Архивы Данияр Мейірхан - Tizgin kz

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген: ІІМ-нің экс-басшысына үкім шықты
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейірханға қатысты сот үкімі шықты. Ол қарамағындағы қызметкерді сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін кінәлі деп танылып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қызметкерін жұмыстан шығарам деп қорқытқан ба

Бұл туралы журналист Михаил Козачков Instagram парақшасында мәлімдеді. Оның ақпаратынша, Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралған. Сот бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 123-бабы – «Жыныстық қатынас жасауға немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеу» бойынша кінәлі деп таныған.

Журналистің жазуынша, 2025 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында Мейірхан өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, қарамағындағы әйелді жұмыс орнында сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген.

Қызметкер әйел жұмысынан айырылып қалудан қорқып, психологиялық қысымға ұшыраған.

«Жоғары лауазымды полицей 2025 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында қызметтес әйелді тікелей жұмыс орнында сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасауға мәжбүрлеген. Әйел жұмыстан шығып қалудан қорқып, психологиялық қысым салдарынан оның талабына көнуге мәжбүр болған», – деп жазды Михаил Козачков.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, сотта жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, нотариалды куәландырылған хат алмасулар және маман қорытындысы қаралған.

Данияр Мейірханға қандай жаза тағайындалды

Сот Данияр Мейірханды Қылмыстық кодекстің 123-бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салды, алайда сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Данияр Мейірхан өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Астана қаласы сотының баспасөз қызметі үкім шыққанын растады. Іс жабық сот отырысында қаралған. Осыған байланысты сот процесінің барлық мән-жайы көпшілікке жария етілмеген.

Бұған дейін қызметінен шеттетілген

Еске салайық, 2026 жылдың сәуір айында Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басшысына қатысты қызметкерлер тарапынан шағымдар түскені туралы ақпарат тараған болатын. Сол кезде Данияр Мейірханның үстінен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және әйел қызметкерге қатысты заңсыз әрекеттер жасау туралы шағымдар түскені хабарланды.

Кейін ІІМ қызметкерлердің өтініштері тіркеліп, тексеру жүргізіліп жатқанын растады. Осыған байланысты Мейірхан тексеріс аяқталғанға дейін қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс бойынша бірінші сатыдағы сот үкімі жарияланды. Дегенмен үкім заңды күшіне енбегендіктен, оған заңда белгіленген тәртіппен шағым түсіруге болады.

Сообщение Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген: ІІМ-нің экс-басшысына үкім шықты появились сначала на Tizgin kz.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасы тексеріске ілінді
Қазақстан ішкі істер министрлігі Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасы Данияр Мейірханның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде желіде тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әуелі әлеуметтік желілерде Данияр Мейірханның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және қызметкер әйелге тиіскені үшін күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ оның үстінен бағынышты 20 қызметкерден ұжымдық арыз түскені хабарланған.

Ішкі істер министрлігі «бірқатар қызметкердің өтініші бойынша материал белгіленген тәртіппен тіркелді» деп мәлімдеді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір өтініш міндетті түрде тіркеліп, тексерілуі керек. Қазір барлық мән-жайды жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген күштік ведомствоның түсініктемесінде.

Данияр Мейірхан – полиция полковнигі. 2012-2022 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде бөлім басшысынан басқарма басшысына дейінгі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2023-2024 жылдары ҚР ІІМ Қостанай академиясында бөлім басшысынан академия бастығының орынбасарына дейінгі қызметтерді атқарған.

2024 жылғы қыркүйектен бастап ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары. 2024 жылғы желтоқсаннан бері аталған комитет төрағасының міндетін атқарушы. 2025 жылы қыркүйектен бері сол комитетті басқарады.

Сообщение ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасы тексеріске ілінді появились сначала на Tizgin kz.