет белгілерін, көрсетілген қызметтер көлемін жасанды түрде ұлғайтуды және басқа да тәуекел сценарийлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Пациент бақылаудың толыққанды қатысушысына айналады

Жаңа модельдің маңызды элементі қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту болмақ. Әрбір азамат өзінің атына тіркелген медициналық қызметтерді жедел тексеріп, іс жүзінде мұндай көмек көрсетілмеген жағдайлар туралы хабарлай алады.

Мұндай өтініштер тексерулер жүргізуге арналған тәуекел индикаторларының қосымша көзі ретінде пайдаланылды.

МӘМС қаражатын қорғаудың жаңа моделі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Гүлмира Сәбденбек бақылауды күшейту бір реттік науқан емес, денсаулық сақтаудағы қаржылық басқарудың жүйелі реформасы екенін атап өтті.

«Қор бақылау тәсілін түбегейлі өзгертуге бет бұрды. Яғни, бұзушылықтарды кейін анықтаудың орнына оларды алдын алу шараларын қолға аламыз. Біздің мақсатымыз медициналық ұйымдарға қаражат аударылғанға дейін негізсіз төлемдердің жасалуына жол бермеу. Бұл әрбір теңгенің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етіп, азаматтардың МӘМС жүйесіне сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Гүлмира Сәбденбек.

Бүгінгі күні 5,5 млн астам қазақстандық МӘМС жарнасын төлеп,  аударым жасайды. Жаңа бақылау жүйесі олардың әрқайсысына МӘМС қаражаты тек нақты көрсетілген медициналық көмекке жұмсалып, мақсатты бағытта пайдаланғанына қатаң бақылау жасалғанына сенімді болуға мүмкіндік береді.

Сообщение Қазақстанда МӘМС қаражатын негізсіз төлемдерден қорғаудың жаңа жүйесі құрылып жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев бюджет қаржысы ұрланған істердің тергелуін өз бақылауында ұстайтынын мәлімдеді
Президент бюджет қаржысы жымқырылып жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе барын, аталған жүйелерді бір-біріне толыққанды байланыстыруды бұған дейін қанша талап етсек те, сол күйі жасалмады деп мәлімдеді. Бюджет қаржысын жымқырудың басты себептерінің бірі – осы деп атады.

«Салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады. Оның үстіне бұл әлеуметтік салада орын алып жатыр. Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдар қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан, істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауға міндетті. Тергеу процесін өз бақылауымда ұстаймын», – деді Президент.

Тоқаев сонымен қатар үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысын аяқтауды тапсырды. Бұл барлық үдеріске бақылау жасап, басынан аяғына дейін қадағалап отыратын жүйе болуға тиіс.

Сообщение Тоқаев бюджет қаржысы ұрланған істердің тергелуін өз бақылауында ұстайтынын мәлімдеді появились сначала на Tizgin kz.