Архивы өнеркәсіп - Tizgin kz

Ядролық технологиялар – өнеркәсіп дамуының жаңа бағыты
Қоғамда «ядролық технология» немесе «атом» деген сөздерді естігенде, адамдардың басым көпшілігі ойына энергетикалық кешендер түседі. Алайда, бүгінгі таңда бейбіт атом тек розеткадағы жарықпен шектелмейді. Бұл – медицинаны, ауыл шаруашылығын, ғарыш саласы мен ауыр өнеркәсіпті алға сүйреп келе жатқан үлкен кешенді драйвер. Осы орайда, еліміздегі «Ядролық технологиялар паркі» АҚ (ПЯТ) ғылыми жетістіктерді нақты өндіріске енгізіп, өнеркәсіптің жаңа бағыттарын ашуда маңызды рөл атқарып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ғылымнан – өндіріске

Кез келген дамыған мемлекеттің экономикалық қуаты оның жоғары технологияларды қаншалықты меңгергенімен өлшенеді. Ядролық технологиялар паркі дәл осы ғылым мен бизнес арасындағы көпір қызметін атқарады. Біздің кәсіпорынның негізгі міндеті – радиациялық технологияларды коммерцияландыру және оларды күнделікті өнеркәсіпке енгізу.

Мысалы, қарапайым полимерлі материалдарды алайық. Радиациялық өңдеуден өткеннен кейін олардың беріктігі мен ыстыққа төзімділігі бірнеше есе артады. Мұндай материалдар құрылыста, мұнай-газ секторында және кабель өнеркәсібінде өте таптырмас болып саналады. Сонымен қатар, ПЯТ базасында медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру (стерилизация) процесі де жолға қойылған. Бұл әдіс химиялық немесе температуралық өңдеуге қарағанда әлдеқайда тиімді, әрі қауіпсіз.

Ауыл шаруашылығында да ядролық технологиялардың үлесі зор. Тұқымдар мен дайын өнімдерді арнайы өңдеу арқылы олардың сақталу мерзімін ұзартып, түрлі зиянкестерден тазартуға болады. Бұл – экспорттық әлеуетімізді арттырудың төте жолы.

АЭС құрылысы – жаңа өнеркәсіптік секіріс

Елімізде Атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі кеңінен талқыланып жатқан, осы тұста бір нәрсені нақты түсінуіміз қажет: Қазақстан атом саласына бүгін ғана келіп отырған жоқ. Бізде ондаған жылдар бойы қалыптасқан өте мықты ғылыми база, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты және біздің АҚ «Ядролық технологиялар паркі» сияқты ірі ғылыми-техникалық орталықтар бар.

АЭС құрылысы – тек тұрақты әрі таза энергия көзі емес. Ол ең алдымен кешенді өнеркәсіптік дамудың катализаторы. Станцияны салу және оған қызмет көрсету барысында жүздеген аралас салалар жұмысқа тартылады. Жаңа жұмыс орындары ашылады, отандық зауыттар жоғары технологиялық тапсырыстар алады, ал ең бастысы – елде инженерлердің, физиктердің және IT-мамандардың жаңа буыны қалыптасады.

Жабдықтардың сапасын тексеру, материалдардың радиацияға төзімділігін зерттеу, қауіпсіздік жүйелерін бақылау – мұның бәрі біздің АҚ «Ядролық технологиялар паркі» базасында дамытылып жатқан технологиялармен тікелей байланысты. Яғни, біз АЭС-ке қызмет көрсететін ғылыми-техникалық қолдауды қазірдің өзінде қамтамасыз ете аламыз.

Болашақтың берік негізі

Ядролық технологиялардан қорқудың қажеті жоқ, оны тиімді басқарып, ел игілігіне жарату керек. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бейбіт атомды өнеркәсіпке енгізген елдер технологиялық тәуелсіздікке қол жеткізеді. АҚ «Ядролық технологиялар паркі»  осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қоса бермек. Атом энергетикасы мен ядролық технологиялар – біздің жарқын, әрі тұрақты болашағымыздың кепілі.

Сообщение Ядролық технологиялар – өнеркәсіп дамуының жаңа бағыты появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанның жаңа өнеркәсіп саясатынан қай кәсіпорындар ұтады
Жасанды интеллектінің дамуы мен жаһандық экономикалық өзгерістер Қазақстанның өнеркәсіп саясатына жаңа талаптар қойып отыр. Ел үшін шикізатқа тәуелділікті азайтып, өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық кәсіпорындарды қолдау маңызды міндетке айналды. Tizgin.kz бұл мақалада жаңа өнеркәсіп саясатының мүмкіндіктеріне, мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне және оның шағын және орта бизнеске ықпалына назар аударды.

Жасанды интеллектінің жедел дамуы мен жаппай цифрландыру өндіріс орындарының жұмыс тәсілін өзгертіп жатыр. Бұрын кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі көбіне өнімнің бағасы мен сапасына байланысты болса, қазір оған технологиялық жарақтану, деректерді пайдалану, өндіріс шығынын азайту және жеткізу тізбегінің тұрақтылығы да әсер етеді. Оның үстіне, жаһандық логистикадағы іркілістер мен сауда бағыттарының өзгеруі елдерді маңызды тауарларды өз ішінде өндіруге, шикізатты терең өңдеуге және сыртқы жеткізілімге тәуелділікті азайтуға итермелеп отыр. Қазақстан үшін де өнеркәсіп саясатын осы жаңа жағдайға бейімдеу қажеттігі туындады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында технологиялық жаңғыру, жасанды интеллектіні экономика салаларына енгізу, көлік-логистика әлеуетін күшейту және өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру міндеттерін атады.

Экономист Айдархан Құсайынов өнеркәсіпті дамытудың жаңа саясаты экспорт ышектеу арқылы ішкі терең өңдеуге мәжбүрлеу тәсіліне мойынсынбау керектігін айтып жүр.

Айдарбек Құсайынов

“Соңғы 35 жылда елдегі мыс кенін өндіру көлемі төрт еседен астам өсіп, 38,5 млн тоннадан 163,7 млн тоннаға жеткен. Ал тазартылған мыс өндірісі іс жүзінде бұрынғы деңгейінде қалған. Өнеркәсіп саясаты осы тенденцияны өңдеу саласының пайдасына бұру керек. Бірақ бұл экспортқа жаппай шектеу қою керек деген сөз емес. Қазақстанға шикізат экспортын шектеуден гөрі, өз өңдеу өнеркәсібін дамытуға қажетті экономикалық жағдай жасау маңызды. Инвестор кәсіпорынның қандай шартпен жұмыс істейтінін, өңдеу құны қалай есептелетінін және салған қаражатының қалай қайтатынын түсіну керек, – дейді сарапшы.

Ірі зауыттардың айналасында шағын бизнеске орын бар

Жаңа өнеркәсіп саясатының ықтимал пайдасын тек ірі инвесторлар көрмеу керек. Автокөлік, теміржол техникасы, мұнай-газ жабдықтары өндірісі дамыған сайын оларға қосалқы бөлшек, кабель, электр жабдығы, металл конструкция, пластик бұйымдар, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұсынатын шағын және орта кәсіпорындарға да тапсырыс көбейеді.

Мемлекет осы бағыттағы қолдауды қаржыландыру және ұзақмерзімді тапсырыс арқылы күшейтіп отыр. 2026 жылдың алғашқы жартысында өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарды қолдауға 418,5 млрд теңге бағытталған. Бұл құралдарды 69 шикізаттық емес кәсіпорын пайдаланған, олардың 61 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. «Даму» қоры 2024 жылдан 2026 жылғы тамызға дейін өңдеу өнеркәсібіндегі 10,3 мың жобаны қолдап, оларға берілген несиелердің жалпы көлемін 2,2 трлн теңгеге жеткізген.

Кепілді тапсырыс кімге тиімді

Өнеркәсіптік саясаттағы маңызды тетіктің бірі – офтейк-келісімшарт. Бұл механизм бойынша ірі компания немесе мемлекеттік ұйым отандық кәсіпорынның болашақта өндіретін тауарын алдын ала сатып алуға міндеттеме алады. Мұндай келісім шағын өндірушіге өнімін өткізуге кепілдік беріп, өндіріс ашу үшін несие тартуды жеңілдетеді.

AI/Tizgin.kz

2026 жылдың алғашқы жартысында жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектор компаниялары отандық өндірушілермен 466 млрд теңгенің ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттарын жасасқан. «Самұрық-Қазына» қорының отандық өндірушілермен жасасқан келісімдері 594 млрд теңгеге жетіп, былтырғы сәйкес кезеңнен 46 пайызға артқан.

Жергілікті кәсіпорындар үшін тағы бір мәселе – шикізат бағасы. Мемлекет отандық өңдеушілерге мыс, алюминий, қорғасын, мырыш және болат прокатын қоса алғанда, шикізаттың 25 түрін жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік берген. Экспорттық бағамен салыстырғанда жеңілдік 50 пайызға дейін жетеді. Осы шарадан металл өңдеу, құрылыс материалдары, электр жабдықтары мен машина жасау кәсіпорындары ұта алады.

Сообщение Қазақстанның жаңа өнеркәсіп саясатынан қай кәсіпорындар ұтады появились сначала на Tizgin kz.

Өнеркәсіп, құрылыс және көлік саласы жұмысшыларының жалақысы 13,1%-ға өсті
2026 жылғы сәуірде Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінісіне жыл сайынғы зерттеу жүргізді. Зерттеуге сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Деректерге қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар және зейнетақы аударымдары кіреді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 3 378,6 мың адамды құрады. Оның ішінде ерлердің үлесі – 48,1% (1 626,4 мың адам), ал әйелдер – 51,9% (1 752,2 мың адам) құрады.

2026 жылы қызметкерлердің жалақы мөлшері бойынша бөлінісінде жоғары жалақы санаттарына ауысу үрдісі жалғасты.

Жалақысы:

– 100 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді (-1,0 п.т.);

– 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 43,0%-дан 39,3%-ға дейін төмендеді (-3,7 п.т.);

– 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі 53,7%-дан 58,4%-ға дейін өсті (+4,7 п.т.).

2026 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша бірқатар кәсіптер топтарында орташа айлық атаулы жалақы мөлшері өсті. 2025 жылмен салыстырғанда жалақының ең жоғары өсімі өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да сабақтас кәсіптердің жұмысшыларында (13,1%), сондай-ақ өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілерде (10,4%) тіркелді.

Өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларының қызметкерлерін қоса алғанда, барлық кәсіптік топтарда атаулы жалақының оң динамикасы байқалды.

Жекелеген кәсіптер мен лауазымдар бойынша жалақы

2026 жылы қызметкерлердің орташа айлық есептелген жалақысы атқаратын кәсібі мен лауазымына қарай ерекшеленді. Ұйым басшыларының орташа айлық жалақысы 1 101,1 мың теңгені құрады.

Инженерлік-техникалық мамандар арасында инженерлердің жалақысы 702,0 мың теңгені, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлердің жалақысы 645,0 мың теңгені, инженер-технологтардың жалақысы 617,0 мың теңгені, инженер-энергетиктердің жалақысы 615,1 мың теңгені, ал техниктердің жалақысы 314,7 мың теңгені құрады.

Денсаулық сақтау саласында дәрігерлердің орташа айлық жалақысы 491,4 мың теңгені, фармацевтердің жалақысы 347,7 мың теңгені, фельдшерлердің жалақысы 313,6 мың теңгені, мейіргерлердің жалақысы 264,6 мың теңгені құрады.

Басқа кәсіптер арасында бухгалтерлердің орташа айлық жалақысы 398,6 мың теңгені, автомобиль жүргізушілерінің жалақысы 328,1 мың теңгені, аспаздардың жалақысы 192,6 мың теңгені, күзетшілердің жалақысы 174,2 мың теңгені құрады.

Көрсеткіштерді қалыптастыру әдіснамасы

Көрсеткіштер жыл сайын 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша жүргізілетін зерттеу негізінде қалыптастырылады.

Зерттеуге есепті жылдың сәуір айында толығымен жұмыс істеген барлық қызметкерлер жатады. сәуір айын толық жұмыс істеген қызметкерлер енгізіледі. Есепті айда жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған қызметкерлер есепке алынбайды.

Халықаралық ұсынымдарға сәйкес маусымдық сыйлықақылар мен еңбек демалысына байланысты төлемдердің әсерін барынша азайту мақсатында есепті ай ретінде сәуір айы таңдалған.

Сообщение Өнеркәсіп, құрылыс және көлік саласы жұмысшыларының жалақысы 13,1%-ға өсті появились сначала на Tizgin kz.

Отандық өндіріс: мемлекет бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін енгізуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет ішкі өндірісті дамытуға, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар құруға, қазақстандық қамту үлесін арттыруға және ел ішінде орнықты өндірістік тізбектер қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау жеңілдетілген қаржыландыру мен мемлекеттік сатып алудан бастап, ірі кәсіпорындарды отандық жеткізушілермен жұмыс істеуге ынталандыруға, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға және қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейтуге дейінгі бизнесті дамытудың барлық кезеңін қамтиды.

Кепілдендірілген сұраныс: мемлекеттік сатып алулар отандық бизнесті қолдау құралына айналады

Фото: primeminister.kz

Отандық өндірушілерді қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар. Үкімет қабылдаған шаралар қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беру, ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттарды кеңейту, сондай-ақ жеңілдікті қаржыландыруға қолжетімділікті көздейді. Бұл тұрақты сұраныс қалыптастырып, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және кеңейтуге жағдай жасайды.

Отандық кәсіпорындар өз өнімдерін кепілді өткізуді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы алады. Тек 2025 жылдың өзінде қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемі екі есеге артып, шамамен 2,2 трлн теңгені құрады. Қор инфрақұрылым мен энергетикада 62 басым жобаны жүзеге асырып, қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге тұрақты сұранысты қамтамасыз етуде.

Қазіргі таңда Қордың сатып алу жүйесінде отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдаудың 16-дан астам тетігі қолданылады. Олардың қатарында:

отандық өндірушілерден міндетті сатып алу,

қамтамасыз етудің барлық түрінен босату,

егер жеткізуші отандық тауар өндіруші болса, 30%-ға дейін алдын ала төлем жасау және жеткізілген өнім үшін төлем мерзімін қысқарту шаралары бар.

Бұл отандық бизнеске айналым капиталын тиімді сақтауға және ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралардың тиімділігі отандық өндірушілермен ынтымақтастық көлемінің тұрақты өсуімен расталады. 2024 жылы Қор компаниялары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тізіліміне енгізілген 2 070 кәсіпорынмен жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 11,1 мыңнан астам шарт жасасты. 2025 жылы жасалған келісімшарттардың көлемі екі есеге жуық артып, 2,17 трлн теңгеге жетті. Осы кезеңде 2 283 отандық өндірушімен 8,9 мыңнан астам шарт жасалды.

Оң үрдіс биыл да сақталып отыр. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалпы құны 594 млрд теңгені құрайтын 3,8 мыңнан астам шартқа қол қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға жоғары болды. Оның ішінде жалпы құны 343 млрд теңгені құрайтын 171 ұзақмерзімді келісімшарт бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп.

Жаңа өндірістерді іске қосуға және импортты алмастыруға ынталандыратын офтейк-келісімшарттар тетігі де кезең-кезеңімен дамып келеді. 2024 жылы жалпы құны 190 млрд теңге болатын 367 офтейк-келісімшарт, 2025 жылы құны 257,5 млрд теңгені құрайтын 363 офтейк-келісімшарт жасалды. Бұл құндық көрсеткіш бойынша 35%-ға артық. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы шамамен 47 млрд теңгеге тағы осындай 115 келісімшарт жасалды. Осы кезеңде жалпы құны 53 млрд теңгені құрайтын импортты алмастыру бойынша 9 жоба мақұлданды. Жалпы құны 74 млрд теңгені құрайтын тағы 13 жоба қаралу сатысында.

Жалпы алғанда, кейінгі жеті жылда «Самұрық-Қазына» тобының қолдау тетіктері аясында жалпы құны 610 млрд теңгені құрайтын жаңа өндірістерді іске қосу жөніндегі 108 жоба мақұлданды. Оларды жүзеге асыру 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етті.

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен оларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді

Мемлекеттік сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігі ұлттық кәсіпкерлікті дамытудың негізгі шарттарының бірі болып қала береді.

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2024 жылы қазақстандық өндірушілермен жалпы құны 370 млрд теңгеден асатын 145 мыңнан астам шарт рәсімделсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 16,5%-ға артып, 169 мың шартқа жетті. Ал олардың жалпы құны 23,3%-ға өсіп, 456 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша жалпы құны 97 млрд теңге болатын 68 мың шарт жасалды.

Осы саладағы цифрландырудың маңызды тетіктерінің бірі – 2025 жылғы қарашадан бастап штаттық режимде жұмыс істеп тұрған «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» ақпараттық жүйесі. Бүгінде жүйеге бизнестен 41 мыңнан астам өтінім түсіп, өңделді. Верификация нәтижесінде Тізілімге 10 мыңнан астам отандық тауар өндіруші енгізілді.

Тізілім негізгі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және ірі сатып алу алаңдарымен біріктірілген. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 52 мыңнан астам сатып алу, ал «Самұрық-Қазына» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы 6,7 мыңнан астам сатып алу жүргізілді.

2026 жылдың соңына дейін ақпараттық жүйені Бірыңғай жеке кабинетпен интеграциялай отырып, оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді аяқтау жоспарланып отыр.

Бизнесті қолдау: мемлекет кәсіпорындардың капиталға қол жетімділігін кеңейтті

Фото: primeminister.kz

Кәсіпкерлерді жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде қолдаудың кең ауқымды құралдарын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің даму институттары ұсынады. Бұл жаңа өндірістерді іске қосуға, жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғыртуға, бизнесті кеңейтуге және экспорт көлемін арттыруға жағдай жасап, отандық кәсіпкерліктің дамуы мен экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етеді.

Атап айтқанда, «Даму» қорының желісі бойынша 2024 жылдан бастап 2026 жылғы тамызға дейін өңдеу өнеркәсібіндегі 10,3 мың жобаға жалпы сомасы 2,2 трлн теңге көлемінде кредиттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 4674 жоба субсидиялау, 3633 жоба кепілдік беру, 1998 жоба жеңілдетілген қаржыландыру құралдарын пайдаланды.

Сондай-ақ 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Даму» қоры шағын және орта бизнестің 13 мың жобасына 2,2 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетті. Бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін арттырудың маңызды құралы ретінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылғы сәуірде кепілдік қорларының тетігі іске қосылды. Бұл механизм кәсіпкерлердің банк қаржыландыруына қолжетімділігін кеңейтіп, бюджетке түсетін жүктемені азайтты. Аталған тетік аясында 3 мыңнан астам кепілдік беріліп, отандық бизнестің тұрақты дамуына қосымша мүмкіндік жасалды.

Ірі бизнесті қаржылай қолдауға Қазақстанның даму банкі бағытталған. Өткен жылы банк 77 инвестициялық жоба мен экспорттық операцияны 2,3 трлн теңге сомасына қаржыландырды. Нәтижесінде 10 ірі өндірістік нысан жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында жылына 90 мың автокөлік шығаратын толық циклді мультибрендті автомобиль зауытының құрылысы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы жалпы қуаты 200 МВт жел электр станцияларының құрылысы және басқа да стратегиялық нысандар бар.

Қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуын Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қолдайды. Агенттік металлургия, машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен және басқа да салалардағы 131 экспорттаушыға 653,7 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетті. Ірі мәмілелер қатарында «Sapa Trade Company» ЖШС қарызын сақтандыру, «Шин-Лайн» ЖШС айналым қаражатын толықтыру, сондай-ақ «Прима Құс» ЖШС құс етін өндіру зауытының құрылысына берілген қарызды сақтандыру бар.

Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өңдеу секторы кәсіпорындарына көрсетілген қолдау көлемі 418,5 млрд теңгеге жетті. Қолдау құралдарын 69 шикізаттық емес сектор кәсіпорны пайдаланды, оның 61%-ы шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі.

Шикізаттық емес сектордағы инвестициялық белсенділікті «Qazaqstan Investment Corporation» (QIC) жүйелі түрде арттырып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылымның жаңа инвестицияларының көлемі 13 есеге өсті. QIC қатысатын қорлар арқылы өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым және технологиялық жобаларды қамтитын 15 жобаға 787,5 млрд теңге көлемінде қаржы тартылды.

Жылдың маңызды оқиғаларының бірі – Астана халықаралық қаржы орталығы базасында тікелей инвестициялар қорларының жаңа архитектурасының қалыптасуы болды. Негізгі жоба ретінде ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған, мақсатты көлемі $4 млрд-қа дейінгі Kokzhiyek Fund L.P. және экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге және отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға инвестиция салатын, мақсатты көлемі $1 млрд-қа дейінгі Adal Fund L.P. құрылды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша өткен жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі рекордтық 549 млрд теңгені құрады. Бұл 8,5 млн гектар алқапта ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Осы кезеңде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені рекордтық көлемде астық алды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша астықтың жалпы өнімі 27,1 млн тоннадан асты. Уақтылы әрі қолжетімді қаржыландыру диқандарға егіс және егін жинау науқандарын оңтайлы агротехнологиялық мерзімде өткізуге мүмкіндік берген негізгі факторлардың бірі болды.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірлесіп ұсынған қаржыландыру көлемі 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл – отандық агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың ең жоғары көрсеткіші.

Қаражат көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңартуға, ауыл тауар өндірушілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ өңдеуді дамытуға және азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділікті төмендетуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалды.

Отандық тауар өндірушілерге елеулі қолдауды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ көрсетеді. Қаралған қаржы жаңа кәсіпорындар құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға бағытталады. Кәсіпорындар заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды енгізіп, өндірістік желілерді жаңартып, өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. 2024-2026 жылдары қор 153 отандық тауар өндірушіге жалпы сомасы 943 млрд теңгеден астам қолдау көрсетті.

«Бәйтерек» холдингінің даму институттары жұмысының негізгі бағыттарының бірі – азаматтарды қолжетімді әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету. 2025 жылы «Отбасы банк» тетіктері арқылы 77 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» тарапынан тұрғын үй құрылысын қолдау көлемі 700 млрд теңгеден асты. Бұл шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік берді, бұл елдегі көппәтерлі тұрғын үйді жалпы енгізу көлемінің 22%-ын құрайды.

Толық өндірістік цикл – өнеркәсіптік тәуелсіздіктің негізі

Фото: primeminister.kz

Қаржылық ынталандыру нақты сектордың дамуымен тығыз байланысты. Үкіметтің басты назарында Президент қойған міндетті жүзеге асыру мақсаты тұр, ол – ел ішінде шикізатты терең өңдеуден бастап, қосылған құны жоғары дайын өнімді шығаруға дейінгі толық өндірістік циклды құру. Локализацияны дамыту импортқа тәуелділікті азайтуға, отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға және жаңа жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Осы жұмыс шеңберінде 2024 жылдан бері Қазақстанда ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жеңіл өнеркәсіпте мақта өңдеудің толық циклін қалыптастыру негізгі векторға айналды: мәселен, Түркістан облысындағы «TURAN» АЭА аумағында «Түркістан тоқыма» ЖШС LIHUA GROUP-пен бірлесіп иіруден бастап дайын үй тоқыма бұйымдарын шығаруға дейінгі барлық кезеңді қамтитын толық өндірістік циклді заманауи тоқыма кешенін салады. Кәсіпорын мақтаны терең қайта өңдеп, жаңа текстиль өнімін шығарады. Онда 1,3 мың жұмыс орыны құрылады.

Қазақстандық автомобиль жасау саласы сапалы динамика көрсетіп отыр, мұнда кәсіпорындардың құзыреті бұрынғы ірі тораптық құрастырудан бүгінгідей шағын тораптық құрастыру операцияларын орындауға ауысқан. Соның арқасында кейбір автомобиль маркалары бойынша локализациялаудың орташа деңгейі 40%-ға жетті. 2024-2025 жылдар аралығында қуаттылығы жылына 70 мың авто болатын Kia Qazaqstan және мультибрендтік Astana Motors Manufacturing Kazakhstan автозауыттары пайдалануға берілді. Соңғысы жылына Changan, Great Wall Motor және Chery үшін 120 мың авто шығарады.

Сонымен қатар құрамдас база да кеңейтілуде: Саран қаласында Tengri Tyres шина зауыты іске қосылды, Алматыда Hyundai мультимедиялық жүйелерін, HVAC модульдерін және еден жабындарын шығаратын Kazakhstan Mobility Engineering және автоорындықтар шығаратын Almaty Autoparts Production кәсіпорындары, ал Қостанайда автокомпоненттердің мамандандырылған Локализациялық орталығы жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы және теміржол машиналарын жасауда «АгромашХолдингKZ» базасында John Deere техникасын өндіруді бастау, Valmont Industries компаниясының Valley жаңбырлатып су шашу машиналарын локализациялау, Астанада швейцариялық Stadler жолаушылар вагондарын құрастыру және Wabtec локомотив зауытында локализация деңгейін 45%-ға жеткізу маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, XCMG Group-пен («Barys Truck Manufactory» ЖШС) арнайы техникалар, Саранда Samsung компаниясының теледидарлары мен кір жуғыш машиналарын шығару және Алматыдағы Xiaomi теледидарларын құрастыру жолға қойылған.

Сондай-ақ, Петропавл қаласында «ҚАЗТЕХМАШ» машина жасау зауыты» ЖШС-нің өндірістік алаңында LiuGong әлемдік брендінің жол-құрылыс техникалары өндірісі ұйымдастырылды.

Металлургия мен химия өнеркәсібінде үлкен диаметрлі болат құбырларды («ТЭМПО-Казахстан»), алюминий қаптамасын («QazAlPack»), алюминий радиаторларын («Silumin of Qazaqstan»), сондай-ақ сұйық шыны, натрий силикаты және метилэтанол шығаратын зауыттар іске қосылды.

Мұндағы жүйелі нәтижені кешенді мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіп отыр. Өнеркәсіптік жобаларға «Бәйтерек» холдингінің даму институттары арқылы ұзақ мерзімге жеңілдікпен қаржы берілуде, 21 инвестициялар туралы келісім жасалған, «Атырау», «Ақтөбе», «Қорқыт Ата» және «Алатау» ИСЛК»-ларды қоса алғанда 11,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартқан 18 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп тұр.

Жалпы алғанда ішкі тұрақты сұраныстың, ЕАЭО мен Орталық Азия нарығына шығу мүмкіндігінің болуы, шикізат базасы мен өнеркәсіптік преференциялар инвесторларды қарапайым құрастыру өндірісінен отандық қосылған құнның жоғары үлесі бар толыққанды тізбектерді қалыптастыруға көшуге ынталандырып отыр.

Ірі кәсіпорындардың айналасындағы шағын және орта бизнес

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Үкімет ірі кәсіпорындардың айналасында тұрақты ШОБ желісін құруды көздейтін кәсіпкерлікті дамытудың жаңа моделін қалыптастыруда. Тауарлар мен жиынтықтауыштарды өндіруге, қызметтер көрсетуге және сервис жасауға қатысы бар өңірлік бизнесті дамытуға басты назар аударылып отыр. Бұл тәсіл өндірістік кооперацияны кеңейтеді, ел ішінде қосымша құнды локализациялауға және құруға ықпал етеді.

Мұндай экожүйені қалыптастыру үшін мемлекет бизнесті қолдаудың қаржылық құралдарын жетілдіруде. Негізгі тетіктердің бірі – 2025 жылы іске қосылған «Өрлеу» жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы. Ол жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуге, кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға және өңдеуші өнеркәсіп, агроөңдеу, логистика, білім беру, сондай-ақ денсаулық сақтауды қоса алғанда, экономиканың басым секторларында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға бағытталған.

2025 жылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында 588 млрд теңге сомасына 2 278 жоба қаржылай қолдау алды. Бағдарламаның жинақталған портфелі ірі индустриялық-экономикалық орталықтар мен индустриалды дамыған өңірлерде ең жоғары белсенділік көрсетті. Тартылған қаражат көлемі бойынша Алматы қаласы (104 млрд теңгеге 319 жоба), Астана қаласы (90 млрд теңгеге 268 жоба), Алматы облысы (56 млрд теңгеге 150 жоба) және Шымкент қаласы (52 млрд теңгеге 182 жоба) көш бастап шықты. Қаржының едәуір көлемі Қостанай (30 млрд теңге), Қарағанды (29 млрд теңге) және Ақтөбе (23 млрд теңге) облыстарына бағытталды.

2026 жылдың басынан бастап «Өрлеу» бағдарламасы аясында 23 млрд теңге шамасында тағы 131 жоба қаржыландырылды. Биыл қаражаттың ең көп көлемін Ақтөбе облысы тартты, онда ірі бастамаларды жүзеге асыру есебінен 7,4 млрд теңгеге 12 жоба қаржыландырылды. Жоғары қарқын Астана (4 млрд теңгеге 24 жоба), Алматы (3,7 млрд теңгеге 21 жоба) және Шымкент (1,4 млрд теңгеге 12 жоба) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды (0,7 млрд теңгеге 8 жоба) және Абай (0,7 млрд теңгеге 10 жоба) облыстарында сақталып отыр.

Қаржы екінші деңгейлі банктер мен «Даму» қорының біріге қаржыландыру шарттары арқылы ұсынылып отыр, бұл ретте түпкі қарыз алушы үшін мөлшерлеме 12,6%-дан аспайды. Қаржыландырудың максималды көлемі инвестициялық жобалар үшін 7 млрд теңгеге және айналым қаражатын толықтыру үшін 3,5 млрд теңгеге жетеді.

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет 2025 жылдың соңында бекіткен «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендердегі, аудан орталықтарындағы және шағын қалалардағы микро және шағын кәсіпкерлік жобаларына қолдау көрсетіліп келеді. Жергілікті өндіріске, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуге, қолөнерге және аймақтық қосылған құн тізбегін құратын басқа да бағыттарға басымдық берілген. Қызметтің басым түрлерінің тізбесін әкімдіктер аумақтардың мамандануын ескере отырып айқындайды.

Кәсіпкерлерді қолдау несиелерді субсидиялаудан және инженерлік желілерге қосылудан бастап үй-жайларды, жер учаскелерін беруге және оқытуға дейінгі қаржылық, инфрақұрылымдық және консультациялық шараларды қамтиды. Осы жылдың шілде айының соңындағы жағдай бойынша мамандар 127 аудан мен 16 қалаға 146 рет барып, кәсіпкерлерге 1,8 мыңнан астам кеңес берді. Бағдарламаны жүзеге асыруға 2026 жылы 24 млрд теңге қарастырылған, бұл 5 мыңға жуық жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Тамыз айының басында жалпы сомасы 18 млрд теңге болатын 266 жоба қолдау тапты.

Қабылданып жатқан шаралар ірі кәсіпорындардың айналасындағы отандық жеткізушілердің желісін кеңейтуге, сондай-ақ өнімді, сервисті және мердігерлік жұмыстарды локализациялауға ШОБ тарту үшін жағдай туғызады. Бұл өндірістік кооперацияны дамытуға, өңірлерде жұмыспен қамту мен бизнес табысының өсуіне, сондай-ақ экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді.

Энергетикадағы қазақстандық мазмұн үлесі

Фото: primeminister.kz

Отандық өндірушілерді қолдаудың жеке бір бағыты жабдықтарды, тауарлар мен қызметтерді ең ірі тұтынушылардың бірі саналатын энергетикалық сектормен де байланысты.

Үкімет Энергетика министрлігі атынан жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайту жөніндегі шаралар кешенін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Негізгі міндет – отандық өндірушілерден сатып алу көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар ұлттық өнеркәсіптің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттің, ірі операторлар мен бизнестің өзара іс-қимылының тұрақты жүйесін құру.

Отандық өндірушілерді қолдауды күшейту үшін заңнама жетілдірілуде. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарында тауарларды сатып алу кезінде жергілікті қамтудың ең аз үлесі бекітіледі, елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындау үшін жауапкершілік күшейтіледі. Отандық өндіруші болған жағдайда сатып алу қазақстандық тауар өндірушілер арасында жүргізіледі, ал елішілік құндылықтың ең аз үлесі жұмыстар мен қызметтерде 50% және жобалау жұмыстарында 80% деңгейінде белгіленген.

Еліміздің Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған секілді ірі мұнай-газ жобаларына ерекше көңіл бөлініп отыр. «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» және NCOC операторларымен бірлесіп қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін жыл сайын ұлғайтуды, ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасуды, жаңа өндірістерді локализациялауды, сондай-ақ белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша компаниялардың басшылығы үшін KPI енгізуді көздейтін жергілікті қамтуды дамытудың бес жылдық бағдарламалары жүзеге асырылуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша осы бағдарламаларды орындау елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірушілердің ірі мұнай-газ жобаларына қатысуын кеңейту жөнінен оң серпінді көрсетті.

Мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. IMBC орталығымен бірге ірі операторлардың қажеттіліктері де зерделенді: нәтижесінде 19 перспективалы тауар санаты анықталды, 120 мыңнан астам позиция қаралды және жоғары сұранысқа ие 160-тан астам өнім түрі анықталды. Олардың негізінде өндірістерді Қазақстанда локализациялау үшін нақты бағыттар қалыптастырылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мұнай-газ саласына арналған бірегей жабдықтардың 10 өндірісі локализацияланды, олар – бекіту арматурасы мен бақылау-өлшеу аспаптарынан бастап химиялық реагенттерге, композиттік материалдарға және коррозияға қарсы жабындарға дейінгі өндіріс орындары. 2027 жылға дейін әлемнің жетекші өндірушілерін тарта отырып, сұранысқа ие өнімдердің тағы 15 өндірісін локализациялау жоспарлануда.

Сонымен бір мезгілде мұнай-газ компаниялары мен отандық өндірушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу тәжірибесі де кеңейтілуде. Егер 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұндай ұзақ мерзімді келісімдердің сомасы 21 млрд теңгені құраған болса, 2025 жылы ол екі еседен астам, яғни 49 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оң динамика 2026 жылы да сақталмақ. Министрлік импортты алмастыру әлеуетін анықтау мақсатында сатып алуларға тұрақты негізде талдау жүргізіп келеді, сондай-ақ мұнай-газ саласы үшін жабдықтар мен қызметтерді жеткізуге қазақстандық өндірушілердің қатысуын кеңейту бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен бірлескен кеңестер ұйымдастырылуда.

Шаралар кешені елішілік құндылықты нығайтуға, өнеркәсіптік базаны кеңейтуге және қазіргі заманғы өндірістерді локализациялауға бағытталған. Бұл мұнай-газ саласының импортқа тәуелділігін төмендетуге, технологиялық құзыреттерді дамытуға, инвестициялар тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Отандық өндірушіні қолдау – экономикалық өсудің жаңа моделінің негізі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында ұлттық экономиканы одан ары жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде арттыру үшін берік құқықтық және институционалдық іргетас қаланды. Жергілікті өндірісті дамыту, қазақстандық қамту үлесін кеңейту және бизнесті қаржылық қолдау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру негізгі конституциялық бағдарларға тікелей жауап бола алады.

Мемлекет қабылдайтын барлық шаралар нәтиже беруде: өндіріс пен инвестиция көлемі өсуде, отандық кәсіпорындар саны артуда, ШОБ үшін мүмкіндіктер кеңеюде, қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы позициясы нығаюда.

Толық өндірістік циклды құру, ШОБ-тың аймақтық белдеуін тиімді локализациялау және дамыту – өнеркәсіп пен ел экономикасының орнықты дамуының негізіне айналуда.

Осылайша, отандық тауар өндірушілерді ынталандыру өнеркәсіптік саясаттың ағымдағы құралы ғана емес, мемлекеттік дамудың жаңа кезеңіндегі Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігінің басты драйверіне айналып келеді.

Сообщение Отандық өндіріс: мемлекет бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін енгізуде появились сначала на Tizgin kz.

Қытай көліктерінен желатинге дейін: Өнеркәсіпті дамыту қоры қандай жобаларға несие беріп жатыр
Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібін қаржыландыратын негізгі даму институты – «Өнеркәсіпті дамыту қоры». Кейінгі жылдары бұл ұйымның жаңа өнеркәсіп саясатындағы ықпалы ұлғайып келеді. Қор былтыр 524 жобаға 948 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Олардың арасында қытайлық Changan, Chery, Haval және Jetour автокөліктерін шығаратын зауыттар да, желатин, айна, кілем, қаптама, кондитер өнімдері мен жүн өңдеу өндірістері де бар, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Соңғы жеті жылда ӨДҚ-ны портфель құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2018 жылғы 22%-дан 2024 жылдың ортасында 41%-ға дейін көбейіп, инфрақұрылым жобаларының үлесі 69%-дан 46%-ға дейін қысқарған. Бұл қордың өндірістік жобаларға басымдық бере бастағанын көрсетеді.

2025 жылы ӨДҚ қаржыландырған ірі жоба – Алматыдағы 101,9 млрд теңгелік Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренд зауыты. Мұнда Changan, Chery және Haval маркалы көлік шығару жолға қойылған. Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПромның» Jetour X70 Plus автокөліктерін құрастыру жобасы, Астанадағы «Автокомпоненты KZ»-тің өрт сөндіру техникасына арналған бөлшектер шығаратын кәсіпорны да қордан қолдау көрді.

Сондай-ақ былтыр бұл қор Тараздағы Taraz Gelatin желатин өндіретін зауыттың құрылысына да атсалысты. Қызылордағы AynaGlass жобасы Қазақстандағы алғашқы конвейерлік айна өндірісін іске қосты. Ал Ақтөбедегі KazFeltec жүн өңдеп, құрылысқа арналған жылуоқшаулағыш материалдар шығара бастады. Семейдегі «Қазполиграф» Pure-Pak картон қаптамасын өндіруге арналған жаңа желіні іске қосты. Шымкенттегі «Бал Текстиль» кілем өндірісін кеңейтіп, «Рахат-Шымкент» вафли өндіру желісін жаңғыртты. Алматы облысында Run Planet Organic алма өңдеу кәсіпорны пайдалануға берілді.

Экологиялық бағыттағы жобалар да назардан тыс қалмаған. Қостанай облысында «Рудный-Абат-2006» мен «Еділ және компания» қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын жүзеге асырды. Қарағанды облысында Qaragandy Power Silicon кремний өндірісінің бірінші кезеңін іске қосса, Silumin of Qazaqstan қысыммен құю зауытын қолдаанысқа берді.

Инфокесте: AI/Tizgin.kz

Өнеркәсіпті дамыту қоры 2025 жылы пайдалануға берілген 14 негізгі өндірістік жобаға 149,7 млрд теңге инвестиция салып, нәтижесінде 3 340 жаңа жұмыс орны ашылған.

Жылдық есепте қордан 524 ұйым қарыз алғанын көруге болады. Қысқартып айтсақ, Өнеркәсіпті дамыту қорының қаржысы бүгінде автомобиль құрастырудан бастап желатин, айна, кілем, қаптама, тамақ және қайта өңдеу өндірістеріне дейінгі әртүрлі бағыттағы кәсіпорындарды қолдауға бағытталып отыр.

Қазақстан соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібін экономиканың негізгі өсім нүктелерінің біріне айналдыруға талпынып келеді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарағанда, елдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2022 жылғы 48,8 трлн теңгеден 2023 жылы 47 трлн теңгеге дейін азайғанымен, кейін қайта өсімге шықты. 2024 жылы өндіріс көлемі 51,5 трлн теңгеге жетсе, 2025 жылы алғаш рет 62,6 трлн теңгеден асты. Осы кезеңде мемлекет өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа өндірістерді іске қосуға, кәсіпорындарды жаңғыртуға және импортты алмастыратын жобаларды дамытуға арналған қолдау құралдарын кеңейтіп жатыр.

Сообщение Қытай көліктерінен желатинге дейін: Өнеркәсіпті дамыту қоры қандай жобаларға несие беріп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Өнеркәсіп: Қазақстан Даму банкінің таңдауы кімдерге түсіп отыр
Қазақстан ондаған жыл бойы экономиканы мұнайға тәуелділіктен арылтып, өңдеу өнеркәсібін дамытуға күш салып келеді. Сол үшін қазақстандықтардың салығы есебінен жеңілдетілген несие беріп, салық жеңілдіктерін ұсынып, өндірістік инфрақұрылым салуға қаржы бөлді. Бұл саясаттың негізгі қаржы операторларының бірі – Қазақстанның Даму банкі. Бұл институт арқылы көрсетілген мемлекет қолдауы қай кәсіпорындардың бағын ашты? Таңдау кімдерге түсті? Бүгінгі материалда осы сұраққа жауап іздейміз.

Тау-кен металлургиясы

Бұл салада ең көп қаржы KAZ Minerals Aktogay мыс-кен байыту комбинатына (963,8 млн доллар), Petrokazakhstan Oil Products мұнай өңдеу зауытына (931,1 млн доллар), Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға (475,8 млн доллар), Қазақстан электролиз зауытына (400 млн доллар), RG Processing алтын өндіру жобасына (300 млн доллар) және Ақтөбе рельс-арқалық зауытына (250,9 млн доллар) бағытталған.

Мұнай-химия және химия өнеркәсібі

Бұл бағытта Састөбе инновациялық кешені (64,5 млрд теңге), «Каустик» (65,7 млн доллар), «ҚазАзот» тыңайтқыш өндірісі (40,6 млрд теңге), Talas Investment Company натрий цианиді зауыты (40,6 млн доллар), ҚазАзотты жаңғырту жобасы (21,8 млрд теңге), Qazaq Soda кальцийленген сода зауыты (12 млрд теңге) және Шымкент химиялық компаниясы (9 млрд теңге) қаржыландырылған.

Машина жасау

Ең ірі жобалардың қатарында «Проммашкомплект» теміржол дөңгелектері зауыты (36 млрд теңге), Allur компаниялар тобы (29,5 млрд теңге), Hyundai Trans Kazakhstan (17 млрд теңге), АгромашХолдинг KZ (15,7 млн доллар), «АтырауМұнайМаш» (12,4 млрд теңге), Asia Trafo (8,6 млрд теңге), «Қазақэнергокабель» (7 млрд теңге) және Орал трансформатор зауыты (7 млрд теңге) бар.

Тамақ өнеркәсібі

Ең көп қаржы ECOCULTURE-EURASIA жылыжай кешеніне (42,2 млрд теңге), Макинск құс фабрикасының үш кезеңіне (33,6 млрд, 24,6 млрд және 14,6 млрд теңге), «Масло-Дел Петропавл» (21,2 млрд теңге), QAZAQ-ASTYQ GROUP жобаларына (17 млрд, 16 млрд және 7,1 млрд теңге), ALTYN SHYGHYS (15 млрд теңге), «Баян Сұлу» (6,1 млрд теңге), BIOOPERATIONS (6,5 млрд теңге), RG Brands Kazakhstan (4,9 млрд теңге) және «Шымкентмайға» (4 млрд теңге) бөлінген.

Құрылыс материалдарының өндірісі

ModeX Astana көлемді блоктар зауытына (26,8 млрд теңге) және EVOLVEKZ темірбетон бұйымдары өндірісіне (27,8 млрд теңге) инвестиция салған.

Өңдеу өнеркәсібі

AZALA Cotton (2 млрд теңге), AZALA Textile (2 млрд теңге) және «Шығысмашзауыты» (6,6 млрд теңге) жобалары қолдау тапқан.

Каталогтағы мәліметтерді таразылап қарасақ, Қазақстан даму банкі өнеркәсіп жобаларын қолдауға шамамен 2,35 трлн теңге бағыттаған. Оның ішінде ең көп қаржы тау-кен металлургиясы кешеніне (шамамен 1,03 трлн теңге) және мұнай өңдеу мен мұнай-химия саласына (727 млрд теңге) жұмсалған. Тамақ өнеркәсібіне 205 млрд теңге, химия өнеркәсібіне 194 млрд теңге, машина жасауға 126 млрд теңге, құрылыс материалдарының өндірісіне 55 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібінің өзге бағыттарына 11 млрд теңгеге жуық қаржы берілген. Бұл мемлекет қолдауының негізгі бөлігі шикізатты терең өңдеу мен экспортқа бағдарланған ірі өндірістерге бағытталғанын көрсетеді.

Сообщение Өнеркәсіп: Қазақстан Даму банкінің таңдауы кімдерге түсіп отыр появились сначала на Tizgin kz.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторларына 70%-ға дейін үстемеақы төленеді
Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы маман тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрдің айтуынша, өндіріс орындарындағы қауіпсіздікті бақылауға жауапты инспекторлар саны қазіргі таңда жеткіліксіз. Осыған байланысты ведомство кадрлық әлеуетті күшейтуге бағытталған бірқатар шараны қолға алған.

Атап айтқанда, еліміздің техникалық жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасалып, оқу бағдарламаларына «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» пәнін енгізу басталды. Бұл қадам болашақта салаға бейінді әрі кәсіби мамандар даярлауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сонымен қатар, министр өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторларын әлеуметтік қолдау мәселесіне де тоқталды. Оның сөзінше, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап аталған сала инспекторларына 30%-дан 70%-ға дейін үстемеақы төлеу жоспарланып отыр.

«Қабылданған шаралар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде», – деді Шыңғыс Әрінов.

Айта кетейік, соңғы жылдары өндірістегі апаттар мен техника қауіпсіздігіне қатысты оқиғалар жиілеп, бұл саладағы бақылауды күшейту мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Сарапшылар өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторларының тапшылығы ірі өндіріс орындарындағы тәуекелдерді арттыратынын айтып жүр.

Сообщение Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторларына 70%-ға дейін үстемеақы төленеді появились сначала на Tizgin kz.

200 жаңа жоба: Қазақстан өнеркәсібі қалай өзгеріп жатыр
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі шикізатқа тәуелді модельден біртіндеп алыстап, жаңа индустриялық кезеңге бет алды. Бұл – ел үкіметі 2010 жылдардың басынан бері халыққа уәде етіп келе жатқан саясат. Сол уәдені орындау үшін арнайы индустриялық-инновациялық бағдарлама жасалып, мұнай экспортынан түскен триллиондаған ақша жаңа жобаларға салынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сол бағдарламаның сәтсіз іске асуы мемлекеттік бір кірген иірімге қайт әкеліп отыр. Бірақ бұл жолғы саясат сәтті басталды деуге негіз бар. 2024 жылдан бастап қайта өңдеу секторының экономикадағы үлесі тау-кен өндірісінен асып, экономиканың құрылымы өзгере бастады. 2026 жылдың алғашқы тоқсанында өңдеу өнеркәсібі 8,5%-ға өссе, машина жасау саласы 21,9% өсім көрсетті.

Қайта өңдеу ЖІӨ-нің шамамен 13-14%-ына жетіп, өндіріс көлемі 23 трлн теңгеден асты. Бұл ішкі кооперацияның күшейгенін көрсетеді.. Мысалы, «Қазцинк» ЖШС жеткізетін қорғасын аккумулятор өндірісінде пайдаланылса, «Қазақмыс» пен Қазақстан электролиз зауытының металдары электротехникалық өнім шығаруға бағытталып отыр. «Qarmet» өнімдері тұрмыстық техника мен машина жасау саласына жолданып жатыр.

2026 жылы елде 200 өнеркәсіптік жоба іске қосылып, шамамен 19,4 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде металлургияда 39 жоба, құрылыс материалдарының өндірісінде 28, химия өнеркәсібінде 21, тамақ өндірісінде 13 жоба бар.

2021 жылы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданса, кейін 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Өндіріс құрылымы да өзгеріп жатыр. Жеңіл өнеркәсіпте өсім 51,1%-ға, құрылыс материалдарында 37,1%-ға жетті. Химия өнеркәсібі мен пластмасса өндірісі де тұрақты өсім көрсетуде.

Жаңа өнеркәсіп саясаттың сатысы – қосылған құны әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту.

“Өндірісті дамыту бұрынғыдай жобалық қуаттарды арттырумен шектелмеу керек. Экономикамыз пластик өнімдерін әлі де көп импорттайды. Ішкі өндірісті дамыту сыртқы тәуелділікті азайтады. Мысалы, осы саланы жолға қойсақ, қаптама индустриясы мен құрылыс материалдарының өндірісі қарқынды дамиды. Алайда қосылған құны бар өндіріс қарқын алу мемлекет жаңа өндірістерге өнеркәсіптік деңгейде сұраныс қалыптастыру керек”, – дейді Елена Акольцева.

Сообщение 200 жаңа жоба: Қазақстан өнеркәсібі қалай өзгеріп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Сарандағы серпіліс: Тарихы терең қала өрлеудің жаңа белесіне көтерілді
Жетпіс жылдан астам тарихы бар Саран – бұл күнде қайта түлеген қала. Бір уақыттарда өндіріс оты маздап жанып, мыңдаған тағдырдың несібесіне айналған шаһардың тоқсаныншы жылдардың тоқырауында еңсесі түскендей болған. Алайда уақыт қанша сынға салса да, Саранның рухы сынбапты – қайта жаңғырып, жаңа дәуірге бет алғаны көзге жылы ұшырайды.

Tizgin.kz қаланың бүгінгі тынысын, өзгерістерін өз көзімен көру үшін бұл жолы Саранға арнайы ат басын бұрды. Өткеннің жүдеу естеліктері енді басталған игіліктерге орын беріп, дәл қазір Саранның әр көшесінде жаңа бір тыныс, жаңа қозғалыс сезіледі.

Саран – Сарыарқаның жүрегінде, Қарағандының қақ төрінде орналасқан қала. Облыс орталығынан небәрі 16 шақырым жерде орналасқан. Қала аумағы – 161 шаршы шақырым. Бірақ бұл сандардың ар жағында өмірдің өз үні жатыр: 43,5 мың тұрғын, 70-тен астам этнос, 7 конфессия, 9 діни бірлестік, 11 кәсіподақ, 17 үкіметтік емес ұйым бар. Қазағы 28,03%, орысы 47,91%, басқа этностары 24,1%. Бәрі бір аспанның астында жарасып өмір сүріп жатыр.

Саранға келген адам бұл қаланың көңіл күйін бірден сезеді: бір жағында – өндірістің бұрқ-сарқ еткен дауысы, екінші жағында – жайлы тыныштық, ортасында бірлігі жарасқан халық күнделікті өмірін кешіп жатыр. Жұрттың еңбекшіл рухы әлі де сол қалпында. Тоқыраудан өткен қаланың қайта жанданып, екінші тынысы ашыла бастағаны байқалады.

ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨНДІРІС

Саранның бүгінгі даму даңғылын түсіну үшін оның экономикасына көз жүгірту керек. Бір кездері бұл қалада Қазақстанның ең үлкен резеңке зауыты болған. Мемлекет моноқалаларды дамыта бастаған тұста Саранның өндіріс алаңдары қайта түледі. Қазір Саран – нағыз индустриялық аймақ, Қарағанды облысының өндірістік жүрегіне айналып келе жатқан орталық.

Қалада 65 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, ескіден келе жатқан екі шахта (Саран және Құзымбаев) – өңірдің еңбек дәстүрін жалғастырып тұрған ірі нысандар. Халықтың төрттен бірі өнеркәсіп саласында еңбек етеді.

2025 жылы жалпы құны 318 млрд теңгеден асатын алты ірі инвестициялық жобаның іске асырылып жатқаны – Саранның даму бағытының айқын дәлелі. Бұл жобалар толық қуатына шыққанда қалада 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылады. Өндіріс ошағы көбейген сайын Саранның демографиясы, әлеуметтік жағдайы да бірге жақсарып келеді.

Қаланың жаңа тынысына айналған негізгі кәсіпорындарын қысқаша шолып шықсақ:

Tengri Tyres – Қазақстандағы алғашқы толық циклді шина зауыты

Бұл кәсіпорын – Саранның қайта өрлеуінің символына айналған жоба. Мұнда автомобиль шиналары толық циклде өндіріледі, яғни шикізаттан дайын өнімге дейінгі барлық процес жолға қойылған.

Attar брендті дөңгелектер ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да бағытталған.

Silk Road Electronics – «Samsung» және «Artel» брендімен техника өндіретін алып платформа

Бұл зауытта тоңазытқыш, пеш, теледидар сияқты тұрмыстық техниканың 7 түрі шығарылады. Әлемдік Samsung брендімен бірлескен жоба Саранды Қазақстандағы электроника өндірісінің орталығына айналдырып отыр.

Мұнда ашылған жаңа теледидар желісі – халықаралық компаниялардың қалаға деген сенімінің белгісі. Жүздеген жас маман осында тұрақты жұмыс тапқан.

Ыстық мырыштау зауыты – метал бұйымдарын ұзаққа шыдайтын деңгейде қорғау орталығы

Құны 6,2 млрд теңге болатын бұл зауыт жылына 50 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Үлкен инфрақұрылымдық жобаларда қолданылатын метал бұйымдарын тоттан қорғауда сұранысы жоғары. Мұнда 115 адам тұрақты жұмыс істейді. Бұл кәсіпорын аймақтың металлургиялық әлеуетін күшейтіп тұр.

ТЭМПО–Қазақстан – тігіссіз болат құбырлар шығаратын стратегиялық жоба

Құны 20 млрд теңгелік зауыт – Саранның өндірістік картадағы тағы бір ірі нүктесі. Электрдәнекерленген, жоғары сапалы құбырлар шығаратын кәсіпорын мұнай-газ саласы, құрылыс және ауыр өнеркәсіп үшін маңызды. 400-ден астам жұмыс орны қаладағы еңбек нарығына қуатты серпін берді.

QazTehna – Қазақстандағы автобустар мен коммерциялық көліктердің жетекші өндірушісі

Жыл сайын 1500-ден астам техника бірлігімен, заманауи технологиямен және локализацияның жоғары деңгейімен компания қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің болашағын құрып жатыр.

Мұнда қазір бүкіл республикада жүрген автобустар жасалады. Келешекте HOWO жүк көліктерін де шығару жоспарда бар.

КарЗТФ – полиэтилен құбырлары мен фитингтер өндірісі

Инфрақұрылымдық жобалар үшін өте қажет өнімдер шығаратын бұл кәсіпорынның инвестиция көлемі 2,5 млрд теңге. 126 жұмыс орны құрылған. Өнімдері су және жылу жүйелеріне кеңінен қолданылып, ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайтқан.

Karaganda Insulation – базальт талшығынан жылу оқшаулағыш материалдарын шығарады

Құны 55 млрд теңге болатын бұл зауыт – өңірдегі ең ірі өндірістердің бірі. Базальт негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар – құрылыс саласында ең сұранысқа ие өнім. Қалаға 250 жұмыс орны, жоғары технология, жаңа мамандықтар алып келді.

Great Sky – металл өңдеу мен соғу зауыты

Құны 38,2 млрд теңге, 400 жұмыс орны бар бұл кәсіпорын техникалық өндіріс саласын жаңа деңгейге көтеруі ықтимал. Әсіресе машина жасау секторына қажет бөлшектерді шығаруда үлкен мүмкіндіктер береді.

OptimTech базасындағы шағын индустриалды аймақ

Жалпы аумағы 30 мың шаршы метр болатын локализация орталығы – Саранның шағын және орта бизнесін қолдаудың жаңа моделі. Мұнда тұрмыстық техника құрастыруға арналған алаңдар жасалуда. Инвестиция көлемі – 10,5 млрд теңге. Бұл бастама жергілікті кәсіпкерлерге жаңа нарық ашады.

ЖАСТАР ТҰРАҚТАЙТЫН ҚАЛА

Саранның дамуы бір ғана өндіріс ошақтарымен шектелмейді. Қалаға аяқ басқан сәттен-ақ мұнда коммуналдық саланың да, әлеуметтік инфрақұрылымның да жүйелі түрде дамып жатқаны байқалады.

Қала бүгінде жүздеген көпқабатты үйді, ондаған әлеуметтік нысанды орталық қазандықтан үздіксіз жылумен қамтамасыз етіп отыр. Қуаты 100 Гкал болатын бұл қазандық – Саранның ұзақ қысына қалқан, тұрғындардың көңіліне сенім сыйлайтын нысан. Былтыр Саранда жылу мәселесіне байланысты жұрт шағым білдіріп, бұрынғы әкімі сол үшін қызметінен кеткен еді. Мәселе жаңа әкім Дарын Бұлқайыр қызметке келгеннен кейін реттелген. Бұрын әр үй жеке-жеке жылынса, қазір Саран бірінші рет толыққанды орталық жылу жүйесімен қысқа кірді.

Қала тұрғындарын 100% орталық сумен қамту үшін екі ірі жоба жүзеге асып жатыр. Оның бірі – су құбырлары желілерін толық реконструкциялау, екіншісі – көлемі 10 000 м³ болатын екі су қоймасының құрылысы. Бұл – тек инженерлік жұмыс емес, Саранның өмір сапасын жаңа деңгейге шығаратын стратегиялық шешім.

Ал ең күрделі бағыт – кәріз жүйесін жаңарту. 35,5 шақырымды құрайтын құбырлар ауыстырылып, ескірген коллекторлар қайта қалпына келтіріліп жатыр. Әсіресе Горняк шағын ауданындағы жұмыстар – көп жылдық мәселенің шешімі.

«Саран қалалық ауруханасы» бүгінде қаланың ғана емес, Ақтас кентінің де тұрғындарына қызмет көрсететін толыққанды медициналық кешенге айналған. Поликлиника ауысымына 586 адамды қабылдай алады – бұл жоспардан әлдеқайда көп. Стационарда 71 төсек, күндізгі бөлімде 33 төсек, ал жалпы қалада 425 медицина қызметкері бар.

Қалада 2149 мүмкіндігі шектеулі азамат бар, оның 553-і – арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында. Бұл орталықтың қызметі жыл сайын күшейіп келеді, алдағы уақытта жеке инвесторлардың қолдауымен жаңа оңалту орталығын ашу жоспарланған.

Саранда мемлекет бөлген пәтерлерде тұрып жатқан пәтерлерге кіріп шықтық. Үй алған отбасылардың қуанышында шек жоқ. Бәрі де қала басшылығына алғыс айтады.

Қалада 9 мектеп, 10 балабақша және үш қосымша білім беру орталығы жұмыс істейді. Бірақ ең маңыздысы – екі колледждің дамуы. Оның бірі – 103 жылдық тарихы бар Абай Құнанбайұлы атындағы жоғары гуманитарлық-техникалық колледж (103 жыл тарих). Экономика, білім беру, ІТ, қызмет көрсету салалары бойынша білікті маман дайындайды. Екіншісі – Саран техникалық колледжі. Автокөлік сервисі, электромеханика, тігін ісі, дәнекерлеу, тамақтандыру сияқты салалар бойынша кадр дайындайды.

Ең маңыздысы – бұл колледж студенттері басқа қалаға кеткісі келмейді. Жастардың басым бөлігі оқуын бітірген соң Саранда жұмыс табады. Зауыттармен жасалған келісімдер бойынша студенттер бірден тұрақты жалақысы бар жұмысқа орналасады.

Жастар демекші, қалада 14-35 жас аралығындағы 11 447 жас азамат тұрады екен. Бұл – бүкіл халықтың 26,1%-ы. Демек, Саран – жас қала. Қаланың жастарын белсенді жұмысқа Саран қаласының Жастар ресурстық орталығы әрдайым біріктіріп келеді.

Әсіресе жыл сайын өтетін «Жасыл ел» бағдарламасы қала өміріне ерекше рең береді. Биыл 220 жас қала көшелерін көгалдандырып, айналаны тазартуға атсалысқан.

Саранда 8 мәдениет нысаны бар: Саран мен Ақтас кентіндегі екі Мәдениет үйі, Тілдерді дамыту орталығы және бес кітапхана қаланың рухани орталығына айналған. 49 клубтық құрылымда 1200-ден астам адам тұрақты түрде өнер мен шығармашылықпен айналысады.

Спортқа жақын, жастарына сенетін, денсаулығы мықты қалалардың бірі де осы –Саран. Қалада 107 спорт нысаны, 120 спорт секциясы, Олимпиадалық резерв мектебі мен заманауи спорт орталығы жұмыс істейді. Бұл – өңір үшін өте жоғары көрсеткіш.

ҚАЛА ӘКІМІ ДАРЫН БҰЛҚАЙЫРМЕН СҰХБАТ

Қала әкімі Дарын Бұлқайырдан қаланың тыныс-тіршілігі жайлы сұрауға ниеттенген едік. Әкім сұхбат беруге бірден келісті.

– Дарын Бейбітұлы, Саранның индустриялық аймақ болуы қаланың өсіп-өркендеуіне қаншалықты септігін тигізіп жатыр? Индустриялық аймақ болмаған Саранның болған Сараннан айырмашылығы неде?

– Саран 1954 жылы құрылып, қала мәртебесін алған. Сол кезде бұл жерде Қазақстандағы ең үлкен резеңке зауыты болған. Тоқсаныншы жылдары мұның бәрі құлдырады, зауыттар жабылды. Ал қазір Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Саранда индустриялық аймақ ашылғаннан кейін ашылған жаңа зауыттардың арқасында мұндағы халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі жақсара бастады. Кезінде жұмыссыздық деңгейі 5% болса, индустриялық аймақ ашылғалы бұл көрсеткіш 3,2%-ға түсті. Қазір бұл жағынан республикалық деңгейден төменбіз. Біздің екі колледждің өзінде студент саны көбейіп келеді. Біздің балалар қазір сыртқа, басқа қалаға барып оқымайды. Мамандықты осы жақтан игереді. Біз сол жастарды жұмыспен қамту жағынан Сарандағы зауыттардың басшылығымен келісіп қойдық. Студенттер оқуын бітіреді де, зауытқа барады.

Кейінгі төрт жылда біздің қалаға салынған инвестиция көлемі 300 млрд теңгеден асты. Ол – 20 жылдық тарихта болмаған рекорд. Қазір көптеген өндірістер ашылып жатыр. Инфрақұрылым, адамдарға жағдай жасау, жұмыс орындарын ашуда септігі тиіп, оң нәтиже берді.

– Индустриялық аймақта қазір зауыттар ашылып, жұмыс істеп жатыр. Олар салық төлеуші ретінде осы Саран қаласына тіркеліп жатыр ма? Қаланың бюджеті соның есебінен қаншалықты толығып келеді?

– Әрине, осында ашылған зауыт-фабрикалар Саран қаласына тіркелген заңды тұлға болып саналады. Әлеуметтік, табыс, жеке және кооперативті салықтарының бәрі қала бюджетіне түседі. Десе де, қаражат бюджетке түскенімен, ол қаланың жағдайын жақсартуға жұмсалатын ақша. Сондықтан иә, шина шығаратын Tengri Tyres зауыты, Samsung пен Artel компаниясының бірлесіп Silk Road-та тұрмыстық техника шығарып жатқан өндірісі – бәрі Саранға тіркелген. Барлық қалада Саранда құрастырылған автобустар жүреді. KazTechno сонымен бірге енді HOWO жүк көліктерін шығаруға бет бұра бастады. Құбыр шығаратын TEMPO компаниясы да осында тіркелген. Сым шығаратын, оптикалық талшық (оптоволокно) жасайтын бұрыннан келе жатқан зауыттар бар. Біздің бірінші талабымыз – қалаға тіркелу, студенттер мен халықты жұмыспен қамту.

Бұрын бір жұмыс орнына 4–5 адам үміткер болса, қазір бір жұмыс орнына 4-5 вакансия бар. Яғни, қай жұмысқа барса да, азаматтарда қазір таңдау бар. Бұрынғыдай кезек емес, керісінше адам күтіп тұрған жұмыс орындары көп.

– Сонда Саранды қазір дотациялық қала деп айта алмаймыз ғой?

– Қазір Саран өзін-өзі қамтып отыр. Оған қоса біз облыс бюджетіне де кішігірім донормыз.  Бәрі де экономиканы әртараптандырудың арқасы.

Саран моноқалалар қатарынан шығып, облыстық маңызы бар қалаға айналды. Әйткенмен, облыстық және республикалық бюджеттен трансферттер беріледі. Бір қаланың бюджетімен бәрін жабу мүмкін емес. Облыс басшысының да Саранға деген көзқарасы өте жақсы. Себебі бұл – дамып келе жатқан қала.

– Былтыр Саранда жылу мәселесіне байланысты үлкен шу болып, әкім қызметінен кеткен еді. Сіз әкім болып келгелі сол мәселені реттей алдыңыз ба? Қала қыстан жақсы шығады деп айта аласыз ба?

– Иә, ондай ақау болды. Бірақ алдыңғы жылдардағы жағдайлар есепке алынып, барлық ақаулар жойылды. Қазандық толық штаттық режимге қойылды. Бұрын қала жеке қазандықтармен жылытылса, енді орталық жылумен қамтамасыз етілген. Жалпы 300 көпқабатты тұрғын үйдің 285-і орталық жылуға қосылған. Саран орталық жылытумен кіріп отырған бірінші қыс – дәл осы жыл.

Қыстан аман шығамыз ба деген сұраққа келсек, техникалық жағынан қазандықтар да, құбырлар да толық дайын деп айта аламын.

– Тағы бір мәселе — жол мәселесі. Халық тек Саранда емес, барлық аймақта осыған шағымданады. Бұл мәселені қалай реттеп жатырсыз?

– Иә, ондай сын бар. Ол — орынды сын. Жол жөндеу жұмыстарының басталуына дейін міндетті түрде оның астындағы инфрақұрылымды жөндеу керек. Асфальтты бүгін-ақ төсей салуға болады, бірақ ертең құбыр үшін қайта қазуға тура келеді.

Қазір қалада ауызсумен қамтамасыз ету үшін барлық су құбырлары ауыстырылып жатыр. Жалпы ұзындығы 35 шақырым болатын кәріз жүйесін жөндеу басталып кетті. Мердігер бар. Жылу құбырларын биыл жазда толық ауыстырдық – халық көрді. Онсыз болмайды. Алдымен кәріз бен жылу жүйесін реттеп, екі жылда толық инфрақұрылымды жаңартып, содан кейін ғана жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жоспарда бар. Қазір орташа жөндеумен шектеліп отырмыз.

– Саранға кіргенде үйлердің сыртына бірыңғай аппақ қоршаулар қойылғанын байқадық. Бұл эстетикалық тұрғыдан жақсы көрінеді. Мұны әкімдік жергілікті бюджеттен жасатып берді ме?

– Иә, бұл қалалық бюджет есебінен жасалды. Адам үйіне кіргенде есіктен бастап тазалық пен әдемілікті көргісі келеді ғой. Қалаға кіргенде де дәл сондай әсер қалдыруға тырыстық. Сол себепті қоршаулар орнаттық. Қазір үйлердің қасбеттерін де реттеп жатырмыз.

– Сұхбат бергеніңіз үшін рақмет!

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Саран – тоқыраған қала туралы ескі түсінікті түбегейлі бұзған өңір. Бүгінде бұл шаһар жаңарған өндірісімен, жаңғырған инфрақұрылымымен, қаладан кетпейтін жастары бар әлеуетімен өзгелерге үлгі болып отыр. Біз көрген Саран коммуналдық жүйесі реттеліп, жаңа зауыттары іске қосылып, мәдени-спорттық өмірі жанданған Саран – болашағы айқын, қарқыны қатты қалаға айналып келеді.

Сообщение Сарандағы серпіліс: Тарихы терең қала өрлеудің жаңа белесіне көтерілді появились сначала на Tizgin kz.