Архивы қаңғыбас иттер - Tizgin kz

Ақтауда қаңғыбас иттер шабуылдаған ер адам суға секіріп, бас сауғалаған
Ақтаудағы Ақжелкен тұрғын алабында қаңғыбас иттер ер адамға шабуыл жасады. Жануарлардан қорғанбақ болған тұрғын теңізге қарай қашып, суға түсуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Tizgin.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Серуендеп жүрген әйелге де тап берген

Оқиға 17 қараша күні болды. Куәгерлер Алматыдан келген ер адам теңіз жағасында серуендеп жүргенде оған төрт ит тап бергенін айтты. Ол жануарлардан қашып, суға қарай жүгірген. Тіпті көмек сұрап айқайлаған көрінеді. Жағалау бойымен серуендеп жүрген тұрғындар ер адамды байқап, шұғыл қызметтерді шақырған.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем қызметі ер адамға медициналық көмек көрсетілгенін растады. Оған алғашқы көмек беріліп, кейін облыстық ауруханаға жеткізілген. Ал Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі қабылдау бөліміне екі адам жүгінгенін хабарлады. Ақ халаттылар жарақаттарын таңып, артынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберген. Оқиға туралы жазба жариялаған тұрғын сөзінше, сол күні кешке иттер маңайда серуендеп жүрген әйелге де шабуыл жасаған.

Тұрғындар балалар үшін алаңдайды

Ақжелкен тұрғындарының сөзінше, жағажай мен қазір қоршау орнатылған канал маңында қаңғыбас ит көп. Олардың сөзінше, жануарлар кейде азуын ақситып, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіреді.

Әсіресе, тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды. Себебі, бұл аумақ арқылы оқушылар күн сайын мектептен қайтады. Балалар теңіз жағасында да жиі серуендейді.

«Иттер барлық жерде жүр. Енді адамға шабуыл жасады. Балалар мектептен қайтқанда қатты алаңдаймыз. Осы мәселені шешудің бір жолы жоқ па?» – дейді ауыл тұрғыны.

Қаңғыбас иттер мәселесі қайта көтерілді

Ақтаудағы қаңғыбас жануарлар мәселесі бұған дейін де тұрғындар наразылығын тудырған. Бірқатар қала тұрғыны қараусыз жүрген иттерді аулап, адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін айтып келеді. Ал жануарларды қорғаушылар иттерге қатыгездік танытпай, мәселені адам сияқты жолмен шешуді ұсынады.

Жағажай маңындағы соңғы оқиға қаңғыбас жануарлар мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Сообщение Ақтауда қаңғыбас иттер шабуылдаған ер адам суға секіріп, бас сауғалаған появились сначала на Tizgin kz.

Қаңғыбас иттерге қамқорлықпен қарау қоғамға сына қақпауға тиіс – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін экобелсенділермен ағаш егу кезінде «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне жеке тоқталған. Аталған тақырып кейінгі кезде қоғам ішінде көп талқыланған еді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президент үй жануарларының адамдардан қорлық көруіне жол бермеу керек деп есептейді. Сөзінше, үкімет үй жануарларын дұрыс күтіп-баптамағандарға берілетін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып, ал оларға қатыгездік көрсеткендерге кесілетін қылмыстық жазаны күшейтуі керек.

“Негізі, қаңғыбас иттер проблемасына азаматтардың немқұрайлылығы себеп: яғни олар бастапқыда жануарларға ықыласы ауып асырағанымен, кейіннен көңілдері қалып, керексіз заттай көшеге тастап кетіп жатады. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу қажет. Сондай-ақ ешқандай «хайпқа» жол бермей, мамандандырылған жануарлар орталықтарының қызметіне қоғамдық бақылау қойған жөн. Бұл іске сіздер де үлес қосасыздар деп ойлаймын. Жалпы, қаңғыбас иттерге қамқорлықпен қарау қоғамның арасына сына қақпауға тиіс. Өңірлерден алған ақпаратқа сәйкес, балалар, тіпті, ересектер жабайы иттерден жиі зардап шегуде. Басты мәселе – осы”, – дейді Тоқаев.

Президент бұл проблемаға мемлекет пен жұртшылықтың, нақты айтқанда, заң шығару тұрғысынан Парламенттің араласпасына болмайды деп санайды.

“Бірақ біз қорғансыз жануарларды жәбірлеген фактілерге де бей-жай қарамауымыз керек, атап айтқанда, үй жануарларын азаптағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан дұрыс. Осындай тәсілдер қоршаған ортаға озық әрі жауапты көзқарас қалыптастырады деп ойлаймын. Бұл да «Таза Қазақстан» аясында атқарылуға тиіс істің бірі”, – деді Президент.

Қазақстанда қаңғыбас иттердің санын реттеу тәсілі өзгертілмек. Бүгін Мәжіліс тиісті заң жобасын қабылдаған. Жаңа заңға сәйкес, қаңғыбас иттерді ұстап, қайтадан көшеге жіберу тәжірибесі тоқтатылады. Енді негізгі модель – қайтарусыз аулау. Бұл тәсіл қаңғыбас жануарлар санын азайтуға бағытталған.

Сообщение Қаңғыбас иттерге қамқорлықпен қарау қоғамға сына қақпауға тиіс – Тоқаев появились сначала на Tizgin kz.

Көкшетауда қаңғыбас иттер қапқан жүкті әйел ауруханаға түсті
Көкшетау қаласында жүктіліктің 34-аптасында жүрген әйелге қаңғыбас иттер шабуыл жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қаладағы көпбейінді облыстық аурухананың мәліметінше, қазір оған құтыруға қарсы вакцина салынып, дәрігерлер ана мен ұрықтың жағдайын бақылауға алған.

Оқиға 16 сәуірде сағат 12:30 шамасында болған. Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық аурухананың қабылдау бөліміне Х. есімді әйел оң жақ балтырындағы тістелген жара және ауырсыну шағымымен жүгінген. Науқастың айтуынша, жарақат ауруханаға келгенге дейін шамамен 30 минут бұрын қаңғыбас иттер тобының шабуылы салдарынан алынған.

“Дәрігерлік тексеру барысында оң жақ балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің артқы бетінде ұзындығы 5 сантиметрге дейін жететін тістелген жаралар анықталған. Оған “оң жақ балтырдың тістелген жаралары” диагнозы қойылды, – делінген ақпаратта.

Медицина қызметкерлері науқасқа шұғыл түрде алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіп, жараға майлы таңғыш салған. Сонымен қатар, алдын алу мақсатында әйелге құтыруға қарсы антирабиялық «Рабивакс» вакцинасы, сіреспеге қарсы сарысу және сіреспе мен дифтерияға қарсы АДС-М вакцинасы енгізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, жүктілікті ескере отырып, негізгі міндет – оның әрі қарайғы ағымын тұрақты бақылау. Бұл бақылау әйелдің диспансерлік есепте тұрған медициналық ұйымы арқылы жүргізіледі.

Қазір әйел мен құрсақтағы баланың жағдайы күшейтілген медициналық бақылауда. Бұған дейін Ақмола облысының Қосшы қаласында да ит әйелді талап тастаған болатын. Одан бөлек, ақпан айында Алматы облысында он шақты ит әйелге тап берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін соңғы бір жылдың ішінде 41 366 адамды ит қапқан. Оның ішінде 23 134 адам бұралқы иттердің шабуылынан зардап шеккен. Бүгінде Мәжілісте бұралқы иттерге қатысты заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасын таныстырған депутат Еділ Жаңбыршин Қазақстанда бұралқы иттерді кемінде 5 күн ұстау ұсынды.

Сондай-ақ депутаттар қаңғыбас жануарларды аулау мен стерилизациялауға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына күмән келтіріп, құзырлы органдардан жекеменшік паналардың қызметін тексеруді талап еткен еді.

Сообщение Көкшетауда қаңғыбас иттер қапқан жүкті әйел ауруханаға түсті появились сначала на Tizgin kz.