Архивы Реджеп Ердоған - Tizgin kz

Тоқаев Түркияға барады: сапардың басты мақсаты белгілі болды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28–30 қазан аралығында Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз жүргізіп, Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл туралы 27 қазанда Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Тоқаев пен Ердоған Анкарада келіссөз жүргізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен барады. Ресми сапар аясында екі ел басшыларының кездесуі жоспарланған. Келіссөздердің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту.

«Сапар аясында Анкарада мемлекеттер басшыларының кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздері өтеді», – деп жазды Айбек Смадияров Telegram арнасында.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Ресми сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммитіне қатысады. Саммит 30 қазанға жоспарланған. Онда түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылау көзделіп отыр.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының бұған дейінгі бейресми саммиті 2026 жылғы 15 мамырда Түркістан қаласында өткен болатын.

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялауды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында Жолдауды 28 қазан күні түске дейін жариялайтынын хабарлаған. Президенттің Түркияға ресми сапары да осы күні басталады деп жоспарланған.

Сообщение Тоқаев Түркияға барады: сапардың басты мақсаты белгілі болды появились сначала на Tizgin kz.

Ердоған Тоқаевты Түркияға шақырды
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстанда бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Әңгіме барысында екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайту, парламентаралық байланысты жандандыру және алдағы жоғары деңгейдегі кездесулер мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанда өткен бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауын елдің саяси дамуындағы маңызды оқиға ретінде бағалады. Түркия Президентінің пікірінше, тарихи сайлау Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендеуіне серпін береді.

Осы ретте Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауы мен жылы лебізі үшін Түркия Президентіне алғыс айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы сайлау барысын бақылауға қатысқан халықаралық ұйымдар құрамындағы түркиялық байқаушылар миссиясының белсенділігін атап өтті.

Президент Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың түпкі мақсаты озық, заманауи әрі әділетті мемлекет құру екенін жеткізді.

Тоқаев Ердоғанның Түркияға шақыруын қабыл алды

Президенттер екі ел арасындағы мызғымас достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестікке негізделген қарым-қатынастың қазіргі даму қарқынына оң баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңызына ерекше тоқталды. Тараптар сол келісімдерді жүйелі жүзеге асыру екіжақты байланысты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретініне назар аударды.

Телефон әңгімесі барысында мемлекет басшылары алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін де талқылады. Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты биыл Түркияда өтетін жоғары деңгейдегі бірқатар кездесуге қатысуға шақырды.

Қазақстан Президенті бұл шақыруды ықыласпен қабыл алды.

Сообщение Ердоған Тоқаевты Түркияға шақырды появились сначала на Tizgin kz.

Қазір Түркия Еуропаға емес, Еуропа Түркияға мұқтаж – Ердоған
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарадағы министрлер кабинеті отырысынан соң мәлімдеме жасады. Ол соңғы 12 айда экспорт көлемі алғаш рет 275,8 миллиард доллардан асқанын айтып, Еуропалық Одақпен қарым-қатынасқа да тоқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ РЕКОРДҚА ЖЕТТІ

Ердоғанның сөзінше, сәуір айында экспорт жылдық есеппен 22,3 пайызға өсіп, 25,4 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді. aa.com.trt мәліметінше, қаңтар-сәуір аралығында экспорт көлемі 88 миллиард 630 миллион долларды құрады.

Президенттің айтуынша, соңғы 12 айда экспорт көлемі алғаш рет 275,8 миллиард доллардан асып, республика тарихындағы рекордтық көрсеткішке жеткен.

«Экспорт құрылымына үңілсек, көп нәрсеге үміт сыйлап отыр. Біздің экспорт 166 ел мен аймаққа артты. Барлық 26 салада өсім бар. Салалар рейтиңінде 3,9 миллиард доллармен автокөлік жасау өнеркәсібі көш бастап тұр. Екінші орында – 3,1 миллиард доллармен химия өнімдері, үшінші орында – 1,8 миллиард доллармен электроника және электротехника, ал төртінші орында – 1 миллиард 451 миллион доллармен дайын киім өнеркәсібі. Сонымен қатар қорғаныс және авиация саласындағы экспорттың 962 миллион долларға жетуі де маңызды көрсеткіш. Осылайша, жылдың алғашқы төрт айында бұл бағытта 28 пайыз өсімге қол жеткіздік», – деді президент.

Ол Түркияның әлеуеті бұл көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары екенін атап өтті.

«Экспортты ынталандыру және экспорттаушыларды қолдау арқылы бұдан да жоғары нәтижелерге жетуге болады», – деп қосты Ердоған.

ТУРИЗМ ДЕ ІЛГЕРІЛЕП ТҰР

Президент туризм саласындағы рекордтық көрсеткіштерге де назар аударды. Оның айтуынша, қақтығыстар мен геосаяси шиеленістерге қарамастан, Түркия өңірдегі ең қуатты әрі тұрақты мемлекет болып қала береді.

Ердоған өткен жылы туризм саласы 64 миллион турист пен 65,2 миллиард доллар кіріспен аяқталғанын еске сала отырып, нақты деректер келтірді:

«Салаға кері әсер еткен түрлі қиындыққа қарамастан, биылғы бірінші тоқсанда туризм кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға өсіп, 9 миллиард 896 миллион долларға жетті. Осы кезеңде туристер саны да 4,2 пайызға артып, 9 миллион 219 мың адамды құрады. Бірінші тоқсанда шетелдік туристердің бір түнге шаққандағы орташа шығыны 116 доллардан 119 долларға дейін өсті».

ЕУРООДАҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Еуропалық Одақ пен қарым-қатынасқа тоқталған ол, өкінішке қарай, Одақтың Түркияға қатысты стратегиялық екіұдай ұстанымы оның көптеген институтында әлі де сақталып отырғанын айтты.

«Түркия толыққанды мүше болып саналмайтын Еуропалық Одақтың жаһан көлемінде негізгі “ойыншыға” айнала алмайтынын түсінетін уақыт жетті», – деді ол.

Оның пікірінше, ЕО Түркияның сындарлы ұстанымының маңызын дұрыс бағалап, қауіп төндіретін әрекеттерге бармауы тиіс.

«Бүгінде Түркия Еуропаға емес, Еуропа Түркияға мұқтаж. Ал ертең бұл қажеттілік одан әрі арта түседі», – деп түйіндеді Режеп Тайып Ердоған.

Сообщение Қазір Түркия Еуропаға емес, Еуропа Түркияға мұқтаж – Ердоған появились сначала на Tizgin kz.