Архивы акция - Tizgin kz

«Көршіден айқай естісеңіз – үнсіз қалмаңыз»: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз» республикалық акциясының қорытындысы жарияланды. Екі күн ішінде полицияға 423 өтініш түсіп, оның 70-і шұғыл әрекет етуді қажет еткен. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды зорлық-зомбылық белгілеріне бейжай қарамауға шақырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Екі күнде полиция 1133 рет мекенжайларға барған

Ішкі істер министрлігі 12 қарашада 5–6 қараша күндері өткен «Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз» акциясының нәтижесін жариялады. Акция барысында полиция қызметкерлері Threads әлеуметтік желісі және басқа да байланыс арналары арқылы тұрғындардың сұрақтарына тікелей жауап беріп, көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштерін қабылдаған. Бастамаға құқық қорғау органдарымен қатар, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысқан.

ІІМ ұсынған мәліметке сәйкес, екі күн ішінде:

Полицияға 423 өтініш түскен;

70 өтініш бойынша шұғыл әрекет ету қажет болған;

Азаматтарға 627 түрлі көмек көрсетілген;

Полиция қызметкерлерінің мекенжайларға 1133 рет баруы ұйымдастырылған.

Ведомствоның хабарлауынша, тұрғындар әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты көмек сұраған. Әр өтініш қаралып, қажетті түсініктемелер берілген. Ал жедел әрекет етуді қажет еткен жағдайларда тиісті қызметтер тартылып, нақты шаралар қабылданған. Министрлік әлеуметтік желілер азаматтарға кеңес беретін алаң ғана емес, көмекке мұқтаж адамдарды анықтап, оларға жедел қолдау көрсетудің тиімді құралына айналып келе жатқанын атап өтті.

«Көршіңізден айқай естісеңіз – үнсіз қалмаңыз»

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Ақмарал Серікбаева отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тек полицияның міндеті емес екенін айтты. Оның сөзінше, айналасында болып жатқан жағдайларға бейжай қарамайтын азаматтардың көмегі көптеген құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Қабырғаның ар жағынан айқай естісеңіз, көрші отбасыдағы қиындықтарды білсеңіз немесе біреудің көмекке мұқтаж екенін байқасаңыз, бейжай қалмаңыз. Мұндай жағдайлар туралы хабарлаудан қорықпаңыз», – деді ол.

Министрлік өкілі қандай да бір жағдайдың құқықбұзушылық екеніне сенімді болмаса да, полицияға хабарласуға болатынын түсіндірді. Мамандар келіп түскен ақпаратты тексеріп, қажет болған жағдайда қандай әрекет жасау керегін анықтауға көмектеседі. Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, өткен акция азаматтардың полициямен ашық байланыс орнатуға мүдделі екенін көрсетті.

«Біздің міндетіміз – адамды тыңдап, оған көмектесу»

Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған адамдарды ғана емес, мұндай жағдайға куә болған азаматтарды да құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілер арқылы түскен өтініштер құқықтық кеңес берумен шектелмей, нақты көмек көрсетуге және тиісті мемлекеттік қызметтерді жұмылдыруға мүмкіндік берген.

«Біздің міндетіміз – хабарламаны қабылдап қана қою емес, адамды тыңдап, оған көмектесу. Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз», – деп атап өтті Ақмарал Серікбаева.

Еске салайық, «Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз» акциясы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, көмек сұрауға қорқатын немесе мұндай жағдайларға куә болған азаматтарды қолдауға бағытталған. Акция аясында тұрғындар ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Threads желісіндегі ресми парақшасы арқылы мамандарға сұрақ қойып, құқықтық кеңес ала алды.

Министрлік отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларын жасырмай, дер кезінде хабарлаудың маңызын еске салды. Қауіп төнген жағдайда азаматтар полицияның 102 нөміріне немесе 112 бірыңғай шұғыл қызметіне хабарласа алады.

Сообщение «Көршіден айқай естісеңіз – үнсіз қалмаңыз»: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан NCOC-тың 2,356 трлн теңгелік айыппұлын Exxon мен Shell акцияларына айырбастауы керек – сарапшы
Қазақстанның Каспийдегі Қашаған кен орнын игеретін North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына салынған 2,356 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды қолма-қол өндіріп алудың орнына, оны халықаралық мұнай-газ компанияларының акцияларына айырбастау қажет деп есептейді «Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесінің мүшесі Олжас Байділдинов. Бұл туралы сарапшы телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Айыппұлды акция түрінде алған тиімдірек»

Сарапшының пікірінше, мұнай өндіруші елдер сыртқы қауіп-қатерден айтарлықтай шығынға ұшырағанымен, халықаралық мұнай компаниялары мұндай тәуекелдерді өздерінің әртараптандырылған жобалары арқылы оңай өтейді.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Парсы шығанағы елдерінен мұнай жеткізілімі қысқарғаннан кейін әлемдік мұнай бағасы өсті. Соның нәтижесінде ірі мұнай компанияларының акциялары да қымбаттап, олардың капитализациясы артқан.

«Мен Қазақстанда жұмыс істейтін мұнай компанияларының акцияларын үнемі бақылап отырамын. КҚК-ға жасалған шабуылдар, танкерлердің атқылануы немесе Қашағандағы 4,6 млрд долларлық экологиялық айыппұл сияқты оқиғалар олардың акция бағасына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Заңдық әрі корпоративтік тұрғыдан мұндай шешімді жүзеге асыру оңай емес. Дегенмен ұзақ мерзімді перспективада экологиялық айыппұлды ақша күйінде емес, осы компаниялардың акциялары түрінде алған дұрыс болар еді. Алынған активтердің негізгі бөлігін Ұлттық қорда сақтауға болады», – деп жазды Байділдинов.

Мұнай алпауыттарының акциялары қалай қымбаттады

Сарапшы келтірген мәліметке сәйкес, соңғы бір жылда Қазақстандағы ірі жобаларға қатысатын компаниялардың акциялары айтарлықтай өскен:

ExxonMobil – соңғы бір айда 15%-ға, бір жылда 42%-ға өскен;

Chevron – бір айда 14%-ға, бір жылда 26%-ға;

ENI – бір айда 12%-ға, бір жылда 57%-ға;

Shell – бір айда 2%-ға, бір жылда 26%-ға;

TotalEnergies – бір айда 10%-ға, бір жылда 48%-ға қымбаттаған.

Байдильдиновтың айтуынша, Қара теңіздегі ұшқышсыз ұшу аппараттары мен теңіз дрондарының шабуылынан Қазақстан экспорттық табысынан айырылып жатқанымен, халықаралық корпорациялар бұл шығынды басқа елдердегі өндіріс көлемі мен мұнай бағасының өсуі есебінен өтеп отыр.

«Біз КТК-ға жасалған шабуылдар салдарынан валюта түсімі мен салықтан қағылып жатырмыз. Ал шетелдік мұнай компаниялары халықаралық жобаларының арқасында мұндай тәуекелдерді оңай еңсереді. Сондықтан, кем дегенде, Ұлттық қордың инвестициялық стратегиясы арқылы бұл шығындардың орнын толтыруға болатын еді», – дейді ол.

Қашағандағы экологиялық айыппұл дауы қалай басталды

Даудың негізі 2022 жылы жүргізілген экологиялық тексерудің қорытындысына байланысты қалыптасты. Атырау облыстық экология департаменті Қашаған кен орнында рұқсат етілген 773 мың тоннаның орнына 1,7 млн тонна күкірттің артық сақталғанын анықтап, сотқа талап-арыз берген.

2026 жылдың наурыз айында Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов бірінші сатыдағы сот Қазақстанның пайдасына шешім шығарғанын, ал NCOC акционерлері бұл шешімге апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді. Сонымен қатар консорциум құрамындағы компаниялар Қазақстанның Франция және Нидерландпен жасалған инвестициялық келісімдері аясында халықаралық арбитражға жүгінді.

Маусым айында Экология вице-министрі Жомарт Әлиев Жоғарғы соттағы іс аяқталуға жақын екенін айтып, мемлекет жақын арада NCOC-тан 2,356 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды өндіріп алуы мүмкін екенін хабарлады.

Шілде айында Даниэль Ваисов консорциумға айыппұлды 20 шілдеге дейін төлеу талабы қойылғанын, әйтпесе мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылатынын мәлімдеген болатын. Кейін NCOC БҰҰ жанындағы UNCITRAL арбитражы Қазақстанның айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу мүмкіндігін уақытша шектегенін хабарлады.

Одан кейін Reuters агенттігі Қазақстан NCOC-тың мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салғанын жазды.

Айта кетейік, Қашаған кен орны North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы арқылы игеріліп жатыр. Оның акционерлері қатарында «ҚазМұнайГаз», Shell, TotalEnergies, ENI, ExxonMobil, CNPC және Inpex бар. Консорциум жобаға шамамен 60 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

Сообщение Қазақстан NCOC-тың 2,356 трлн теңгелік айыппұлын Exxon мен Shell акцияларына айырбастауы керек – сарапшы появились сначала на Tizgin kz.

Таза Қазақстан: Оралда 1 мың түп ағаш көшеті егілді
Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, қоғам белсенділері, ардагерлер мен жастар атсалысты, деп жазады БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиналғандар алдымен Шаған өзенінің жағалауын тазалап, абаттандырды. 500-ден астам адам қатысқан акцияда қарағай, үйіңкі, сүмбіл терек, шаған ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Аймақ басшысы Президент тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өңірде кең көлемде жүзеге асырылып жатқанын айтып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялаудың мемлекеттік маңызына тоқталды.

“2024 жылдың сәуір айынан бері сенбіліктерге 500 мыңға жуық батысқазақстандық қатысты, 221 мың гектар аумақ тазартылды, 172 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды, 313 085 түп ағаш егілді. Ауқымды көгалдандыру аясында кейінгі 5 жылда облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағында 41 млн дана ағаш, ал елді мекендерде 727 мың дана ағаш отырғызылды. Табиғатты қорғау – құр сөз емес, ол баршамыздың ортақ борышымыз. Халықтың өмір сапасын жақсарту мен айналаны көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады, -деді Нариман Төреғалиев.

Акция өңір аудандарында да ұйымдастырылды. 120 мың адам белгіленген аумақтарды көң-қоқыстан арылтып, тал-теректер отырғызды.

«Таза Қазақстан» – ел аумағында қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықты табиғатты аялауға жұмылдыруға бағытталған республикалық ауқымды акция. Бұл бастама аясында өңірлерде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, саябақтар, өзен-көл жағалаулары тазаланады. Акцияға мемлекеттік мекемелер, еріктілер, жастар ұйымдары және қарапайым тұрғындар белсенді қатысады.

Негізгі мақсат – қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық сана қалыптастыру. Сонымен қатар, акция арқылы қалдықтарды сұрыптау мәдениетін дамыту және қоршаған ортаны ластау мәселесіне назар аударту көзделген.

«Таза Қазақстан» тек бір реттік шара емес, ол тұрақты экологиялық әдеттерді қалыптастыруға бағытталған ұзақмерзімді бастама ретінде қарастырылады. Осы арқылы тұрғындар өз ауласынан бастап, тұтас елдің тазалығына үлес қосуға шақырылады. Мамандардың айтуынша, мұндай акциялар табиғатты сақтауға ғана емес, қоғамның бірлігін нығайтуға да ықпал етеді.

Сообщение Таза Қазақстан: Оралда 1 мың түп ағаш көшеті егілді появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан әлемдік «Жер сағаты» акциясына қосылады
28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бірі — «Жер сағаты» акциясы өтеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әлемдік акцияға сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сәйкес, «Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді.

Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы – планетадағы ең жаппай экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет, Қазақстанда 17-ші рет өтеді.

Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын елдегі акциялар кезінде символдық объектілерді жарықтандыруды өшіреді.

Олардың ішінде:

• «Байтерек» монументі

• «Астана Опера»

• Әзірет Сұлтан мешіті

• Тәуелсіздік Сарайы

• «Астана Арена» стадионы

• «Алау» мұз айданы

• «Қазақстан» қонақ үйі

• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б.

Науқанды қолдау мүмкіндігінше қарапайым: 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіру керек.

Сообщение Қазақстан әлемдік «Жер сағаты» акциясына қосылады появились сначала на Tizgin kz.

ERG-дің 40% акциясын сатып алуға ниетті Мүтәліп қос басқарушы компанияны тіркеді
Integra Construction KZ компаниясының иесі, ERG-дің 40% акциясын сатып алмақ ойы бар Шахмұрат Мүтәліп Астана халықаралық қаржы орталығында бірден екі басқарушы компанияны тіркеді. Оған ең бірінші «Нацбанка» телеграм-арнасы назар аударған, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Олар: KazZinc Group Ltd және Central Asia Resources Holding Ltd. Қос компанияның да жарғылық капиталы 100 мың долларға тең. Екеуінің де акционері – Шахмұрат Мүтәліп. Компаниялардың қызмет бағыты ретінде мыс өндіру және байыту, қорғасын мен мырыш өндіру және байыту көрсетілген.

2025 жылы кәсіпкер швейцариялық шикізат трейдері Glencore-мен бірлесіп Қазақстандағы ең ірі алтын өндіруші «Қазмырыш»компаниясының 70% үлесін сатып алу жөніндегі келіссөз жүргізіп жатқаны жайлы ақпарат тараған. Бұл туралы желтоқсан айының соңында Bloomberg басылымы жазған болатын.

«Қазмырыштың» негізгі қожайыны – швейцариялық Glencore International корпорациясы. Ол компания акцияларының шамамен 70%-ына ие. Ал «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының үлесі – шамамен 30%.

ERG-ДІҢ 40 ПАЙЫЗ ҮЛЕСІ

Сонымен қатар Financial Times басылымы Шахмұрат Мүтәліптің Машкевич пен Шодиев әулеттерінен Қазақстандағы ең ірі тау-кен металлургиялық холдинг – ERG-дің 40% акциясын сатып алу мүмкіндігін де қарастырып жатқанын хабарлаған. Келісім сомасы 1,4 млрд долларды құрауы ықтимал.

Алайда ERG тобының баспасөз қызметі Kursiv.Media-ға жолдаған жауабында бұл ақпаратты растамады, бірақ теріске де шығармады. Тек компания өз акционерлері деңгейіндегі кез келген талқылауларға қатысты пікір білдірмейтінін атап өтті.

Сарапшы Нұрлан Жұмағұлов ERG-дің жеке инвесторларға тиесілі акцияларын емес, мемлекет иеленетін 40 пайыз үлесін 1,4 млрд долларға сатқан әлдеқайда ұтымды шешім болар еді деген пікірде.

ERG – Қазақстандағы ғана емес, әлемдік деңгейдегі ең ірі тау-кен металлургия холдингтерінің бірі. Компания Люксембургте тіркелген, ал өндірістік қызметі төрт құрлыққа таралған. Компания акцияларының 40%-ы Қазақстан Үкіметіне тиесілі. Қалған үлестің 20,7%-ы Ибрагимовтер отбасы, сондай көлемдегі акция марқұм Александр Машкевичтің мұрагерлерінің иелігінде. Патох Шодиев 18,6%-ын иеленеді.

Сообщение ERG-дің 40% акциясын сатып алуға ниетті Мүтәліп қос басқарушы компанияны тіркеді появились сначала на Tizgin kz.

«Bereke fest»: ірі супермаркеттер азық-түлікті арзанырақ бағамен сатады
Үкіметте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар түрлеріне баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасына қатысты жағдай талқыланды. Үкіметтің мәліметінше, қараша айында қазанмен салыстырғанда азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі 0,9%-ға дейін баяулаған, ал азық-түлік өнімдерінің бағасы өткен ай деңгейінде (1%) сақталған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған баға индексі соңғы төрт апта бойы өзгеріссіз қалып отыр.

Серік Жұманғарин жылыжай көкөністерінің, әсіресе қияр мен қызанақтың маусымдық қымбаттауын ескере отырып, шекарадағы өткізу бекеттерінде түрікмен көкөністеріне шұғыл түрде «жасыл дәліздер» ұйымдастыруды тапсырды. Бұл шара әсіресе жылыжай өндірісі жеткіліксіз аймақтарды қолжетімді бағадағы көкөністермен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

ЖАҢА АКЦИЯ ЖАЙЛЫ

Жаңа жыл мерекелері қарсаңында, 22-31 желтоқсан аралығында, елдегі супермаркеттерде «Bereke fest» акциясы басталады. Акция аясында фермерлерден тікелей жеткізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылады. Сонымен қатар өңірлерде ауыл шаруашылығы және жаңа жылдық жәрмеңкелердің саны артады: желтоқсан айында еліміздің барлық өңірінде 800-ден астам жәрмеңке өткізілмек. Тек өткен аптада 149 жәрмеңке ұйымдастырылды. Сауда комитетіне шалғай аудандарға, оның ішінде Маңғыстау, Ұлытау облыстарына тауар жеткізу бойынша көмек көрсету тапсырылды.

ЖАҢА ОРТАЛЫҚ

Сондай-ақ Ұлытау облысындағы күрделі логистиканы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қойма орындарының тапшылығын ескере отырып, Серік Жұманғарин өңірде логистикалық орталық құру міндетін қойды. Аталған орталықтың қуаты азық-түліктің қажетті қорын сақтауға, логистикалық шығындарды қысқартуға және өңірлік тарату хабын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру тетіктері бойынша қолданыстағы ережелерге толықтырулар енгізу жұмыстары туралы баяндады. Өзгерістер онлайн мониториң жүйесін орнатуды міндеттейді. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ Қызылордада 3 мың шаршы метрлік қоймада пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр. Келесі жылы барлық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар қоймалары осындай жүйелермен жабдықталып, бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қорларының болуына, сақтау жағдайлары мен сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Өзгерістер жақын арада күшіне енеді деп күтілуде.

Сообщение «Bereke fest»: ірі супермаркеттер азық-түлікті арзанырақ бағамен сатады появились сначала на Tizgin kz.

Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі акцияларын 475 млн долларға сатты
SPO қорытындысында Halyk Bank-тің мажоритар акционері саналатын және Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі «АЛМЭКС» компаниясы банк акцияларының 7,6%-ын сатқаны белгілі болды. Теңгеге шақсақ, бұл 475 млн доллар, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

АКЦИЯЛАРДАҒЫ ӨЗГЕРІС

Нәтижесінде «АЛМЭКС» үлесі биылғы 1 қазанмен салыстырғанда аз-маз төмендеді.

«Ұсынылған депозитарийлік қолхаттар саны (бір жаһандық депозитарлық қолхат – банк акциясының 40 бірлігіне тең) мен жергілікті ұсыныстағы акциялар банктің айналымдағы акцияларының 7,6%-ын құрайды. Жалпы мәміле көлемі 475,4 млн долларды құрап, оның ішінде 121,8 млн жергілікті ұсыныстағы акция 298,66 теңгеден, ал 17,6 млн ұсынылған ГДР 23 доллардан сатылды», – деп хабарлады банк орналастыру қорытындысы бойынша.

Халықаралық ұсыныс аясында 17,4 млн депозитрийлік қолхаттарды Қазақстаннан тыс жердегі институционалдық инвесторлар сатып алса, 0,2 млн ГДР және 121,8 млн акция қазақстандық инвесторлардың еншісіне өтті. Осылайша, орналастыру көлемінің 84,3%-ын шетелдік инвесторлар иеленді.

HALYK BANK-КЕ ТАБЫС ӘКЕЛМЕЙТІН САТЫЛЫМ

Айта кетейік, акциялар мен депозитарийлік қолхат сатылымынан Halyk Bank ешқандай табысқа кенелмейді. Себебі, бұл пакет тікелей «АЛМЭКС» компаниясына тиесілі болды. Орналастыру қорытындысында компанияның банктегі үлесі 62%-ға дейін азайды.

Барлығы шамамен 825,8 млн акция (оның ішінде 17,6 млн ГДР – 696 млн акцияға тең; 0,2 млн ГДР – 800 мың акция; 121,8 млн акция) сатылып, жалпы мәміле құны 475,41 млн долларды құрады. Баға бір акцияға – 298,66 теңге, бір ГДР-ға – 23 доллар деп белгіленді.

Орналастыру аясында «АЛМЭКС» Citigroup Global Markets Limited және J.P. Morgan Securities plc (SPO-ның жаһандық үйлестірушілері) бекіткен стандартты шарттар мен ерекшеліктерді ескере отырып, Halyk Bank акцияларының қалған бөлігін бір жыл ішінде сатпауға (lock-up) міндеттеме алды.

Халықаралық ұсыныстың аяқталуы, ГДР-лардың Лондон қор биржасында (LSE) саудаға шығарылуы және Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және қадағалау басқармасының (FCA) ресми тізіміне енгізілуі 2025 жылдың 25 қарашасына жоспарланған.

ҚҰЛЫБАЕВТАРДЫҢ БАЙЛЫҒЫ ҚАНША

Ал жергілікті ұсыныстағы депозитарийлік қолхаттар AIX-те, акциялар KASE алаңында 2025 жылдың 26 қарашасынан бастап саудаланбақ. Орналастыру аяқталған соң «АЛМЭКС» компаниясы банктің 6,7 млрд акциясына ие болып, Halyk Bank-тің айналымдағы жалпы акцияларының шамамен 62%-ын иеленетін болады. Бұған дейін «АЛМЭКС» холдингі мен Halyk Bank халықаралық және қазақстандық инвесторлардан банктің депозитарийлік қолхаттарын сатып алуға өтінімдер қабылдайтынын хабарлаған еді. Нарықта кемінде 12 млн депозитарийлік қолхат (банк акцияларының 4%-ы) орналастыру жоспарланған.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар Forbes бағалауы бойынша елдегі ең бай адамдар рейтингісінде төртінші орында тұр. Әрқайсысында 5,3 млрд доллар бар.

Сообщение Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі акцияларын 475 млн долларға сатты появились сначала на Tizgin kz.

«Әскердегі өлім тоқтасын»: қайғы жамылған аналар Астанада наразылыққа шықты
Астанада әскери борышын өтеп жүріп қаза болған және жараланған сарбаздардың аналары наразылық акциясына шықты. Олар министрліктер үйінің алдында жиналып, армияда орын алған заңсыздықтарға ашық тергеуді, жүйелі реформалар жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Акция барысында әскери колледжде оқып жүрген кезінде ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалған Ұлан Мұсаевтың анасы Гүлмира Мұқажанова аналардың ортақ үндеуін оқып берді. Ол елде сарбаз өліміне қатысты істердің жабулы күйінде қалатынын айтып, ашық тергеу жүргізуді талап етті.

«Біз ата-аналар, сарбаз өлімін тоқтату үшін белсенді араласуға дайынбыз. Тергеу әділ және ашық жүргізілсін! Барлық күмәнді істер қайта қаралсын! Тергеу барысында қоғам мен БАҚ өкілдері тікелей қатыссын! Тәуелсіз комиссия құрылсын!» – деді ол.

Аналар әскери бөлімдердегі ахуалдың толық жария болуын, сондай-ақ казармалар мен асханаларда бақылау камераларын орнатуды да талап етті.

Атыраудан келген Айна Есбергенова ұлының өліміне қатысты істі әділ тергеулі талап етті. Оның ұлы 2023 жылы әскери борышын өтеуге өз еркімен кеткен, алайда бірнеше айдан соң көз жұмған.

«Маған баламның жүрек ауруынан қайтыс болғанын айтты. Бірақ өз көзіммен көргенде үстінде сау жері жоқ еді. Балам далада 20 минут жатқан, тірі болған. Бірақ ешқандай көмек көрсетілмеген. Сол үшін кінәлілер заң алдында жауап берсін», — дейді Айна Есбергенова.

Аналардың алдына Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов пен Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев шықты. Олар арыз-шағымдар қабылданып жатқанын айтып, аналарды ішке шақырды. Аналар ғимарат ішіне кіріп, журналистер сыртта қалды.

Қазақстанда әскердегі өлім мен жарақат алу жайттары қоғамды алаңдатып отыр.

Сообщение «Әскердегі өлім тоқтасын»: қайғы жамылған аналар Астанада наразылыққа шықты появились сначала на Tizgin kz.

Лондонда Палестинаны қолдап, көшеге шыққан 900-ге жуық адам ұсталды
Лондон полициясының мәліметінше, сенбі күні Ұлыбритания астанасында Palestine Action тобына тыйым салуға қарсы өткен демонстрация кезінде 890 адам ұсталған. Сенбі кешке полиция 425 адамның ұсталғанын хабарлаған еді. Бір ай бұрын өткен ұқсас акцияда 474 адам қамауға алынған, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Акцияны Defend Our Juries («Біздің қазыларды қорғайық») қозғалысының белсенділері ұйымдастырған. Олардың дерегінше, сенбі күні Лондонда Парламент алаңына 1500 адам жиналған.

Ұсталғандардың басым бөлігі Ұлыбританияда терроризм туралы заңға сәйкес тыйым салынған Palestine Action ұйымын қолдағаны үшін қамауға алынды. Полицияның мәлімдеуінше, «наразылық шарасы күш қолдануға ұласқаннан кейін» қамауға алынғандардың саны күрт артқан.

Полицияның хабарлауынша, 857 адам Palestine Action-ды қолдағаны үшін ұсталып, тағы 33 адам өзге құқықбұзушылықтар үшін қамауға алынған. Олардың ішінде 17-і — полицейлерге шабуыл жасағандар.

Наразылық акциясы сағат 13:00-де басталды. Көптеген қатысушылар қолдарына тыйым салынған ұйымды қолдайтын ұрандар жазылған плакаттар ұстап шықты. Соның ішінде: «Мен геноцидке қарсымын. Мен Palestine Action-ды қолдаймын» деген жазулар болды. Осыдан көп ұзамай полицейлер акцияға қатысушыларды ұстай бастады.

Лондон полициясының дерегінше, ұсталғандардың басым бөлігі жеке деректерін беруден бас тартқандықтан немесе өзге құқықбұзушылықтар бойынша тергеуде болып, кепілмен босатылғандар болғандықтан қамауға алынған.

«Операция кезінде бізге қарсы қолданылған күш – алдын ала келісілген және адамдардың бір тобы тарапынан жасалған әрекет. Олардың көпшілігі өз жеке басын жасыру үшін бетперде киген. Мақсат – мүмкіндігінше көп тәртіпсіздік тудыру еді, — деді қалалық полиция өкілі Клэр Смарт. — Заңды сақтау мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттілердің — бұл жағдайда Терроризм туралы заңға сәйкес қылмыс жасағандарды ұстауға шыққандардың — мұндай зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүлде орынсыз».

Бұған дейін Defend Our Juries қозғалысы полицияның ұқсас мәлімдемесіне жауап беріп, офицерлер «бейбіт шерушілерге, соның ішінде қарт адамдарға да қатыгездікпен шабуыл жасады, себебі олар картон плакат ұстағаны үшін мыңнан астам адамды қамауға алмақ болды» деп мәлімдеген. Сондай-ақ, ұйым полиция қызметкерлерінің адамдарды жерге итеріп құлатып жатқан сәтін көрсететін бейнежазбаны жариялады.

Хабарларға қарағанда, демонстрацияға қатысушылардың көбі жасы үлкен адамдар болған, ал оларды ұстаған полицейлерге «Ұят!» деп айқайлаған.

Amnesty International ұйымы болса, бұл қамаулар «Ұлыбританияда бір нәрсе дұрыс емес екенін көрсетіп отыр» деп мәлімдеді.

Сообщение Лондонда Палестинаны қолдап, көшеге шыққан 900-ге жуық адам ұсталды появились сначала на Tizgin kz.