Архивы базалық мөлшерлеме - Tizgin kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75 пайызға дейін төмендетті
Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 15,75 пайызға дейін төмендетті. Мөлшерлеме дәлізі ±1 пайыздық тармақ деңгейінде белгіленді. Мұндай шешім елдегі жылдық инфляцияның баяулауына байланысты қабылданған. Дегенмен бағаның одан әрі өсуіне ықпал етуі мүмкін ішкі және сыртқы тәуекелдер әлі де сақталып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz реттеушіге сілтеме жасап.

Инфляция 9,3 пайызға дейін баяулады

Биылғы қыркүйек айының қорытындысында елдегі жылдық инфляция 9,3 пайызды құрады. Ұлттық банк бағалауынша, баға өсімінің баяулауына ақша-несие саясатының қалыпты қатаңдығы мен теңге бағамының қолайлы динамикасы әсер еткен.

Азық-түлік тауарлары инфляциясы 9,5 пайыздан 8,5 пайызға дейін төмендеді. Бұған көкөністер мен жеміс-жидектер бағасының едәуір арзандауы мен ет бағасы өсу қарқынының баяулауы ықпал еткен.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша инфляция 11,4 пайыздан 11 пайызға дейін азайды. Бұл ретте жанар-жағармай бағасының жылдық өсу қарқыны баяулаған.

Қызмет көрсету саласындағы инфляция 8,9 пайыз деңгейінде қалды. Алайда мемлекет реттемейтін қызметтер бағасы әлі де жоғары қарқынмен өсіп отыр. Халықтың алдағы бір жылға арналған инфляциялық күтулері де төмендеген. Тамызда 12,1 пайыз болған көрсеткіш қыркүйекте 11,8 пайызға дейін азайды.

Кәсіби нарық қатысушылары да инфляция болжамын қайта қараған. Енді олар осы жылдың қорытындысында инфляция 9,5 пайыз болады деп күтеді. Бұған дейінгі болжам 10 пайыз болған. Ал 2027 жылға арналған болжам 8,5 пайыздан 8,3 пайызға дейін төмендеді.

Ұлттық банк мөлшерлемені неге төмендетті

Инфляцияның баяулауы мен болжамдардың жақсаруы базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік берген. Соған қарамастан, реттеуші ел ішіндегі баға қысымы әлі толық жойылмағанын атап өтті.

Қыркүйекте тұтыну бағалары 0,6 пайызға өсті. Бұл тамыздағы көрсеткішпен бірдей. Маусымдық факторларды ескергендегі айлық инфляция 0,9 пайыздан 0,7 пайызға дейін баяулағанымен, базалық инфляцияның медианалық бағасы 0,7 пайыз деңгейінде сақталды.

Ұлттық банк баға өсіміне әсер етуі мүмкін ішкі тәуекелдердің қатарында бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан берілетін ынталандыру шараларын, жанар-жағармай бағасы мен реттелетін тарифтердің өзгеруін атап өтті.

Инвестициялық белсенділіктің жоғары болуы да ішкі сұранысты қолдап отыр.

Жедел деректерге сәйкес, осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан экономикасы 4,2 пайызға өсті. Экономикалық өсімге негізінен құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және көлік салалары үлес қосқан. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7 пайызға артты. Ал бюджет қаражатын есепке алмағанда, шикізаттық емес секторға бағытталған инвестициялар 25 пайызға өскен.

Әлемдік нарықтағы жағдай да бағаға әсер етеді

Елдегі инфляцияға сыртқы факторлар да ықпал етіп отыр. Таяу Шығыстағы жағдай әлемдік энергетикалық нарықтағы бағаның жоғары деңгейде сақталуына әсер етуде.

Ұлттық банк материалдарында келтірілген мәлімет бойынша, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) азық-түлік бағалары индексі қыркүйекте бір айда 1,5 пайызға, ал жылдық мәнде 5,8 пайызға өскен. Әсіресе дәнді дақылдар, қант және өсімдік майлары қымбаттаған.

Әлемдік орталық банктердің ақша-кредит саясаты да өзгеріп жатыр. Бастапқы материалда келтірілген мәліметке сәйкес, қыркүйекте Еуропалық орталық банк мөлшерлемелерді екінші рет көтерген. АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі де 2023 жылдан бері алғаш рет мөлшерлемені арттырған. Ал Ресей Банкі баға қысымының күшеюіне байланысты негізгі мөлшерлемені төмендетуді тоқтатқан.

Ұлттық банк мәлімдеуінше, базалық мөлшерлеме төмендетілгеннен кейін де Қазақстандағы ақша-кредит шарттары қалыпты қатаң деңгейде қалады. Демек, реттеуші инфляцияны тежеу саясатын жалғастырады.

Сообщение Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75 пайызға дейін төмендетті появились сначала на Tizgin kz.

Базалық мөлшерлеме 14,5%-ға дейін түсе ме – қаржыгерлер болжам жасады
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өкілдері жуықта сауалнама жүргізді. Оған қатысқан сарапшылардың 85%-ы 23 қазан күні базалық мөлшерлеме төмендейді деген пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Теңге қалай құбылады

Қаржы нарығы өкілдерінің инфляция бойынша болжамы да жақсарған. Бір жылдан кейін инфляция 9,7% деңгейінде күтіледі. Сарапшылар бір ай бұрын оны 10,4% мөлшерінде бағалаған. Базалық мөлшерлеме бір жылда 14,5%-ға дейін төмендеуі ықтимал.

Сарапшылардың теңге төңірегіндегі ойы да нақты. Олар қараша айының басында доллар бағамын 456,5 теңге, ал 12 айдан соң 502,6 теңге шамасында болады күтеді. Бұған Ұлттық банктің валюта сатуы мен мемлекеттік бағалы қағаздарға шетелдік инвесторлар қаражатының келуі әсер етуі мүмкін.

Бір жылдан кейінгі мұнай бағасы

Ал Brent мұнайының 12 айдан кейінгі бағасы барреліне 79 доллар мөлшерінде болады болжанып отыр. Дегенмен Қазақстан экономикасының алдағы бір жылдағы өсімі 4,4% деңгейінде сақталады деген болжам бар.

Жалпы, Қазақстан қаржыгерлері Ұлттық банк ақша-несие саясатын жұмсартуды жалғастырады деп күтіп отыр.

Сообщение Базалық мөлшерлеме 14,5%-ға дейін түсе ме – қаржыгерлер болжам жасады появились сначала на Tizgin kz.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті
Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,25% деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз ±1 пайыздық тармақты құрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұған дейін базалық мөлшерлеме 16,75% деңгейінде болған. Яғни Ұлттық Банк мөлшерлемені 0,5 пайыздық тармаққа төмендетті.

Ұлттық Банктің дерегінше, тамызда Қазақстандағы жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеген.

«Азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін төмендеген. Бұған жеміс-жидек пен көкөністің айтарлықтай арзандауы және импорттық тауарлар бағасының төмендеуі әсер еткен. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 11,4%-ға дейін баяуласа, сервистік инфляция 8,9% болды. Тамыздағы айлық инфляция – 0,6%. Халықтың алдағы бір жылға инфляциялық күтулері де төмендеп, шілдеде 12,1% болды. Маусымда бұл көрсеткіш 13,4% еді», – делінген хабарламада.

Ұлттық Банк 2026 жылға арналған инфляция болжамын 9–11% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Ал 2027 жылға болжам 6,5–8,5%-ға дейін көтерілді. Реттеуші мұны сыртқы инфляцияның күшеюімен, реттелетін бағалар бойынша алғышарттардың қайта қаралуымен және фискалдық серпіннің артуымен түсіндіреді.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендетуге инфляция мен халықтың инфляциялық күтулеріндегі оң динамика мүмкіндік бергенін атап өтті. Дегенмен проинфляциялық факторлар мен тәуекелдердің күшеюі алдағы уақытта ақша-кредит саясатын одан әрі жұмсартуға мүмкіндік бермеуі мүмкін.

Реттеушінің болжамынша, Қазақстан экономикасы 2026 жылы 4,5–5,5% өседі. 2027 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі шамамен 4,5%, ал 2028 жылы 4–5% деңгейінде болады деп күтіледі.

Еске салсақ, алдыңғы шешім 24 шілдеде қабылданып, сол кезде базалық мөлшерлеме 16,75%-ға дейін төмендетілген еді.

Сообщение Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті появились сначала на Tizgin kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға төмендетті
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 17,00% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляцияның баяулау үрдісі жалғасып келеді: Өткен жылғы қыркүйектегі ең жоғары мән – 12,9%-дан 2,5 пайыздық тармаққа төмендеп, биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша 10,4% болды.

Азық-түлік инфляциясы 10,7%-ға дейін төмендеді. Бұған жеміс-жидек пен көкөніс, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жекелеген импорттық тауарлар бағасы өсімінің баяулауы себеп болды.

Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның өсу қарқыны (11,7%) бұрынғы деңгейінде сақталды. Бұл бағытқа теңге бағамының нығаюы мен тұтынушылық кредиттеудің бәсеңдеуі салдарынан сұраныстың тұрақтану белгілері әсер етті.

Көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі де сұраныстың тұрақтануы мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері өсімінің бәсеңдеуінен баяулап, 8,7%-ды құрады.

Мамыр айында айлық инфляция 0,7%-ға дейін баяулады (сәуірде – 0,8%). Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция да 0,7%-ға дейін төмендеді.

Халықтың алдағы бір жылға арналған инфляциялық күтулері мамырда 12,7% болды. Соңғы екі айда бұл көрсеткіш 12,4-12,7% аралығында қалыптасты. Ал өткен жылдың ортасынан бері ол тұрақты түрде 13-14%-дан жоғары болған еді. Қазіргі күтулердің едәуір бөлігі реттелетін бағалар реформасының ықпалымен қалыптасып отыр. Ал, нарыққа кәсіби қатысушылардың 2026 жылдың соңына қарай инфляция бойынша күтулері 10,0% деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Азық-түліктің әлемдік бағасы – өсімдік майы, ет және дәнді дақылдардың қымбаттауы есебінен бірқалыпты өсіп жатыр, ал қант пен сүт өнімдерінің бағасы төмендеп отыр.

Ресей Федерациясында да инфляцияның баяулау белгілері байқалады. ЕО мен АҚШ-та энергия көздері бағасының жоғары сақталуына байланысты дезинфляция процесі тоқтап қалды. Осыған орай, жетекші орталық банктер ақша-кредит саясатын сақтықпен жүргізіп отыр және оны кез келген уақытта түзетуге дайын екенін байқатты.

Жаңартылған базалық сценарий аясында алдыңғы болжамдармен салыстырғанда, осы жылдың соңына дейін Brent маркалы мұнайдың бағасы неғұрлым жоғары деңгей – 1 баррель үшін 90 АҚШ доллары көлемінде болады деп болжанады. Мұнай бағасының мұндай динамикасы Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің әсерінен қалыптасып отыр. Болжам бойынша баға біртіндеп төмендеп, 2027 жылы барреліне 75 АҚШ долларын, ал 2028 жылы 65 АҚШ долларын құрамақ.

2026 жылға арналған инфляция болжамы 9-11%-ға дейін (бұған дейін 9,5-11,5%) төмендеу жағына қарай қайта қаралды. Бұған баға өсімінің іс жүзінде тез баяулауы, ҚҚС көтерілуінің бағаға шектеулі әсері, сондай-ақ теңге бағамының нығаюы бірден-бір себеп болды.

Ұлттық Банк биыл инфляцияның бір мәнді деңгейге төмендеуін күтеді. Бұған ұстамды қатаң ақша-кредит шарттары мен Үкіметпен бірлесіп атқарылып жатқан макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары септігін тигізеді. Болжам бойынша, 2027 жылы инфляция 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды, ал 2028 жылы 5%-дық нысаналы көрсеткішке дейін тұрақтанады. Ол сыртқы инфляциялық жағдайдың қалыпқа келуіне, инфляциялық күтулердің төмендеуіне, квазифискалдық ынталандырудың және фискалдық шоғырландырудың азаюы аясында орын алады.

Инфляция тәуекелдерінің проинфляциялық бағытқа қарай ығысу дәрежесі төмендеді. Бірінші жартыжылдықтағы бірқалыпты ішкі сұраныс пен теңгенің нығаюына ықпал еткен қолайлы сыртқы конъюнктура жинақталған проинфляциялық қысымды ішінара теңестірді.

Ішкі тәуекелдер: Квазифискалдық ынталандыру аясында сұраныстың жедел өсуі, ақша агрегаттарының кеңеюі, құбылмалы инфляциялық күтулер, сондай-ақ ТКҚ тарифтері мен ЖЖМ бағаларын реформалау параметрлерінің нақты іске асуы.

Сыртқы тәуекелдер: Сыртқы инфляциялық қысымды күшейтетін және әлемдік нарықтағы құбылмалылықты арттыратын геосаяси шиеленістер.

2026 жылға арналған ЖІӨ-нің өсу болжамы жақсарып, 4,5-5,5% аралығында бағаланды. Болжам нақты экономикалық белсенділіктің жоғарылауы мен мұнай бағасындағы алғышарттардың жақсаруына байланысты қайта қаралды. 2027-2028 жылдары ЖІӨ өсімі 3,5-4,5% деңгейінде болады деп күтіледі. Ортамерзімді келешекте экономикадағы өсім ішкі сұраныстың неғұрлым теңгерімді динамикасы мен мұнай бағасының төмендеуі жағдайында қалыптасады.

Қол жеткізілген инфляцияның баяулауы мен болжамдардың жақсаруына байланысты осы отырыста базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі қалыптасты. Сонымен бірге, биыл инфляцияның бір мәнді көрсеткiшке дейін төмендеуін қамтамасыз ету және ортамерзімді келешектегі мақсатқа қол жеткізу үшін ақша-кредит шарттарының ұстамды қатаңдығын сақтау қажет. Бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның нақты траекториясына, ішкі сұраныс динамикасына, фискалдық параметрлердің орындалуына және квазифискалдық ынталандырудың әсеріне сүйене отырып қабылданады.

Қабылданған шешімге түрткі болған факторлар мен болжамдар туралы толық ақпарат 2026 жылғы 10 маусымда Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында[1] жарияланатын Ақша-кредит саясаты туралы баяндамада беріледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылы 24 шілдеде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Сообщение Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға төмендетті появились сначала на Tizgin kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешімін жариялады
Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ҚЫСЫМ САҚТАЛЫП ОТЫР

Ұлттық банк баспасөз қызметі мәліметінше, жылдық инфляция 2026 жылғы наурызда 11%-ға дейін баяулады (ақпанда – 11,7%): азық-түлік инфляциясы – 11,7% (12,7%), азық-түлікке жатпайтын инфляция – 11,3% (11,6%), сервистік инфляция – 10,0% (10,8%).

Инфляцияның баяулауына бірқалыпты қатаң ақша-кредит шарттары, айырбас бағамының қолайлы серпіні, тұтынушылық кредиттеу қарқынының баяулауы аясында тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы, сондай-ақ ТКҚ мен ЖЖМ бағасын өсіруге қойылған мораторий мен Үкіметтің басқа да инфляцияға қарсы шаралары септігін тигізді.

Наурызда айлық инфляция ақпандағы 1,1%-дан кейін 0,6%-ға дейін төмендеді. Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция да баяулады. Дегенмен, олардың ағымдағы деңгейі бұрынғыша 5% нысанаға қол жеткізу үшін қажетті деңгейден жоғары қалыптасып отыр, бұл экономикада инфляциялық қысымның сақталғанын көрсетеді. Халықтың алдағы бір жылға инфляциялық күтулері 14,6% (13,7%) деп бағаланып, жоғары қалпында қалды. Нарыққа кәсіби қатысушылардың 2026 жылға инфляция бойынша күтулері 10,0% деңгейінде сақталып отыр, – делінген ақпаратта.

Ресейде инфляция деңгейі әлі де жоғары. Соған қарамастан, Ресей Орталық банкі 2027 жылы оны нысаналы көрсеткішке дейін төмендету бағытын ұстанып келеді. Ал, Еуроаймақ пен АҚШ-та наурыз айында инфляцияның жеделдеуі нарықтағы белгісіздік пен тәуекелдерді еселей түсті. Осыған байланысты ЕОБ мен ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерді өзгертпеу туралы шешім қабылдап, алдағы уақытта да мейілінше сақтық танытатынын растады.

ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ТАУАР БАҒАСЫНА ӘСЕРІ

Алдын ала деректерге сүйсенсек, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында экономиканың өсімі жылдық мәнде 3,0%-ды құрады. Мұнай секторындағы динамиканың бәсеңдегеніне қарамастан, басқа салалардағы жоғары іскерлік белсендiлiктiң арқасында экономиканың даму көрсеткіші тұрақты сипат алып отыр. Әсіресе, құрылыста, көлік пен өңдеу өнеркәсібінде және сауда саласында жоғары өсу қарқыны байқалады.

Проинфляциялық тәуекелдер ең алдымен Таяу Шығыстағы қақтығыс аясында сыртқы инфляциялық қысымның күшеюіне байланысты. Сонымен қатар, мораторий аяқталған соң ТКҚ мен ЖЖМ тарифтерінің инфляциядан жоғары қарқынмен қайта өсуі, сондай-ақ реттелетін бағалардың артуы қосымша тәуекел тудырады. Бұл өзгерістер бизнестің шығындарын көбейту арқылы тауарлар мен қызметтердің бағасына қайта әсер етуі мүмкін, – делінген банк ақпаратында.

Бизнестің жаңа салық талаптарына бейімделуі мен халық арасындағы жоғары инфляциялық күтулер де тұрақты бақылауды қажет етеді. Ортамерзімді кезеңде инфляцияны төмендету бағытын сақтап қалу үшін бюджет шығындарын жүйелі түрде оңтайландыру мен квазифискалдық ынталандыру шараларын байыппен жүргізу маңызды шарт болып қала береді.

МӘН-ЖАЙЫ

Қазіргі инфляцияның баяулау үрдісін алдағы уақытта бекіте түсу қажет. Ақша-кредит шарттарын жұмсартпас бұрын, реттелетін бағалар мен тарифтер реформасы қайта жанданған жағдайда және екінші жартыжылдықта квазифискалдық импульстің күшеюі аясында дезинфляциялық процестiң қаншалықты орнықты екенін растап алу қажет болады. Сонымен қатар, экономиканың салық саласындағы өзгерістерге бейімделу барысына талдау жасап, сыртқы экономикалық ахуалды мұқият қадағалап отыру маңызды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 5 маусымда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Сообщение Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешімін жариялады появились сначала на Tizgin kz.

Инфляцияда өзгеріс болғалы тұр – Ұлттық банк бұған дайын ба
Базалық мөлшерлеме кемінде алты ай көлемінде төмендемейді, деп хабарлайды  Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ӨЗГЕРІС НЕМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

Қазақстанның Ұлттық банкі 2025-2026 жылдарға арналған инфляция болжамын қайта қарап, жоғарылатты. Ақша-несие саясаты жөніндегі жаңа баяндамасында реттеуші 2025 жылы бағалар 12–13 пайызға өсетінін, ал 2026 жылы 9,5–12,5 пайыз аралығында қымбаттайтынын мәлімдеді. Бұған дейін 9,5-11,5 пайыздық дәліз күтілген еді. Ұлттық банк бұл өзгерісті биылғы инфляцияның жеделдеуімен және халықтың инфляциялық күтулерінің күшеюімен түсіндіреді. 2027 жылға қарай Ұлттық банк инфляция 5,5–7,5 пайызға дейін баяулайды деп болжайды.

«2026 жылға арналған болжам белгісіздіктің күшеюін көрсетеді. Салық реформасы, ҚҚС-тың 16 пайызға дейін өсуі, жанармай нарығын ырықтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы өзгерістер және квазифискалдық ынталандыру экономиканың шығындарын арттырады. Бұл факторлар инфляциялық қысымды күшейтеді. Ұлттық банк 2026 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін базалық мөлшерлемені төмендетуге себеп көріп отырған жоқ», – делінген баяндамада.

ЖАЛАҚЫ ТӨМЕНДЕДІ

2025 жылға арналған ЖІӨ өсімі бойынша болжам да жақсарған – 6-6,5 пайыз. 2026 жылы экономика 3,5-4,5 пайызға өсіп, 2027 жылы 4-5 пайызға дейін жеделдейді деп күтіледі. Өсімнің негізгі драйверлері – квазифискалдық сектор инвестициялары, тұтынушылық сұраныстың қалыпты деңгейі және мұнай өндіру көлемінің артуы. Алайда ірі инвестжобалар үшін қажетті жоғары импорт экономиканың қарқынын тежемек.

Биыл үшінші тоқсанда нақты жалақы 2 пайызға, ал нақты табыс 1,7 пайызға төмендеген. Халықты несиелеу қарқыны әлі де екі таңбалы деңгейде, оның негізгі бөлігін тұтынушылық қарыздар құрайды. Қарашада жылдық инфляция 12,4 пайызға дейін баяулағанымен, азық-түлік пен жанармай бағасы тарапынан қысым сезіледі. Азық-түлік инфляциясы 13,4 пайызға жетті. Ет, май және сусындар бағасы айтарлықтай өскен.

Бұған дейін хабарлағандай, номиналды жалақы өсіп жатқанымен, қазақстандықтардың нақты әл-ауқаты төмендеп барады. Вице-премьер Серік Жұманғарин бұған инфляция әсер етіп отырғанын жеткізген. Оның айтуынша, халықтың шын мәнінде байи бастауы үшін номиналды жалақы инфляциядан 2-3 пайызға тез өсуі тиіс.

Сообщение Инфляцияда өзгеріс болғалы тұр – Ұлттық банк бұған дайын ба появились сначала на Tizgin kz.

Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс долларды күрт арзандатты
Kurs.kz дерегінше, Алматы мен Астанадағы бағада бір теңге айырмашылық бар, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі саудасы қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы 512,53 теңгені құрап, 4,25 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы – 516,86 теңге.

Kurs.kz дерегінше, бүгінде Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі орташа доллар бағамы мынадай:

Алматыдағы айырбастау пункттері:

сатып алу – 511,35 теңге,

сату – 514,36 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттері:

сатып алу – орташа 510,38 теңге,

сату – 517,38 теңге.

Еске сала кетсек, 28 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгей, яғни 18 пайыз көлемінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің неге нығайып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл ішкі нарықтағы белсенділіктің артуы мен базалық мөлшерлеменің 18 пайызға дейін көтерілуінен кейін елге ірі портфельдік инвестициялардың келуімен байланысты.

Сообщение Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс долларды күрт арзандатты появились сначала на Tizgin kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% шегінде қалдырды: себебі неде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚАЗАНДА ИНФЛЯЦИЯ ҚАЛАЙ ҚҰБЫЛДЫ

Қазіргі шешім болжамды раунд нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағаларына және инфляциялық тәуекелдердің жалпы балансына негізделген.

Жылдық инфляция қазанда 12,6% болды (қыркүйекте – 12,9%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 13,5%-ға (12,7%) және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 11%-ға (10,8%) дейін қарқын алды. Қызметтердегі бағаның өсуі реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге бағаның әкімшілік төмендеуі салдарынан 12,9%-ға (15,3%) дейін баяулады. Жоғары инфляциялық динамика ұсыныс мүмкіндігінен жүйелі түрде асып түсетін орнықты сұраныс жағдайында қалыптасады. Тарифтік реформаның және жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығын ырықтандыру әсерінің бағалар мен инфляциялық күтулерге таралуы қосымша әсер етіп отыр.

Жекелеген тауар нарықтарында сақталып отырған теңгерімсіздік, орнықты сұраныс, импорттың қымбаттауы және шығындардың өсуі аясында азық-түлік компоненті бұрынғыша инфляцияға көптеп үлес қосты.

ДЕЗИНФЛЯЦИЯ ҚАРҚЫНЫ ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН

Азық-түлікке жатпайтын инфляцияда жанармай мен фармацевтикалық өнім бағасының өсуі жеделдегені байқалады.

Қазанда айлық инфляция 0,5%-ға дейін айтарлықтай баяулады, алайда базалық инфляция 1% деңгейінде – жоғары күйінде қалды. Бұл бір жылға есептегенде 12,2% сәйкес келеді. Сонымен қатар тұтыну қоржынындағы тауарлар мен қызметтердің шамамен 80%-ы 5% таргеттен жоғары қарқынмен қымбаттайды, – делінген ақпаратта.

Осының бәрі баға қысымының орнықтылығын көрсетеді. Бұл проинфляциялық динамика фискалдық және үдемелі квазифискалдық ынталандырудың, сондай-ақ артқан тұтынушылық сұраныстың әсерінен күшейеді.

Халықтың инфляциялық күтулері қазанда қыркүйектегі 13,2%-ға қарағанда 13,6%-ға дейін өсті. Қысқамерзімді күтулер құбылмалы күйінде сақталып, онымен жоғары белгісіздік қатар жүреді. Ұзақмерзімді күтулер 14,3%-ға дейін артты (бұған дейін – 14%). Жоғары инфляциялық күтулер дезинфляция қарқынын шектеп, бағалардың шығын мен сұраныстың өзгеруіне тәуелділігін күшейтеді.

Сыртқы инфляциялық әсер сақталуда. Азық-түліктің әлемдік бағасы жоғары деңгейде. Ресейде инфляция бәсеңдегеніне қарамастан, 4%-дық нысанадан едәуір асып түсті. Осыған байланысты реттеуші қатаң риториканы сақтап, тежеуші ақша-кредит шарттарын ұстап тұру қажет деп мәлімдейді.

Өз кезегінде, ФРЖ жоғары белгісіздік жағдайында экономикадағы өсімнің бірқалыпты қарқынын, еңбек нарығының төмендегенін және нысанадан жоғары болып тұрған инфляцияның өсе түскенін атап, сақтық тәсілін сақтап отыр. ЕОБ риторикасы да ұстамды күйінде. Реттеуші мөлшерлемені тағы да сақтап қалды. Алдағы уақытта саясатты жеңілдету қарқыны неғұрлым баяу болады деген болжам бар, – дейді Ұлттық банк өкілдері.

ЕКІ ЖЫЛҒА ЖАСАЛҒАН БОЛЖАМ

Инфляцияның 2025 және 2026 жылдарға болжамы қайта қаралды. 2025 жылы инфляция 12,0-13,0%, 2026 жылы 9,5-12,5% шегінде күтіледі. 2027 жылдың қорытындысы бойынша ол 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды деп күтіледі. Болжамды түзету биылғы инфляцияның іс жүзіндегі мәні болжамды мәндерден едәуір асып кетуіне және инфляциялық күтулердің жоғары динамикасына негізделеді. Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары «инфляция + 5%» схемасы бойынша реформа қарқынын қайта қарау аясында реттелетін бағалардың неғұрлым болжамды өсетіні ескеріледі.

2026 жылы болжамдар аралығының кеңеюі салық реформасын іске асыруға және квазибюджеттік сектор жағынан қаржыландырудың едәуір өсуіне және оның экономикаға ынталандырушы әсеріне байланысты бағалаудағы артып келе жатқан белгісіздікті көрсетеді, –делінгенмәліметте.

Болжам тәуекелдері ішкі сұраныс пен ұсыныс мүмкіндіктері арасындағы теңгерімсіздіктің күшеюімен, сыртқы инфляция мен инфляциялық күтулердің жеделдеуімен, сондай-ақ ЖЖМ мен ҚҚС артуынан болатын қайталама әсермен байланысты. Негізгі белгісіздік факторларының бірі – экономиканы қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ АҚ» арқылы ұлғайту ықпалы.

ҰЛТТЫҚ БАНК ЖОСПАРЫ ҚАНДАЙ

Үкіметтің мәліметінше, оның көлемі 2026 жылы 8 трлн теңгеге, яғни ЖІӨ-нің 4,4%-на жетуі мүмкін. Мұндай қысым инфляциялық қысымды күшейтіп, алдағы фискалдық шоғырландыру әсерін ішінара реттеуі мүмкін.

2025 жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 6,0-6,5%-ға дейін жақсарды. Бұл мұнай өндірудегі озыңқы қарқынның әсерін, сондай-ақ жылдың соңғы айларында инвестициялық және тұтынушылық сұраныстың, оның ішінде алдағы 2026 жылғы ҚҚС реформасына байланысты жеделдеуін көрсетеді. 2025 жылғы жоғары базаның салдарынан және салық-бюджет реформасы мен бюджеттік шоғырландырудың ішкі сұранысқа тежеуші әсерін ескере отырып, 2026 жылға арналған болжам 3,5-4,5%-ға дейін төмендетілді. Жалпы, Ұлттық Банк инфляцияның баяулау қарқынын, ішкі сұраныс реакциясын, сондай-ақ Бағдарламада және Инфляцияны бақылау, төмендету бойынша шаралар кешенінде көзделген бірлескен шараларды іске асыру тиімділігін бағалауды жалғастыра береді.

Сообщение Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% шегінде қалдырды: себебі неде появились сначала на Tizgin kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемесін көтере ме – сарапшылар болжам айтты
Мамандар ойынша, әзірге инфляцияға қатысты болжам өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ТЕҢГЕНІҢ НЫҒАЮЫ НАЗАР АУДАРТЫП ОТЫР

Halyk Finance сарапшылары 28 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 % деңгейінде сақтайды деп күтеді. Компанияның жаңа шолуында қазіргі макроэкономикалық жағдай мөлшерлемені қатаңдатуды да, жұмсартуды да қажет етпейтіні айтылады. Ал инфляцияға қатысты болжам өзгеріссіз қалып отыр: 2025 жылдың соңында жылдық деңгейі 12–12,5 % шамасында болады деп күтілуде.

«Қазан айында инфляция биыл алғаш рет бәсеңдеді – 12,9 %-дан 12,6 %-ға түсті. Бұған негізінен қызмет түрлерінің қымбаттау қарқынының төмендеуі себеп. ТҮКШ тарифтерін уақытша тоқтату, бірнеше өңірде судың дифференциалды тарифін жою және бензин бағасының өсуін тоқтату өз әсерін тигізді. Осы шаралар қызмет көрсету және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуін тежеді», – дейді сарапшы Алексей Афонский.

Ол сондай-ақ екінші жартыжылдықта Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің азаюы мен теңгенің нығаюына назар аударады. Қазан айынан бері теңге 5,5 % күшейген. Бұл инвесторлар тарапынан сұраныс пен қарыз алу арқылы елге түскен валютаның әсері. Осы факторлар импорттық тауарлар бағасының өсуін шектеді.

ТӨРАҒА НЕ ДЕП ЕДІ

Қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бірден 150 базистік тармаққа көтеріп, 18 % деңгейіне жеткізген еді. Бұл соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мұндай шешім инфляцияны бақылауға алу қажеттілігімен түсіндірілді. Қазір нарық осы деңгейге бейімделіп жатыр, сондықтан жуық арада күрт өзгеріс күтілмейді.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция баяуламаса, мөлшерлемені тағы да көтеруге дайын екенін айтқан. Ол түпкілікті шешім қарашадағы талдау нәтижелері бойынша қабылданатынын атап өтті. Сонымен бірге ол баға тұрақтанғанша қатаң саясат сақталатынын жеткізді.

Айта кетейік, базалық мөлшерлеме жоғары болған кезде несиелер қымбаттап, депозиттер тартымды бола түседі. Бұл инфляцияны тежегенімен, ипотека нарығын тұралатуы мүмкін. Сарапшылар пікірінше, қазіргі жағдайда банктер мемлекеттік субсидияларсыз тұрғын үй несиесін белсенді түрде бере алмайды.

Сообщение Ұлттық банк базалық мөлшерлемесін көтере ме – сарапшылар болжам айтты появились сначала на Tizgin kz.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі өсті
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

БАНК МӘЛІМДЕМЕСІ

Жұма күні тараған ресми хабарламада Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде белгілегені жазылған. Соған сәйкес теңгеге қатысты пайыздық дәліз +/- 1 пайыздық тармақты құрайды.

Ұлттық банк мәлімдеуінше, инфляция қарқынының үдеуі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді бюджеттік саясат жағдайында ақша-кредит талаптарын жұмсарту инфляциялық процестерді тұрақтандыру мақсатында елеулі шараларды қажет етті.

«Инфляцияның өсуі барлық негізгі көрсеткіш бойынша тіркелді. 2025 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция 12,9%-ға дейін жеделдеп, Ұлттық банктің болжамынан асып түсті (тамызда – 12,2%). Инфляцияға ең үлкен үлесті азық-түлік бағасы қосып отыр – 12,7%-ға өсті. Кейбір азық-түлік тауарлары жедел қымбаттап жатыр, оған өндіріс шығындарының және импорттық бағаның өсуі себеп болды. Қызмет көрсету саласындағы инфляция да елеулі үлес қосып отыр – 15,3%, бұл ретте реттелетін қызметтер 30,4%-ға, кейбір нарықтық қызметтер де қымбаттаған. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы да 10,8%-ға өсті. Бензин мен дизель отынына бағаның либерализациясы аясында жанармай бір жыл ішінде 11,9%-ға, ал қыркүйек айында 3,4%-ға қымбаттады», – делінген ресми мәліметте.

Айлық инфляция тамыздағы 1,0%-дан 1,1%-ға жеделдеген. Сонымен қатар, базалық инфляция 1,1%-дан 1,2%-ға, ал маусымдық әсерлерден тазартылған инфляция 1,2%-дан 1,3%-ға өскен. Бұл көрсеткіштер инфляцияның орныққан сипатын және екінші реттік әсерлердің біртіндеп байқала бастағанын көрсетеді.

«Халықтың инфляциялық күтулері 12 айлық болжам аясында жоғары күйінде қалып отыр және тұрақсыз. Нарықтағы кәсіби қатысушылардың инфляция бойынша болжамы 11,3%-дан 12%-ға өсті. Сыртқы инфляциялық қысым да сақталуда. Әсіресе, әлемдік азық-түлік нарығынан төнетін қауіп күшейіп келеді. Соңғы жылдары ет пен өсімдік майына баға рекордтық деңгейде өскен. Бұл тауарлар белсенді экспортталып жатқандықтан, олардың сыртқы бағасы ішкі нарықтағы өсімге де әсер етіп отыр», – деп атап өтті Ұлттық банк.

ЕО БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕНІ ӨЗГЕРТПЕДІ

Ресейде инфляция деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болғанымен, баяулау белгілері байқалады. Еуропалық Одақта инфляция орныққан күйінде қалуда. Еуропалық орталық банк (ЕОБ) белгісіздікке байланысты базалық мөлшерлемені өзгертпей, үзіліс жасап отыр. АҚШ-та Федералды резерв жүйесі инфляциялық қысымның бәсеңдеуі мен экономикалық тұрақсыздық жағдайында жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында мөлшерлемені төмендету кезеңіне өтті.

Қаңтар–тамыз айлары аралағындағы экономиканың жылдық өсімі 6,5%-ға жеделдеді (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 3,7%). Көлік және қоймалау (+21,5%), құрылыс (+18,1%) пен сауда (+8,9%) салаларында, сондай-ақ тау-кен өндірісі (+9,6%) мен өңдеу өнеркәсібінде (+6,5%) жоғары өсім қарқыны сақталып отыр. Экономикалық өсім, негізінен, бюджеттік шығындар мен ішкі тұтынуға тәуелді салаларда шоғырланған. Сұраныстың ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсу белгілері күшейіп келеді, бұл өз кезегінде импорт көлемінің артуына түрткі болуда. Сонымен қатар, тұтынушылық несиелендірудің белсенділігі мен инфляциялық күтулердің жоғары деңгейі де қосымша серпін беріп отыр, – деп нақтылады қаржы реттеушісі.

Ұлттық банк инфляциялық қысымның басым бөлігі ішкі факторларға байланысты екенін атап өтті. Атап айтқанда: Ішкі сұраныстың тұрақты түрде жоғары болуы, арифтік реформаның екінші реттік әсерлері, ЖЖМ нарығының либерализациясы, Салық реформасы, оның ішінде ҚҚС-тың өзгеруі.

«Инфляцияның айтарлықтай жеделдеуі, инфляциялық күтулердің жоғары деңгейі және теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының әлсіреуі ақша-кредит жағдайының жұмсарғанын және инфляцияның болжанған траекториясынан ауытқуын көрсетті. Осыған байланысты Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Ұлттық банктің алтын-валюта операцияларын теңгерімдеу, МРТ-ны қайта қарау, микро- және макропруденциялық шектеулерді енгізу шараларымен қатар қабылданып отыр. Мақсат — инфляцияны тұрақтандыру, халықтың күтулерін түзету, теңгедегі активтердің тартымдылығын сақтау және инфляциялық спиральге жол бермеу», – делінген хабарламада.

РЕТТЕУШІ ОРГАН НЕ ДЕЙДІ

Ұлттық банк алдағы уақытта инфляциялық және дефляциялық факторлардың тепе-теңдігін, сондай-ақ инфляцияның баяулау қарқынын жіті бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

«Егер қазіргі деңгейдегі қатаң ақша-кредит жағдайы инфляцияны тұрақтандыру үшін жеткіліксіз болса, базалық мөлшерлемені қосымша көтеру мәселесі қаралады», – деп нақтылады реттеуші орган.

Сообщение Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі өсті появились сначала на Tizgin kz.