Архивы Дүниежүзілік банк - Tizgin kz

Мұнайдан өндіріске бетбұрыс: Қазақстандағы инвестиция құрылымы қалай өзгеріп жатыр
Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемі кейінгі бес жылда тұрақты өсіп келеді. Алайда жалпы сомасы артқанмен, құрылымы біркелкі емес. Шетелдік капиталдың едәуір бөлігі әлі де шикізат секторына тәуелді. Отандық кәсіпорындар өндіріс пен инфрақұрылымға қаржы құйып жатқанымен, бюджет қаражаты көлік, энергетика, білім беру және әлеуметтік нысандарға бағытталады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Инвестиция ретінде тартылған әрбір 100 теңгенің 61 теңгесін бизнес береді

Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылғы 13,24 трлн теңгеден 2025 жылы 23,49 трлн теңгеге жетті. Номиналды өсім – 77,3%. Бұл көрсеткішке инфляция мен құрылыс-жабдық бағасының өсуі де әсер еткендіктен, нақты инвестициялық белсенділікті бағалауда салыстырмалы бағамен есептелетін нақты көлем индексіне сүйенген дұрыс. 2022 жылы инвестиция 15,25 трлн, 2023 жылы 17,65 трлн, 2024 жылы 19,46 трлн теңге болды. 2025 жылғы өсім нақты мәнде 16,7% деген сөз.

Бес жыл ішінде инвестицияның қайнар көзі өзгерген жоқ. Негізгі қаржыны мемлекет емес, кәсіпорындардың өз қаражаты қамтамасыз етеді. 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның 61,2%-ы немесе 14,37 трлн теңгесі кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен игерілген. Бюджет қаражатының үлесі – 21,5% (5,06 трлн теңге), банк кредиттері – 4,6% (1,08 трлн теңге), басқа қарыз қаражаты – 12,7% (2,99 трлн теңге). Яғни инвестиция ретінде тартылған әрбір 100 теңгенің 61 теңгесін бизнес өз есебінен салады.

AI/Инфокесте

Бұл үлестің динамикасы да назар аудартады. 2021 жылы кәсіпорындардың меншікті қаражаты жалпы инвестицияның 70,7%-ы болса, 2023 жылы 72,2%-ға жетті. 2025 жылы 61,2%-ға дейін төмендеді. Ал бюджет үлесі 2021 жылғы 15,6%-дан 2025 жылы 21,5%-ға өсті. Демек, соңғы жылдары инвестициядағы мемлекеттік қаржының салмағы ұлғайған.

Шетелдік капитал қай салаға барады

Қазақстанға тікелей шетелдік инвестиция тартуда мұнай-газ және тау-кен саласының орны әлі де басым. Ұлттық банк деректеріне сүйенген АХҚО шолуында жалпы тікелей шетелдік инвестиция ағыны 2021 жылы 23,8 млрд доллар, 2022 жылы 28,2 млрд доллар болғаны көрсетілген. 2023 жылы 23,9 млрд долларға, 2024 жылы 17,8 млрд долларға дейін төмендеді. 2022 жылғы жоғары көрсеткіштен кейінгі құлдырау, ең алдымен, өндіруші секторға капитал ағынының азаюымен байланысты.

2022 жылы шетелдік инвестицияның ең ірі бөлігі тау-кен өнеркәсібіне – 12,1 млрд доллар, өңдеу өнеркәсібіне – 5,6 млрд доллар, көтерме және бөлшек саудаға – 5,1 млрд доллар көлемінде бағытталды. 2024 жылы тау-кен секторындағы таза инвестиция ағыны теріс мәнге түсіп, шамамен 2,4 млрд доллар көлемінде капиталдың кері қозғалысы тіркелді. Ал сауда саласында 1,4 млрд доллар таза ағын қалыптасты. Өңдеу өнеркәсібінде де оң нәтиже сақталды.

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында да құрылымдық өзгеріс байқалды. PwC шолуында Ұлттық банк деректеріне сүйеніп, өңдеу өнеркәсібіне 1,319 млрд доллар, ақпарат және байланыс саласына 1,195 млрд доллар, қаржы және сақтандыру секторына 897 млн доллар таза инвестиция түскені көрсетілген. Керісінше, тау-кен өнеркәсібінен 3,687 млрд доллар таза капитал әкетілген. Бұл кезеңде шетелдік капиталдың шикізаттан тыс секторларға бет бұру үрдісі байқалды.

Отандық бизнес пен бюджет қаржысы қайда жұмсалады

Отандық кәсіпорындардың инвестициясы шоғырланған негізгі бағыттар – өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік, көлік және қоймалау. 2025 жылы барлық қаржыландыру көздері бойынша өнеркәсіпке 9,52 трлн теңге бағытталды. Оның 3,35 трлн теңгесі тау-кен өндірісіне, 2,98 трлн теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, 2,23 трлн теңгесі электр, газ және жылумен жабдықтауға тиесілі. Жылжымайтын мүлік операцияларына 4,13 трлн, көлік пен қоймалауға 4,16 трлн теңге салынған.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін инвестицияның негізгі міндеті – жеке бизнес үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. 2025 жылы бюджет қаражаты есебінен негізгі капиталға 5,06 трлн теңге салынды.

2025 жылғы салалық құрылымда көлік пен қоймалау 4,16 трлн теңгемен, жылжымайтын мүлік операциялары 4,13 трлн теңгемен алдыңғы қатарда тұр. Өнеркәсіптің үлесі – 40,5%. Білім беру саласына 1,25 трлн теңге, ауыл шаруашылығына 1,15 трлн теңге, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге 599 млрд теңге инвестиция салынған.

Ірі инвестициялық жобалар

Қазақстанда 2021 жылдан бері бірнеше миллиард долларлық және жүздеген миллиард теңгелік жобалар қолға алынды. Олардың бір бөлігі пайдалануға берілсе, енді бірі әлі құрылыс немесе жобалау кезеңінде. Инвестиция көлемі бойынша назар аударатын бес жоба:

1. Теңіз кен орнын кеңейту. Future Growth Project және Wellhead Pressure Management Project жобаларының жалпы құны – 48,9 млрд доллар. 2025 жылғы қаңтарда жаңа Үшінші буын зауытында алғашқы мұнай өндірілді. Жобаның толық қуатына шығуы Теңіздегі мұнай өндіру көлемін жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

2. Полиэтилен өндіретін газ-химия кешені. Атырау облысында жүзеге асырылатын жобаның екінші кезеңіне арналған инвестиция көлемі 3,614 трлн теңге деп көрсетілген. Жоба аясында полиэтилен өндірісіне қажетті газды бөлу зауыты мен этан құбыры салынады. Іске қосу мерзімі – 2029 жыл.

3. Жетісу облысындағы мыс өңдеу кешені. Мысты өңдеу және байыту жобасының құны 1,3 трлн теңге. Жоба 2023 жылы басталған, қазіргі мәртебесі – құрылыс-монтаж жұмыстары. Жоспар бойынша 2 230 жұмыс орны ашылуы тиіс.

4. Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы. Түркияның TAV Airports компаниясы жүзеге асырған жобаның инвестиция көлемі 200 млн доллардан асады. Құрылыс 2022 жылы басталып, терминал 2024 жылы пайдалануға берілді. Жаңа нысан әуежайдың жылдық өткізу қуатын 14 млн жолаушыға дейін жеткізуге есептелген.

5. Саран қаласындағы шина зауыты. «КамаТайрсKZ» бірлескен кәсіпорнының жобасына 125 млрд теңге инвестиция қарастырылған. Құрылыс 2021 жылы басталды. Бірінші кезеңде жылына 3,5 млн шина шығару, кейін қуатты 9 млн данаға дейін жеткізу жоспарланған. Кәсіпорында 1 100-ден астам жұмыс орны ашылуы көзделген.

Инвестициялық климат рейтингтеріндегі Қазақстанның орны

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын бағалағанда бір ғана рейтингке сүйену жеткіліксіз. Әр индекс әртүрлі өлшемді қамтиды: біреуі елдегі бизнес жүргізу жағдайын, екіншісі бәсекеге қабілеттілікті, үшіншісі инновациялық әлеуетті бағалайды.

BlackRock Investment Institute-тің бас инвестициялық стратегы Бен Пауэлл қыркүйекте Bloomberg-ке берген пікірінде Қазақстанға тартылған инвестициялар келешекте жемсіні беретінін айтқан.

Бен Пауэлл

“Қазақстан капитал үшін барған сайын тартымды бола түсуде. Ел инвестицияның игілігін көрген сайын, оның тартымдылығы да арта береді. Егер жаңа мүмкіндіктер пайда болса, біз Қазақстанға көбірек капитал бағыттауға дайынбыз, – деген болатын сарапшы.

IMD рейтингінде Қазақстан 2026 жылы 70 елдің ішінде 38-орынға жайғасты. 2025 жылы 34-орында болғанын ескерсек, бір жылда төрт саты төмендеген. Ал Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Global Innovation Index индексінде Қазақстан 2026 жылы 139 елдің ішінде 73-орынға көтерілді. Былтыр 81-орында болған. Бұл көрсеткіш елдің инновациялық әлеуетін бағалайды, оны тікелей инвестициялық климат рейтингі деп қабылдауға болмайды.

Дүниежүзілік банктің B-READY 2025 бағалауында Қазақстанның бизнес орналасатын ортасының көрсеткіші 68,6 балл болды. Бұл индекс кәсіпкерлік қызметке қажетті реттеу сапасын, мемлекеттік қызметтер мен ақпараттың ашықтығын, рәсімдердің тиімділігін бағалайды.

Сообщение Мұнайдан өндіріске бетбұрыс: Қазақстандағы инвестиция құрылымы қалай өзгеріп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Дүниежүзілік банк Қазақстанға 75 млн доллар қарыз беруді мақұлдады
Дүниежүзілік банк Қазақстандағы технологиялық стартаптарды дамытуға 75 млн доллар қарыз береді. Қаражат еңбек өнімділігін арттырып, экономиканы әртараптандыруға және технологиялық компаниялардың өсуіне жағдай жасауға бағытталады. Жоба аясында 10 мың жұмыс орнының ашылуына қолдау көрсету көзделген, деп хабарлайды Tizgin.kz Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйеніп.

Ақша қандай мақсаттарға жұмсалады

Шешімді Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі 30 қыркүйекте қабылдаған. Қарыз көлемі – 11 999,7 млн жапон иенасы, бұл 75 млн АҚШ долларына тең. Қаржыландыру «Жасанды интеллект саласындағы адами капиталды, кәсіпкерлікті және нарықтарды дамыту» – ALEM жобасына арналған. Оның мақсаты – технологиялық стартаптарды құруға, әзірлемелерін коммерцияландыруға және бизнесін кеңейтуге көмектесу.

Жоба төрт негізгі бағытты қамтиды:

цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау;

өнімділігі жоғары есептеу ресурстарына қолжетімділікті кеңейту;

робототехникада тәжірибелік үлгілер әзірлеуге арналған инфрақұрылымды нығайту;

өсу кезеңіндегі компанияларға қажетті тәуекелді капитал тапшылығын азайту.

Банктің бағалауынша, Қазақстанда өсу кезеңіндегі компанияларды қаржыландыруға қажет тәуекелді капиталдың жыл сайынғы тапшылығы 20-25 млн долларды құрайды. Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түрікменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев Қазақстанның цифрлық экономиканы дамытуда елеулі жетістікке жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, жоба кәсіпкерлерді қолдау, жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарын ашу және технологиялық секторға қосымша жеке инвестиция тарту арқылы осы әлеуетті экономикалық өсімге айналдыруға көмектеседі.

2031 жылға дейін қандай нәтижеге қол жеткізу жоспарланған

Жоба аясында 2031 жылғы желтоқсанға дейін 28 мың жастың тереңдетілген даярлық бағдарламаларын аяқтауына қолдау көрсету жоспарланған. Сонымен қатар 800 стартапты бастапқы қаржыландыруға дейінгі, бастапқы қаржыландыру және халықаралық акселерация бағдарламаларымен қамту көзделген. Мұндай бағдарламалар жас компанияларға өнімін жетілдіруге, инвестиция тартуға және жаңа нарықтарға шығуға көмектеседі.

Жобаның тағы бір мақсаты – 50-ден астам компанияға венчурлік инвестиция тартуға жәрдемдесу және кемінде 60 млн доллар жеке капитал жұмылдыру. Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, Еуропа мен Орталық Азияда жасанды интеллектке негізделген бағдарламалық жасақтаманы қолданатын компаниялардың өнімділігі орта есеппен 10-20 пайызға жоғары.

Жоба Халықаралық қайта құру және даму банкі арқылы қаржыландырылады. Оны Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Astana Hub және Alem Capital Management ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырады.

Сообщение Дүниежүзілік банк Қазақстанға 75 млн доллар қарыз беруді мақұлдады появились сначала на Tizgin kz.

Бектенов Дүниежүзілік банкпен цифрландыру және ЖИ саласындағы әріптестікті талқылады
Қазақстан Премьер–министрі Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице–президенті Сангбу Киммен кездесті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы цифрландыру, жасанды интеллект, GovTech және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері қаралды. Жиында Қазақстандағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру мәселесіне назар аударылды. Талқылауға Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, жасанды интеллект және цифрлық даму, ұлттық экономика, қаржы вице-министрлері қатысты. ¶

«Жалпыұлттық референдумда қабылданған ҚР жаңа Конституциясы технологиялық инновациялар мен жеделдетілген цифрлық трансформация арқылы экономиканы нығайтуға мүмкіндік ашты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатты айқындады. Бұл жыл Цифрландыру жылы деп жарияланып, экономиканың барлық саласына ЖИ шешімдерін ауқымды енгізуге басымдық беріліп отыр. 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы қабылданды. Қазақстанның цифрлық трансформация бағдарламасын ілгерілетуге Дүниежүзілік банктің қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді. Біз жоспарлаған барлық бастаманың уақтылы жүзеге асырылуына үлкен мән береміз», – деді Олжас Бектенов.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің GovTech жетілу индексінің (GTMI) «А» тобына кіреді және әлемде 6-шы орында тұр. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Дүниежүзілік банк инклюзивті экономика үшін жеделдетілген цифрландыру, ЖИ саласында адами капиталды дамыту бойынша бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Ким Қазақстанда цифрландыру деңгейі жоғары екенін атап өтті. Маңызды жобалардың қатарында Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту, Каспий арқылы суасты талшықты-оптикалық кабелін салу, ауылдық жерлерде байланысты қамтамасыз ету және цифрлық мемлекеттік сервистер, жасанды интеллект және технопарктер саласындағы бастамалар бар. Дүниежүзілік банк осы бастамаларға қолдау көрсетуге дайын.

«Қазақстандағы цифрландырудың қазіргі мәртебесі – көптеген басқа дамушы елдермен салыстырғанда өте озық. Сіздерде жақсы дамыған мобильді байланыс, сапалы қызмет көрсететін электрондық үкімет платформасы, жеке секторға арналған дамыған экожүйе, тиімді ұлттық стратегия және саясат бар. Жақында ЖИ саласында жаңа заң қабылдадыңыздар. Осының бәрі өте керемет ұйымдастырылған. Мен сіздермен жұмыс істей бастағаныма өте қуаныштымын. Жасанды интеллект саласында жаңа сын-қатерлер бар, сондықтан да бұл міндетті жүзеге асыру бәріміз үшін оңай соқпасы анық», – деп атап өтті Сангбу Ким.

Кездесу қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Ким Қазақстанды Дүниежүзілік банктің цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі жаһандық стратегиясының негізгі серіктес әрі қатысушы ел болуға шақырды. Бағдарлама цифрлық экономикаға инвестиция тартуға бағытталған. Типтік келісім бағыттары цифрлық байланыс пен инфрақұрылымды дамыту, цифрлық мемлекеттік платформалар мен сәйкестендіру жүйелерін жетілдіру, деректерді реттеу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық дағдыларды дамыту және жасанды интеллект экожүйесін ілгерілетуді қамтиды. Елдерге арналған цифрлық келісімдер әр мемлекеттің ұлттық басымдықтарына сәйкес бейімделеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының ұлттық күн тәртібі Дүниежүзілік банктің қолдауымен нақты инвестициялық жобалармен және реформалармен үйлестірілетін болады.

Премьер-министр Олжас Бектенов вице-президент Сангбу Кимге және Дүниежүзілік банк командасына Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, Үкіметтің World Bank Digital Compact-ке қатысуға дайындығын атап өтті

Сообщение Бектенов Дүниежүзілік банкпен цифрландыру және ЖИ саласындағы әріптестікті талқылады появились сначала на Tizgin kz.

Дүниежүзілік банк Қазақстанға $1 млрд қаржы бөлуге уәде берді
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин $1 млрд-тың бөлінуі жеке секторды нығайту, инфрақұрылымды дамыту мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша жағдай жасайтынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-қа сілтеме жасап.

МИНИСТР МӘЛІМЕТІ

«Стратегия жобасында айқындалған басымдықтар, оның ішінде көлік және цифрлық байланысты дамытуды, су және энергетика секторларында көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды, қаржы нарығын дамытуды, жеке инвестицияны ынталандыруды, климаттық саясатты күшейтуді және жаңартылатын энергия көзін пайдалануды арттыруды қосқанда, стратегия жобасында белгіленген басымдықтар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық құжаттары мен мақсаттарына сәйкес келеді. Дүниежүзілік банктің алты жыл бойы жыл сайын $1 млрд-қа дейін қаржыландыруға дайындығы да атап өтілді», – деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі 2026-2031 жылдарға арналған Қазақстанмен әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясын қалыптастыру мәселелері бойынша Дүниежүзілік банк тобы өкілдерімен вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кездесудің қорытындысы бойынша.

Кездесуді ашқан үкімет басшысының орынбасары ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын атап өтіп, 2031 жылға дейінгі өзара іс-қимыл бағдарын айқындайтын құжатты дайындағаны үшін ризашылығын білдірді.

«Біз Дүниежүзілік банкпен әріптестікті жоғары бағалаймыз. Ұсынылған стратегия сараптама, қаржыландыру және бірлескен бастамалар арқылы біздің реформаларды қолдау үшін негіз жасайды», — деп атап өтті Жұманғарин.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫ АРТТЫ МА

Вице-премьердің айтуынша, $1 млрд-тың бөлінуі жеке секторды нығайту, инфрақұрылымды дамыту мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша жағдай жасайды. Реформаларды талдамалық сүйемелдеу Қазақстан үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен Экономикалық зерттеу бағдарламасы шеңберінде жалғасады.

«Кездесу барысында 2020-2025 жылдарға арналған алдыңғы Стратегияны іске асырудың қорытындысы шығарылды. Осы кезеңде жалпы сомасы $4,2 млрд көлеміндегі 14 жоба іске асырылды. Олардың қатарында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін дамыту, «Алматы-Қорғас» автожолын қайта жаңарту, ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту және тағы басқалар бар», – деп айтылған хабарламада.

Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түркіменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев өткен кезең пандемияны қосқанда, бірқатар сыртқы сын-қатермен қатар жүргенін, бұл ретте тараптардың өзара іс-қимылы белгіленген бастамаларды іске асыруға және іс жүзінде нәтижелерге қол жеткізуге ықпал еткенін атап өтті.

«Шығыс-Батыс» және «Оңтүстік-Батыс» жобалары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін дамытып, 5 млн астам адамға шаққандағы байланысты жақсартты. Жол жүру уақыты үштен екіге қысқарып, қозғалыс жылдамдығы үш есе өсті. Көлік шығындары 35%-ға төмендеді. 1,2 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылған. Тұрғындардың 93%-ы өмір сүру сапасы артқан», – деді үкімет Михневтің деректеріне сілеме жасап.

ТАРАПТАР НЕ ШЕШТІ

Шағын және орта бизнесті қолдау мыңнан астам кәсіпорынға гранттық және консультациялық көмек көрсетуге мүмкіндік бергені атап өтілді. 175 стартап $41 млн сатылымды қамтамасыз еткен және $16 млн инвестиция тартқан.

«Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жоба су пайдаланудың тиімділігін 92 мың гектарға арттырып, 60 мың фермерді қосқанда, 94 мың су пайдаланушының жағдайын жақсартты. 763 шақырым арна жаңартылып, өнімділіктің өсуіне және жұмыс орындарының құрылуына ықпал етті. Аграрлық секторда субсидиялау жүйесін реформалауға қосымша талдамалық қолдау көрсетілді», – деп нақтылады үкімет.

Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауды, сондай-ақ жеке инвесторларға кредит беру мен олардың қатысуын арттыруды қоса алғанда, инвестициялық қызметті жалғастыру жоспары туралы хабарлады. Мысал ретінде ҚТЖ қатысуымен Алматы айналма теміржолын қаржыландыру жобасы келтірілді.

«Бұдан арғы басымдықтар қатарында темір жол инфрақұрылымын жаңғырту, қаржы институттары арқылы шағын және шағын бизнесті қолдау, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен астықты терең өңдеу жобаларын жеткізуді қаржыландыруды қосқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бар. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегия жобасын айтылған ұсыныстарды ескере отырып пысықтауға және оны Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесінің қарауына ұсынуға уағдаласты», – делінген хабарламада.

Сообщение Дүниежүзілік банк Қазақстанға $1 млрд қаржы бөлуге уәде берді появились сначала на Tizgin kz.