Архивы Ерлан Сәрсембаев - Tizgin kz

Халық кеңесі құрылады: ол қандай ұйым әрі оның құзіреті қандай болмақ
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Халық кеңесі» қандай ұйым

Заң жобасын Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев таныстырды. Оның айтуынша, жаңа құрылым «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында қоғам мен билік арасындағы диалогты күшейту үшін құрылмақ.

Министрдің сөзінше, «Халық кеңесі» жоғары конституциялық консультативтік орган мәртебесіне ие болады. Алайда ол мемлекеттік органдардың жұмысын алмастырмайды және олардың функциясын қайталамайды.

«Бұл орган ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейтін алаңға айналады», – деді Сәрсембаев.

Жобаға сәйкес, Кеңестің негізгі органы – Сессия болады. Ал сессиялар арасындағы жұмысты тұрақты Төралқа жүргізеді. Сонымен қатар комитеттер, салалық комиссиялар және жұмыс топтары құрылмақ.

Кеңес құрамына кімдер кіреді

«Халық кеңесінің» құрамына этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес сектордың, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері кіреді деп жоспарланып отыр.

«Халық кеңесінің» құзыреті

Жаңа органға бірқатар маңызды өкілеттік беру ұсынылған.

«Қазақстан Халық Кеңесінің негізгі өкілеттіктеріне ішкі саясат мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, заңнамалық бастама құқығы арқылы заң шығару процесіне қатысу, референдум өткізу жөніндегі бастамаларды көтеру, қоғамдық талқылаулар ұйымдастыру және қоғамдық бақылауға қатысу жатады. Бұл ретте барлық өкілеттіктер консультациялық және бастамашылық сипатта болып, мемлекеттік билік жүйесімен тепе-теңдікті сақтауға бағытталған», – дейді Сәрсембаев.

Сонымен қатар «Халық кеңесіне» Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастыру функциясын беру де қарастырылған.

Сообщение Халық кеңесі құрылады: ол қандай ұйым әрі оның құзіреті қандай болмақ появились сначала на Tizgin kz.

Вице-президент кәсіпкер немесе депутат бола алмайды – министр
Жаңа конституциялық норма лауазымның деполитизацияланған мәртебесі мен билік сабақтастығы тетігін көздейді, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.

МИНИСТР НЕ АЙТТЫ

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда вице-президент лауазымын енгізуге қатысты Конституция нормаларын түсіндірді. Оның айтуынша, негізгі заңның тиісті бабында бұл қызметке арнайы шектеулер мен функционалдық міндеттер айқындалған.

Ұсынылып отырған нормаларға сәйкес, вице-президент өкілді орган депутаты бола алмайды. Өзге ақылы қызмет атқаруға, кәсіпкерлікпен айналысуға және саяси партиялар мүшесі болуға тыйым салынады, – деді министр.

Ерлан Сәрсембаевтың сөзінше, бұл талаптар Конституцияда жоғары лауазымды өзге де тұлғаларға қойылған шектеулермен едәуір ұқсас. Ол мұндай талаптар вице-президент лауазымының деполитизацияланған әрі кәсіби сипатын қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді.

ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТТІҢ МІНДЕТІ НЕ

Ерлан Сәрсембаевтың түсіндіруінше, вице-президент мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің сыртқы өкілдігін қамтамасыз етеді. Биліктің негізгі институттарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ азаматтық қоғаммен, ғылыми, мәдени және сараптамалық қауымдастықтармен диалогты дамытуға атсалысады. Бұл өкілеттіктер базалық сипатқа ие және қажет болса, президент тарапынан нақтылануы мүмкін.

Вице-президент лауазымын енгізудің басты артықшылықтарының бірі ретінде министр мемлекеттік билік тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуді атады. Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, елді уақытша басқару вице-президентке өтеді. Бұл, оның айтуынша, барлық билік институтының үйлесімді жұмысын сақтауға мүмкіндік береді.

Егер вице-президент президент өкілеттігін қабылдай алмаса, бұл міндет құрылтай төрағасына жүктеледі. Ал ол да мүмкін болмаған жағдайда, мемлекет басшысының өкілеттігі премьер-министрге өтеді, – делінген мәліметте.

Министрдің нақтылауынша, президент өкілеттігін қабылдаған адам бір мезгілде вице-президент ретіндегі өкілеттігін тоқтатады. Ал вице-президенттің өзі жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті легитимділікке ие жария лауазымды тұлға ретінде қарастырылады.

Сообщение Вице-президент кәсіпкер немесе депутат бола алмайды – министр появились сначала на Tizgin kz.

2026 жылы Қазақстанда қандай заңдар шығады
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкіметте 2026 жылы Қазақстанда қандай заңдар шығатынын айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрдің айтуынша, жоспар жобасы мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша дайындалып, 31 қазанда заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданған.

Жоба 12 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Оның үшеуі мемлекет басшысының мына тапсырмаларынан туындайды:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және оған ілеспе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әзірленген түзетулер.

Жоғарыда көрсетілген заң жобаларынан басқа, жоспар бойынша Парламентке «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» (Энергетика министрлігі), «Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі), «Жұмылдыру туралы» және оған ілеспе заң жобалары, жыл сайынғы «2027 – 2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» (Қаржымині), сондай-ақ еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері (Еңбекмині), міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша (Еңбекмині) дербес заң жобаларын енгізу көзделген.

Жалпы Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарланған.

Үкімет 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын мақұлдады.

Сообщение 2026 жылы Қазақстанда қандай заңдар шығады появились сначала на Tizgin kz.