Архивы Лондон - Tizgin kz

Холланд, Хакими, Кукурелья: “Алтын допқа” үміткерлер тізімі шықты
Жүлде алуға үміткер 30 футболшының арасында аргентиналық Лионель Месси де бар, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мессиде мүмкіндік бар ма

Аталған тізім France Football басылымында жарияланған. Соған сенсек, Лионель Месси марапатқа екі жыл үзілістен соң қайта ұсынылды. Өткен маусымда ол “Интер Майами” мен Аргентина сапында 49 ойын өткізіп, 75 голдық нәтижеге қол жеткізді. Одан бөлек, биыл ұлттық құрамасымен әлем мундиальдің финалында доп тепті.

Тізім

Басты үміткерлер қатарында Килиан Мбаппе, Харри Кейн, Эрлинг Холанд, Усман Дембеле Ламин Ямаль және Кейін бар.

Толық тізім төмендегідей:

Джуд Беллингем;

Пау Кубарси;

Марк Кукурелья;

Луис Диас;

Усман Дембеле;

Эрлинг Холанд;

Габриэл Магальяйнс;

Харри Кейн;

Бруну Фернандеш;

Ашраф Хакими;

Хвича Кварацхелия;

Ламин Ямаль;

Маркиньос;

Садио Мане;

Килиан Мбаппе;

Лаутаро Мартинес;

Лионель Месси;

Нуну Мендеш;

Жоау Невеш;

Майкл Олисе;

Виллиан Пачо;

Хулиан Киньонес;

Родри;

Деклан Райс;

Ферран Торрес;

Дайо Упамекано;

Винисиус Жуниор;

Витинья;

Вильям Салиба;

Фабиан Руис.

Ал 5 дүркін “Алтын доп” иегері Криштиану Роналду үміткерлер қатарынан көрінбеді. Ол бұл марапатқа 2022 жылдан бері ұсынылмай жүр.

“Алтын допты” табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді.

Сообщение Холланд, Хакими, Кукурелья: “Алтын допқа” үміткерлер тізімі шықты появились сначала на Tizgin kz.

Туғаннан зағип қазақстандық жүлделі пианист баспанасыз жүр
Көзіне әлемнің жарығы түспесе де, жүрегі мен саусақтары музыкаға жол тапқан астаналық жас пианист Абылай Мұстафин Лондонда 35 елдің өнерпаздары бақ сынаған Golden Time Talent халықаралық байқауында топ жарып, «Фортепиано» номинациясында бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Туа біткен көру қабілетінің жоқтығына қарамастан, ноталарды көрмей-ақ, шығармаларды есту және есте сақтау арқылы меңгеріп, биыл мектеп пен музыкалық мектепті «қызыл аттестат» және «қызыл дипломмен» тәмамдап, Қазақ ұлттық өнер университеті Күләш Байсейітова атындағы колледжіне мемлекеттік грантпен оқуға түскен өнерпаз өз әсерімен бөлісті,

Мүмкін емес нәрсені мүмкін етті

Абылай туғаннан бері көзі мүлдем көрмейді, тіпті жарықты да ажырата алмайды. Брайль әліпбиімен оқып, жазады. Ноталарды есту және есте сақтау арқылы үйренген. Биыл №10 гимназияны «қызыл аттестатпен», ал Роза Бағланова атындағы музыкалық мектепті «қызыл дипломмен» аяқтаған.

Ол 35 елден келген өнерпаздар арасындағы бәсекеде топ жарып, мүмкін емес нәрсенің мүмкін екенін дәлелдеді.

«Байқауға қатысушылардың көздері көреді. Олар пианинода ойнап отырғанда нотаны көріп отырады, сондықтан кез келген шығарманы бірден ойнап кете алады. Ал мен бәрін жаттап үйренемін. Әр шығарманы музыка пәнінің мұғалімімен бірге есту арқылы тыңдап, жаттап аламын. Менің репертуарым шектеулі: қанша шығарма үйренсем, соншасын ғана ойнай аламын, бірақ мен де дайындыққа өзгелерден кем емес ынтамен әрі мұқият дайындалдым», – дейді ол.

«Бүкіл әлем мен үшін тоқтап қалғандай болды»

Лондон қаласында өткен Golden Time Talent халықаралық байқауының «Фортепиано» номинациясы бойынша 1-орынды жеңіп алған жас талант алған әсерімен бөлісті.

«Мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты пианистермен танысып, олармен бірге Корольдік Музыка Академиясының сахнасында өнер көрсеткеніме зор әсер алдым. Бұл байқау маған бір сәтке болса да бәрімен бірдей екенімді сезінуге мүмкіндік берді: мен роялдің алдына отырғанда бүкіл әлем мен үшін тоқтап қалғандай болды: ноталарды көрмей, шығарманы жатқа ойнағаным маңызды емес еді. Мен музыкаға еніп, мұғаліммен бірге өткен жаттығуларымдағыдай ойнадым. Өнерімнен кейін залдағы тыңдаушылар – байқаудағы жолдастарым мен қазылар алқасы ду қол шапалақтап, зор қолдау көрсетті. Сол сәтте мені  бүкіл әлем қабылдағандай сезіндім», – дейді Абылай Мустафин.

Лондондағы Қазақстан елшілігі Абылайды шайға шақырды

Байқаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін бірден Лондондағы Қазақстан Елшілігі Абылай мен анасын шайға шақырған.

«Бұл менің Лондондағы соңғы күнім еді. Сол күні мен Chessington World of Adventures саябағына баруды жоспарлаған едім. Лондонда ыстық болғандықтан, анаммен қаладан шығып, серуендегіміз келді. Бұл саябақ су сырғанақтарымен танымал, олар менің диагнозым бар балаларға да лайықталған. Менің диагнозым – көздегі торлы қабықтың сылынуы және шала туылған нәрестелердің 5-дәрежелі ретинопатиясы. Елшілікке шақырылғанымызды білген соң, біз жоспарымызды өзгертіп, 125 Pall Mall мекенжайына бардық. Елшілікте мені жылы қарсы алып, көптеген игі тілектер айтты, ескерткіш мүсінше мен «Қазақстан» шоколадын сыйға тартты. Ризашылығымды білдіру үшін мен Латиф Хамиди, Сәбит Мұқанов және Күләш Байсейітованың «Қазақ вальсі» әнін орындадым. Бұл сапар менің жүрегімде ұзақ сақталады», – дейді ол.

Лондондағы жеңістен кейін Абылай мен анасы баспанасыз қалды

Аталған байқауда топ жарып, бірінші орын алған Абылай Астанаға анасымен бірге қайтып оралған кезде күйзеліске түскен, себебі соңғы 5 жылда жалдап тұрып жатқан пәтерден шығарып тастаған.

«Анам екеуміз 35 градус аптап ыстықта Астананың түкпір-түкпірін шарлап, өзімізге қолайлы пәтер іздедік. Өкінішке қарай, тапқан пәтерлеріміздің барлығының жалдау ақысы 170 000 теңгеден жоғары болып шықты. Ал біздің бюджетіміз – 140 000 теңге», – дейді ол.

Threads-тегі оқырман бір жылға пәтерге тұруды ұсынды

Қуанышқа орай, Threads желісіндегі мейірімді оқырмандардың бірі Абылай мен анасын  өз пәтеріне бір жылға тұруға ұсыныс жасаған. Бір жерден екінші жерге көшіп, қарбалас жүрген Абылай оқуға түсу үшін емтихан тапсырып үлгерген.

«Мен Қазақ ұлттық өнер университеті Күләш Байсейітова атындағы колледжіне «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша білім алуға мемлекеттік грант иелендім. Бұл мамандықтың біліктілігі – эстрадалық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы», – дейді ол.

Сообщение Туғаннан зағип қазақстандық жүлделі пианист баспанасыз жүр появились сначала на Tizgin kz.

Дариға Назарбаеваның зәулім үйі Лондонда саудаға шығарылды
Әлеуметтік желіде Дариға Назарбаеваға қатысы бар делінген зәулім үйдің суреттері тарады. Аталған үй бірнеше жылдан бері сатылымға шығарылғанымен, сатып алушы табылмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

САУДАҒА ҚАЙ ЖЫЛЫ ҚОЙЫЛДЫ

Анықталғандай, үй Лондондағы Денвуд-роуд ауданында, Highgate гольф-клубына жақын жерде орналасқан.

Әуелде бұл жылжымайтын мүлік 2022 жылдың наурызында, Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай сатылымға қойылған. Сол кезде оның бағасы 11,8 миллион доллар (5 730 526 040 теңге) болған. Қазір баға 10,5 миллион долларға (5 099 196 900 теңге) дейін төмендетілген.

Үйдің жалпы аумағы шамамен 765 шаршы метр. Онда жеті жатын бөлме, алты жуынатын бөлме, бірнеше қонақ бөлмесі, бассейн, бильярд залы және қысқы бақ бар.

ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ АГЕНТТІК РЕАКЦИЯСЫ

Зәулім үйдің суреттері жарияланған соң желі қолданушылары сәнді интерьерге ғана емес, қазақы нақыштағы бұйымдарға да назар аударды. Фотодан қымбат жиһаздардың арасында қазақтың кілемдері мен көрпешелері байқалады.

Бұл үйдің түпкілікті иесі Дариға Назарбаева екені 2020 жылы белгілі болды. Сол кезде Ұлыбританияның Ұлттық қылмыспен күрес агенттігі бұл үйге және тағы екі жылжымайтын мүлік нысанына тыйым салуға әрекеттенді. Тіпті оларды сатып алуға жұмсалған қаржының қайдан келгенін түсіндіруді талап етті.

Алайда кейін Лондон соты бұл мүліктерге салынған тыйымды алып тастады. Назарбаеваның өкілдері жылжымайтын мүлік заңды табысқа, соның ішінде қант компаниясындағы акцияларды сатудан түскен қаржыға сатып алынғанын мәлімдеді. Сот мүлікке қатысты шектеуді сақтап қалуға жеткілікті дәлел жоқ деген қорытындыға келген.

Сообщение Дариға Назарбаеваның зәулім үйі Лондонда саудаға шығарылды появились сначала на Tizgin kz.

Қазақ жігіті Лондонда мэр атанды
Қазақстанда туған Санжар Әбішев Лондонның беделді Сент-Джеймс ауданының мэрі болып сайланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әбішевтің жеке маркетинг агенттігі бар және ол Ұлыбританияның Консервативтік партиясының белсенді мүшесі.

Лондондағы Сент-Джеймс ауданы мэрінің сайлауында консервативтік партия атынан түскен Санжар Әбішев жеңіске жетті. Ол 2,3 мың дауыстың ішінде қарсыласынан 350 дауыс артық жинаған. Сайлау қорытындысы мен нәтижелер жарияланған сәттің видеосын қазақстандық танымал кәсіпкер, Kusto Group компаниясының негізін қалаушылардың бірі Қанат Көпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Көпбаев Санжар Әбішевтің өзінің досының ұлы екенін және оның Ұлыбританияда мектеп жасынан бері тұратынын айтты. Әңгіме қазақстандық кәсіпкер Азат Әбішев туралы болуы мүмкін.

«Қазақ отбасынан шыққан, Ұлыбритания элитасында туысы да, байланысы да жоқ жігіт білімнің, тәртіптің және көп жылғы еңбектің арқасында Лондонның мәртебелі ауданының мэрі атанды. Бұл — оның жолының бастамасы ғана екеніне сенімдімін», – деді Қанат.

Санжар Әбішевтің LinkedIn желісіндегі парақшасына сәйкес, ол Malvern College колледжін және университетті тәмамдаған. Әр жылдары Ұлыбританиядағы түрлі компанияларда маркетинг саласының маманы болып жұмыс істеген. 2016 жылдан бері ірі брендтермен жұмыс істейтін Blue Swallow Group маркетинг агенттігін дамытып келеді. Сонымен қатар, 2015 жылы бірнеше әлеуметтік жобаны қолдайтын жеке қайырымдылық ұйымын құрған.

Әбішев саясатта кем дегенде 2022 жылдан бері жүр. 2024 жылы ол Сент-Джеймс округінің Консервативтік партиясының төрағасы атанды. Оның Instagram-дағы жазбаларына қарағанда, ол аудан тұрғындарымен тұрақты кездесіп, қоғамдық және саяси жұмыстарға белсенді араласқан.

Сайлауға аз уақыт қалғанда, үгіт-насихат науқаны кезінде ол пәтерінде құлап, жарақат алып, бірнеше күн бойы жатып қалған 79 жастағы ер адамды құтқарып қалған.

Сообщение Қазақ жігіті Лондонда мэр атанды появились сначала на Tizgin kz.

Лондонда Палестинаны қолдап, көшеге шыққан 900-ге жуық адам ұсталды
Лондон полициясының мәліметінше, сенбі күні Ұлыбритания астанасында Palestine Action тобына тыйым салуға қарсы өткен демонстрация кезінде 890 адам ұсталған. Сенбі кешке полиция 425 адамның ұсталғанын хабарлаған еді. Бір ай бұрын өткен ұқсас акцияда 474 адам қамауға алынған, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Акцияны Defend Our Juries («Біздің қазыларды қорғайық») қозғалысының белсенділері ұйымдастырған. Олардың дерегінше, сенбі күні Лондонда Парламент алаңына 1500 адам жиналған.

Ұсталғандардың басым бөлігі Ұлыбританияда терроризм туралы заңға сәйкес тыйым салынған Palestine Action ұйымын қолдағаны үшін қамауға алынды. Полицияның мәлімдеуінше, «наразылық шарасы күш қолдануға ұласқаннан кейін» қамауға алынғандардың саны күрт артқан.

Полицияның хабарлауынша, 857 адам Palestine Action-ды қолдағаны үшін ұсталып, тағы 33 адам өзге құқықбұзушылықтар үшін қамауға алынған. Олардың ішінде 17-і — полицейлерге шабуыл жасағандар.

Наразылық акциясы сағат 13:00-де басталды. Көптеген қатысушылар қолдарына тыйым салынған ұйымды қолдайтын ұрандар жазылған плакаттар ұстап шықты. Соның ішінде: «Мен геноцидке қарсымын. Мен Palestine Action-ды қолдаймын» деген жазулар болды. Осыдан көп ұзамай полицейлер акцияға қатысушыларды ұстай бастады.

Лондон полициясының дерегінше, ұсталғандардың басым бөлігі жеке деректерін беруден бас тартқандықтан немесе өзге құқықбұзушылықтар бойынша тергеуде болып, кепілмен босатылғандар болғандықтан қамауға алынған.

«Операция кезінде бізге қарсы қолданылған күш – алдын ала келісілген және адамдардың бір тобы тарапынан жасалған әрекет. Олардың көпшілігі өз жеке басын жасыру үшін бетперде киген. Мақсат – мүмкіндігінше көп тәртіпсіздік тудыру еді, — деді қалалық полиция өкілі Клэр Смарт. — Заңды сақтау мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттілердің — бұл жағдайда Терроризм туралы заңға сәйкес қылмыс жасағандарды ұстауға шыққандардың — мұндай зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүлде орынсыз».

Бұған дейін Defend Our Juries қозғалысы полицияның ұқсас мәлімдемесіне жауап беріп, офицерлер «бейбіт шерушілерге, соның ішінде қарт адамдарға да қатыгездікпен шабуыл жасады, себебі олар картон плакат ұстағаны үшін мыңнан астам адамды қамауға алмақ болды» деп мәлімдеген. Сондай-ақ, ұйым полиция қызметкерлерінің адамдарды жерге итеріп құлатып жатқан сәтін көрсететін бейнежазбаны жариялады.

Хабарларға қарағанда, демонстрацияға қатысушылардың көбі жасы үлкен адамдар болған, ал оларды ұстаған полицейлерге «Ұят!» деп айқайлаған.

Amnesty International ұйымы болса, бұл қамаулар «Ұлыбританияда бір нәрсе дұрыс емес екенін көрсетіп отыр» деп мәлімдеді.

Сообщение Лондонда Палестинаны қолдап, көшеге шыққан 900-ге жуық адам ұсталды появились сначала на Tizgin kz.