Архивы балалар контенті - Tizgin kz

Балаларға арналған қазақтілді контент қалай дамып жатыр
Биыл «Balapan» телеарнасының YouTube-тағы қаралымы 1,4 миллиардтан асты. Бүгінде YouTube-та қазақша мультфильмді телеарналармен қатар жеке авторлар да жариялап жүр. Соңғы жылдары олардың қатарына жасанды интеллект көмегімен жасалған туындылар қосылды. Қазақ анимациясы теледидардан YouTube-қа қалай жетті? Қазір балаларға арналған қазақша контентті кім жасайды? Олардың мазмұнын кім тексереді? Бұл материалда Tizgin.kz редакциясы осы сұрақтарға жауап іздеді.

Қазақ анимациясының тарихы 1967 жылы бастау алды. Сол жылы режиссер Әмен Қайдаров «Қазақфильм» киностудиясында «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін шығарды. Кейін қазақ балаларына арналған «Құйыршық», «Қожанасыр – құрылысшы» және «Қырық өтірік» секілді туындылар жарық көрді.

Жарты ғасыр бойы отандық анимация теледидар арқылы қолжетімді болды. 2010 жылы елде интернет қолданатын халық саны 30 пайызды құрап, 3G және 4G желілері қосылды. Сол сәттен бастап қазақша мультхикаяларды көгілдір экраннан ғаламторға көшті. YouTube-та балалар өзіне ұнаған мультфильмді таңдап, қалаған уақытында қайта қарай алады. Платформа мультфильм авторларына да жол ашты.

Заманауи балалар контентін кімдер жасап жүр

Балаларға контентін шығаратындар арасында топ жарғандардың арасында Torghai-TV Youtube арнасы бар. Олардың көрермендерінің саны 1 млн адамнан асқан. Арнада сюжеті шырғалаң мультфильмдерге қарағанда балаларға арналған әндердің анимациясы көбірек. «Көк пойыз әні», «Аю, аю, тұршы», «Үйрек бөбек» бірнеше миллионнан астам қаралым жинап отыр.

Анимация саласындағы тағы бір бастама – «Күшік пен Пай-Пай» мультфильмі. Хикая бір жастан үш жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған. Филолог және лингвист ғалымдардың жобасы ретінде әзірленген анимация 2024 жылы YouTube-та жарық көрді. Мультфильмнің мақсаты мен қандай нәтижеге жеткені туралы білу үшін авторлардың бірі, филология ғылымдарының доценті Мейрамгүл Жетпісбаевамен сұхбаттастық.

Ғалымның айтуынша, хикаяның мазмұны қазақ балалар фольклорынан іріктелген.

“Бұл бейнеконтентті ата-аналар мен балабақша тәрбиешілері үшін жасадық. Мультфильмде санамақ, жаңылтпаш не тақпақтар көп кездеседі”, – деді Мейрамгүл Жетпісбаева.

Бұл материалды экраннан тыс жерде де қолдануға болады. Тәрбиеші мультфильмдегі санамақты топтағы ойынға қоса алады. Ата-ана баласымен бірге кейіпкер айтқан тақпақты қайталап немесе жаңылтпаш айтып көре алады. «Күшік пен Пай-Пайдың» қалай жасалғанына келсек, авторлар суретті өздері салып, кейіпкерлерге жан бітіру үшін анимациялық студияға жүгінген.

Жасанды интеллект қазақша анимация саласын өзгертті ме

Соңғы жылдары қазақша мультфильм жасап жүрген кей авторлар кадр әзірлеу мен оны қимылға келтіруге ЖИ құралдарын пайдалана бастады. Мәселен, 2025 жылы «Turkistan» телеарнасының қызметкері Ғасыр Құралбайұлы «Түркістан сақшылары» мультхикаясының алғашқы бөлімін ЖИ көмегімен жеті күнде әзірлеп шықты. Телеарна анимацияға 70 мың теңге жұмсалған. Шығынның бір бөлігі ЖИ құралының ақылы жазылымына, тағы бір бөлігі саундтрек жазуға кеткен.

ЖИ құралдарын телеарна қызметкерлерімен қатар жеке авторлар мен мектеп оқушылары да қолданып жүр. 2025 жылы Ұлбосын Сабитқызы YouTube-та ЖИ көмегімен әзірлеген «Толағай» мультфильмін жариялады. 2026 жылы Маңғыстауда тоғызыншы сынып оқушысы Ермек Жәнібекұлы жергілікті телеарна ұйымдастырған байқауға «Жан мен Ту» атты анимациялық жұмысын ұсынды.

ЖИ-мен жасалатын мультфильмдердің кемшілігі көп жағдайда мәтін мен дыбысқа келіп тіреледі. Кейіпкер сөзге екпінді дұрыс түсірмесе, оның не айтқысы келгенін бала бірден аңғармауы мүмкін. Ал бір көріністен екіншісіне өткенде оқиғаның байланысы үзілсе, бала кейіпкердің неліктен ойынан айнығанын түсінбей қалады.

Сообщение Балаларға арналған қазақтілді контент қалай дамып жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Жасанды интеллект қазақ ертегілерін қалай «тірілтіп» жатыр
Қазіргі балалар ерте жастан мультфильмдер, бейнероликтер мен ертегілерді көріп өседі. Бұл олардың дүниетанымына, сөйлеу мәдениетіне және ұлттық болмысының қалыптасуына әсер етеді. Қуантатыны – ұлттық мұраны сақтап, оны жаңа форматта ұсынуға ұмтылатын шығармашыл азаматтардың көбейіп келе жатқаны. Соның бірі – жасанды интеллектінің көмегімен қазақ ертегілерін анимациялық бейне ретінде жасап жүрген автор Әмина Әсілбай. Tizgin.kz тілшісі қазақ ертегілерін жасанды интеллект арқылы «тірілтуге» ұмтылған автормен сұхбаттасты.

Нейрожелілердің мүмкіндіктері арқылы халық ертегілері жаңа тыныс алып, балалар оларды тек оқып қана қоймай, өздеріне қызықты әрі заманауи форматта тамашалай алады.

https://tizgin.kz/wp-content/uploads/2026/07/img_3211.mp4

Әмина Әскерқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Ол Назарбаев Зияткерлік мектебіне, қазақ-түрік лицейіне оқушыларды дайындайды.

«Еліміздің жетекші мектептеріне түсу үшін оқушылар қазақ тілінің сауаттылығынан тест тапсырады. Ол тесттер мәтін түрінде келеді. Балалардың көпшілігі мәтіннің негізгі ойын мүлдем түсінбей жатады. Жыл сайын басшылық қазақ тілінің тест деңгейін көтеру керек деп тапсырма беріп, не істеу керектігіміз туралы сұрау салады. Ойлана келе мұғалім ретінде, ана ретінде балалардың ақпаратты қазір бұрынғыдан мүлде басқаша қабылдайтынын байқадым. Олар қысқа видео мен визуалды контентке қызығады, сондықтан «Неге қазақ тіліне қатысты ережелерді, қазақ ертегілерін, аңыз-әңгімелерін дәл осы форматта ұсынбасқа?» деген ой келді. Осылайша жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланып, ұлттық мұрамызды жаңа буынға жақын тілде жеткізуге кірістім», – дейді ол.

Оның мақсаты – балалардың білімге деген қызығушылығын алдымен видео арқылы оятып, кейін түпнұсқа шығарманы оқуға ынталандыру.

«Бір видеоны дайындау уақыты оның ұзақтығына байланысты өзгереді. Орта есеппен бір бейнероликке бірнеше сағаттан бір күнге дейін уақыт кетеді. Әр кадрдың сценарийі жазылады, кейіпкерлердің бейнесі жасалады, анимация, дыбыс, монтаж бәрі жеке дайындалады. Ең үлкен қиындық – жасанды интеллектке қазақы ерекшелікті дұрыс жеткізу болды. Кейіпкерлердің киімі, ұлттық нақышы, табиғаты, бет-бейнесі біздің мәдениетімізге сәйкес келуі үшін көптеген тәжірибе жасап, әр кадрды бірнеше рет өңдеуге тура келеді», – дейді Әмина Әсілбай.

Ол көрермендер халық ертегілерінің заманауи форматтағы нұсқаларын жақсы қабылдап жатқанын айтты.

«Әсіресе мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар қызығушылық танытып жатыр. Көпшілік «Осындай формат арқылы балалар ертегіні қызығып көріп, кейін кітапты оқуға ниеттенеді» деген пікірлер қалдырады. Бұл мен үшін үлкен мотивация. Жасанды интеллект мәдени мұраны алмастырмайды, оны жаңа форматта таныстыруға мүмкіндік береді. Егер оны дұрыс қолдансақ, қазақ әдебиеті мен фольклорын әлемге танытатын қуатты құралға айнала алады», – дейді маман.

Мұғалім жасанды интеллект адамның орнын баса алмайтынын, бірақ шығармашылық адамның көмекшісі бола алатынын айтты.

«Идеяны ойлап табу, оқиғаны құрастыру, ұлттық ерекшелікті сезіну – мұның бәрі адамға байланысты. Ал жасанды интеллект сол идеяны жүзеге асыруды жылдамдатады», – дейді ол.

Оның айтуынша, ең көп қызығушылық танытылған ертегілердің қатарында «Бауырсақ», «Аяз би», «Жеті қарақшы», және «Мақта қыз бен мысық» бар.

«Бұл кейіпкерлер балаларға да, ересектерге де жақсы таныс болғандықтан, көрермендер оларды ерекше ықыласпен қабылдайды.Тек әдеби шығармаларды ғана емес, қазақ тілінің теориясын да жасанды интеллектпен видеоға айналдырып, әлеуметтік желідегі парақшамда бір күнде 600 адамнан 5000 адамға дейін оқырман жинадым. Болашақта қазақ аңыздарын, батырлар жырын, тарихи тұлғалардың өмірін және әдеби шығармаларды да кино стиліндегі қысқа бейнелерге айналдырғым келеді. Бұл жастардың тарих пен әдебиетке деген қызығушылығын арттырады деп сенемін.Ол үшін де шексіз мүмкіндіктер қажет болады», – дейді Әмина Әскерқызы.

Филология ғылымдарының магистрі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі өз саламның нағыз маманы, нағыз жанашыры ретінде алдына келген бір балаға болсын ұлттық құндылықты сіңіруді өзінің мәнідеті санайды.

«Менің жеткізгім келетін басты ой – технология ұлттық құндылықтарға қарсы емес. Керісінше, оны дұрыс пайдалансақ, төл мәдениетімізді жаңа деңгейде таныта аламыз. Балалар қазақ ертегілерін сүйіп өссе, бұл ұлттық рухтың сақталғаны. Ал жасанды интеллект сол жолдағы тиімді құралдардың бірі ғана», – дейді ол.

Сообщение Жасанды интеллект қазақ ертегілерін қалай «тірілтіп» жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Балаларға арналған қазақ тіліндегі қандай YouTube-арналар бар
Қазақстанда балаларға арналған қазақ тіліндегі YouTube-контенттер кейінгі жылдары қарқынды дамып, жаңа буынның тілдік ортасын қалыптастыруда маңызды құралға айналып отыр. Цифрлық дәуірде бала экран арқылы ақпарат қабылдайтындықтан, оның қандай тілде контент көретіні – болашақта тілінің дағдысына тікелей әсер етеді. Бұл мақалада Tizgin.kz балаларға арналған қазақ тіліндегі қандай YouTube-арналар барын шолып шықты.

Өкінішке қарай, қазақ тіліндегі сапалы балалар контенті әлі де шектеулі, ал нарықтың басым бөлігін өзге тілдегі өнімдер алып отыр. Осы тұрғыда YouTube платформасы ұлттық мазмұнды қолжетімді әрі тартымды форматта ұсынатын басты алаңдардың біріне айналды. Қазақ тіліндегі мультфильмдер, танымдық видеолар мен әндер баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, ана тілінде ойлау қабілетін де күшейтеді. Сонымен қатар, мұндай контент ата-аналар үшін де баласына сапалы әрі қауіпсіз медианы таңдауға мүмкіндік береді. Сондықтан қазақ тіліндегі балаларға арналған YouTube-арналарды дамыту – тек медиа емес, ұлттық болмыс пен тіл болашағына тікелей қатысты стратегиялық мәселе.

Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы балаларға арналған контент өндіруді бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл әрі қолжетімді етті. Соның нәтижесінде соңғы уақытта қазақ тілінде мультфильм, ән және танымдық видеолар жасайтын YouTube-арналар саны күрт артты. Бұрын үлкен студиялар мен қомақты қаржы талап етілсе, бүгінде шағын командалар немесе жеке авторлар да сапалы контент ұсына алатын деңгейге жетті. Бұл үрдіс қазақ тіліндегі балалар контентінің көлемін көбейтіп қана қоймай, оның форматы мен мазмұнын да әртараптандырып отыр.

Altyn Bala TV

Altyn Bala TV – соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан қазақ тіліндегі балаларға арналған YouTube-арналардың бірі. Арнада негізінен балалар әндері, дамытушы мультфильмдер және қарапайым танымдық видеолар ұсынылады. Контенттің басты ерекшелігі – балалардың тілін дамытуға бағытталған жеңіл формат: кейіпкерлермен бірге ән айту, би билеу және жаңа сөздерді үйрену арқылы беріледі.

Ая мен Мики сияқты кейіпкерлер арқылы балаға қызықты әрі түсінікті орта қалыптасқан. Арна ата-аналар мен тәрбиешілер үшін де пайдалы, себебі мазмұны тәрбиелік және білім беру элементтерін қамтиды. Қысқа әрі динамикалық видеолар қазіргі балалардың назарын ұстап тұруға бейімделген, бұл оның кең аудитория жинауына әсер етіп отыр. Жалпы, мұндай жобалар қазақ тіліндегі балалар контентінің жаңа буынын қалыптастырып, цифрлық кеңістікте ана тілінің үлесін арттыруға ықпал етеді.

Balafunny

Қазақ тіліндегі балаларға арналған YouTube кеңістігінде кең аудитория жинап үлгерген заманауи жобалардың бірі – Balafunny. Арна негізінен балалар әндері, көңілді анимациялық роликтер және тәрбиелік мазмұндағы қысқа видеолар ұсынуға бағытталған . Контент құрылымы қарапайым әрі қайталанатын форматта берілетіндіктен, ол мектепке дейінгі жастағы балалардың қабылдауына өте ыңғайлы.

Әсіресе, ән арқылы тіл үйрету тәсілі – арнаның басты ерекшелігі, бұл баланың сөздік қорын табиғи жолмен кеңейтуге мүмкіндік береді. Видеолардың көрілім саны миллиондаған деңгейге жетуі жобаның сұранысқа ие екенін көрсетеді . Сонымен қатар, Balafunny визуал мен дыбысты үйлестіре отырып, баланың назарын ұзақ уақыт ұстап тұратын динамикалық контент ұсынады. Жалпы алғанда, бұл арна қазақ тіліндегі балалар медиасының жаңа толқынын қалыптастырып, цифрлық ортада ана тіліндегі сапалы контенттің үлесін арттыруға ықпал етіп отыр.

Томпи

Tompi – баланың қиялын еркін жетелеп, бояулы әлемге жетелейтін нәзік әрі жеңіл форматтағы қазақ тілді YouTube-арналардың бірі. Бұл арнада ұсынылатын видеолар көбіне қысқа, ырғақты және көзге жағымды анимация арқылы баланың назарын бірден баурап алады. Әрбір роликте қарапайым әрекет пен әуен үйлесім тауып, балаға ойын арқылы үйренудің табиғи кеңістігін қалыптастырады.

Tompi-дің мазмұны күрделі түсіндіруден гөрі сезімге әсер ететін жеңіл қабылдауға құрылған, бұл оны мектепке дейінгі аудитория үшін тартымды етеді. Кейіпкерлердің қимылы мен музыкасының үйлесімі баланың эмоциялық қабылдауын оятып, экран алдындағы уақытты қызықты әрі пайдалы етеді.

Арнаның басты ерекшелігі – артық жүктемесіз, қарапайым сюжет арқылы баланың назарын ұстап, оны табиғи түрде қазақ тіліндегі ортаға енгізуі.

BalBala

Қазақ тіліндегі балалар контенті кеңістігіне жаңадан қосылғанымен, өз үні мен стилін қалыптастырып үлгерген жас әрі үміт күттіретін жобаның бірі – BalBala. Арнаның әрбір видеосы баланың нәзік әлеміне үйлесетін жұмсақ түстер мен жеңіл әуенге құрылып, көрерменін бірден баурайды. Мазмұнында қарапайымдылық пен жылылық басым, бұл оны әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тартымды етеді.

BalBala жас болса да, сапаға ұмтылысымен және көркем безендірілуімен көзге түсіп, қазақ тіліндегі контенттің жаңа тынысын аңғартады.

Кейіпкерлерінің бейнесі мен қозғалысы бала қиялын оятып, оны ойын арқылы үйренуге жетелейді. Жалпы, бұл арна – әлі де қалыптасу жолында болса да, болашағы бар, қазақ тіліндегі балалар медиасының жаңа леп әкелетін жобалардың бірі.

ZEREKBALA TV

ZEREKBALA TV – қазақ тілінде балалардың алғашқы білімін қалыптастыруға бағытталған танымдық мазмұны басым YouTube-арналардың бірі. Бұл жоба ең алдымен әріптер мен сандарды ойын арқылы үйретуді мақсат етіп, баланың оқу процесін жеңіл әрі қызықты форматта ұсынады. Арнадағы видеолар 2–6 жас аралығындағы балаларға бейімделген және тіл дамытуға арналған мультфильмдер мен ойын элементтерін қамтиды.

Контент құрылымы қарапайым болғанымен, оның ішінде жүйелі қайталау мен көрнекілік тәсілдері кеңінен қолданылып, баланың есте сақтау қабілетін нығайтады. Сонымен қатар, әр видео баланың тек сөздік қорын ғана емес, логикалық ойлауын да дамытуға бағытталған.

ZEREKBALA TV-дің басты ұстанымы – «ойын арқылы үйрету», бұл қазіргі балалар психологиясына сай тиімді әдіс ретінде көрініс табады. Жалпы, арна қазақ тіліндегі білімдік контенттің маңызды бөлігін құрап, баланың алғашқы танымдық қадамын ана тілінде бастауына мүмкіндік беріп отыр.

Сообщение Балаларға арналған қазақ тіліндегі қандай YouTube-арналар бар появились сначала на Tizgin kz.