Архивы Баку - Tizgin kz

Асу Алмабаев UFC-дегі жарқын жеңісі үшін бонус алды
Қазақстандық танымал UFC файтері Асу Алмабаев Әзербайжан астанасы Бакуде өткен турнирде айқын жеңіске жеткен соң қосымша табысқа ие болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АЛМАБАЕВТЫҢ АЛДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫ КІМ

Оның жаттықтырушысы Эдуард Базров Tengri Sport тілшісіне жекпе-жектен кейінгі әсері, қазақстандықтың сирек кездесетін әдісі, гонорары және болашақ қарсыласы туралы айтып берді.

Бұған дейін 28 маусымға қараған түні Бакуде (Әзербайжан) өткен UFC Fight Night 280 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонды мерзімінен бұрын жеңген болатын. Жекпе-жектің үшінші раундында Алмабаев қарсыласын партерге түсіріп, өте сирек қолданылатын “Сулоев созылуы” (Suloev stretch) әдісімен жеңіске жетті.

ТАРИХТА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ӘДІС

Жекпе-жектен кейін Tengri Sport тілшісі қазақстандық спортшының жаттықтырушысы Эдуард Базровпен хабарласты. Маман Алмабаевтың жеңісіне бүкіл команданың шексіз қуанғанын жеткізді.

“Асудың осыншалықты тер төгіп, дайындалғанына және соның нәтижесінде осындай әсерлі жеңіске жеткеніне өте қуаныштымын”, – деді жаттықтырушы Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

“Сулоев созылуы” – UFC тарихындағы ең сирек кездесетін әдістердің бірі. Промоушен тарихында бұл әдіс бұған дейін небәрі 3 рет сәтті орындалған, Асу оны 4-ші болып жасады. Жаттықтырушының айтуынша, Алмабаев өз сәтін күтіп, күрестегі тәжірибесін ұтымды пайдаланған, бұл өз кезегінде осындай жарқын финишке алып келді.

“Жекпе-жектен кейін Асумен сөйлестік. Ол позицияны мүлт жібермей, бірден іліп әкетті. Бұл әдісті жаттығуларда қолданып жүретін. Жиі жасамаса да, дайындық кезінде балалар осы әдіске түсіп қалатын”, – деп жауап берді маман.

“БІЗДІҢ МІНДЕТ – ЖЕҢІСТІ ҚОЛДАН БЕРМЕУ”

Алмабаевтың UFC-дегі бұған дейінгі америкалық Алекс Переске қарсы жекпе-жегі де таңғажайып әдемі сабмишенмен аяқталған болатын. Ол кезде қазақстандық спортшы қарсыласын “ұшқан гильотина” әдісімен берілуге мәжбүр еткен еді.

Базровтың сөзіне қарағанда, мерзімінен бұрын жеңіске жету – басты мақсат емес, тек жағымды қосымша жетістік қана.

“Біз ешқашан жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға немесе қарсыласты міндетті түрде нокаутқа түсіруге бекініп шықпаймыз. Біздің міндетіміз – дайындалып, жеңісті қолдан бермеу. Ал жекпе-жек барысында жағдайға қарай әрекет етеміз, көбіне тік тұрып жұмыс істеуге тырысамыз. Асудың тік тұрып та жақсы жұмыс істегенін көрдіңіздер. Қолмен де, аяқпен де соққылар болды, прессинг пен күресті де көрсетті. Сондықтан процесс кезінде түрлі мүмкіндіктер туындайды. Егер сәті түссе, Асу нокаутқа да түсіре алады. Оның қол соққысында да, аяқ соққысында да жойқын күш бар. Сондай-ақ Асу кез келген әдіске де түсіріп алуға қауқарлы”, – деп бөлісті жаттықтырушы.

Сообщение Асу Алмабаев UFC-дегі жарқын жеңісі үшін бонус алды появились сначала на Tizgin kz.

Бакудегі жаһандық форум: Бектенов Қазақстанның жаңа урбанистикалық бағытын таныстырды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Бакуде өткен Дүниежүзілік урбан форумының (WUF-13) 13-ші сессиясына қатысты. Іс-шара жедел урбанизацияның сын-қатерлерін және оның қалаларға, қоғамға, экономикаға және климатқа әсерін талқылау алаңы – БҰҰ-Хабитат платформасының қолдауымен өткізіледі.

Форумға әлемнің 100-ден астам елінен 20 мыңнан аса делегат қатысты. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Сербия, ҚХР, Грузия, Болгария, Кения, Маврикий елдері мемлекеттерінің және үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері, академиялық және іскер топтардың басшылары болды. Қазақстан делегациясы құрамында Астана қаласының әкімі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, облыс және қала әкімдіктерінің басшылары бар.

Өз сөзінде Қазақстан Премьер-министрі қала құрылысының тұрақты дамуының жаһандық күн тәртібінің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде Қазақстан халқының 63%-дан астамы экономикалық өсудің қозғаушы күші мен адам капиталын тарту орталығына айналып отырған қалаларда тұрады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған стратегиялық бағытқа сәйкес, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі – өмір сүруге қолайлы жағдай жасау және лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Үкімет адамға бағдарланған тәсілді басшылыққа алады. Онда “азаматтарға арналған қалалардың” негізі қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық қағидаттарына сүйенеді», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

2026 жылдың қаңтарында Қазақстанда сәулеттік жобалау мен кешенді қала жоспарлаудың бірыңғай стандарттарын бекіткен жаңа Құрылыс кодексі қабылданды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде урбанистикалық даму орталықтары құрылды.

ҚР Премьер-министрі қалалардың орнықты дамуы заманауи сын-қатерлерге, соның шініде технологиялық даму мен жасанды интеллект, су қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі және қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға кешенді жауап беруді талап ететінін атап өтті. Қаланы құрылысын дамытудағы жаңа тәсілдердің бір мысалы, дамыған урбанистикалық өсу орталығы ретінде Alatau city жобасы аталады. Қалалық кластер халықаралық инвестициялар тартуға, жайлы, тұрақты және технологиялық қалалық ортаны қалыптастыру үшін заманауи басқару технологиялары мен инновациялық шешімдер енгізуге бағытталған.

Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы технологиялық трансформацияға және заманауи қалаларды дамыту мен басқаруға бағытталған стратегиялық басымдық екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда жасанды интеллектіні қауіпсіз, ашық әрі адамға бағдарланған түрде қолдануға арналған құқықтық база қалыптасқан. Өткен жылы тиісті заң қабылданды. Қазіргі уақытта электрондық үкіметтің цифрлық экожүйесі арқылы 1200-ден астам мемлекеттік қызмет қолжетімді. Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, оның ішінде Алматыда құрылған ЭСКАТО-ның тұрақты дамуы үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығының платформасында ЖИ саласында тәжірибе алмасуға дайындығы атап өтілді.

Қалалардың қарқынды дамуы жағдайында климаттық тұрақтылық пен су қауіпсіздігі мәселелері ерекше маңызға ие.

«Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің негізгі құндылықтарының бірі ретінде айқындады. Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі және су тапшылығының артуы жағдайында су ресурстарын басқару тұрақты қала дамуының ажырамас бөлігіне айналуда», — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасының маңыздылығын ерекше атап өтті. Және де Қазақстанда өткен өңірлік экологиялық саммиттің маңызына назар аударылды. Ол Орталық Азия елдерінің климаттық және экологиялық тұрақтылық, су қауіпсіздігі мәселелері бойынша практикалық ынтымақтастығына айтарлықтай серпін берді.

Сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ-Хабитатпен ынтымақтастығы, орнықты әрі өміршең қалалық дамуды ілгерілетуге бағытталған ұлттық және халықаралық бастамаларға қатысуы ерекше атап өтілді. Өткен жылы Қазақстан Қызылорда қаласында мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдарды, сарапшыларды және бизнес өкілдерін біріктірген алғашқы Ұлттық урбан форумын өткізді. Making Cities Resilient 2030 жаһандық бастамасы аясында Астана Орталық Азиядағы осындай тұңғыш платформа – Resilience Hub мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын іске қосу жоспарлануда, ол өңірлік үйлестіру және ортақ басымдықтарды ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмыс алаңына айналады.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның жаһандық қалалық сын-қатерлерді шешуде ашық диалог пен практикалық әріптестікке ниетті екенін білдірді.

Форум аясында Urban Expo көрмесі өтуде, онда іс-шараға қатысушылар назарына Қазақстанның ұлттық павильоны ұсынылды. Экспозиция қоғамдық кеңістіктерді жаңарту, инфрақұрылымдық шешімдер және жаңа қала құрылысы жобалары арқылы елдің тұрақты, жайлы әрі экологиялық таза қалаларды дамытуға заманауи көзқарасын көрсетеді. Green ID жобасына ерекше назар аударылды — бұл қалаларды көгалдандыруға, олардың климаттық тұрақтылығы мен қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған бастама.

Сообщение Бакудегі жаһандық форум: Бектенов Қазақстанның жаңа урбанистикалық бағытын таныстырды появились сначала на Tizgin kz.

Ильхам Әлиев түркі елдеріне бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізуді ұсынды
Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшыларының 12-саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

AZƏRTAC агенттігінің мәліметінше, саммит барысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев сөз сөйлеген. Оның айтуынша, бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымы жай ғана ынтымақтастық алаңы емес, біртіндеп маңызды геосаяси орталықтардың біріне айналып келеді. Ұйымның халықаралық беделінің артқаны қуантады. Әлиевтің сөзіне қарағанда, түркі елдерін ортақ тарихи және этникалық тамырлар, сондай-ақ ұлттық-рухани құндылықтар біріктіреді.

«Ұйымның қызметін қолдау мақсатында біздің ел ұйым хатшылығына 2 миллион АҚШ доллары көлемінде қайырымдылық аударды», – деді ол.

Әзербайжан президенті қауіпсіздіксіз даму мүмкін еместігін де атап өтті.

«Халықаралық құқық нормалары мен қағидаттары өрескел бұзылып жатқан кезеңде елдеріміз арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық маңызды факторлардың бірі болып отыр. Осы тұрғыда Түркиямен терең әріптестік орнаған. Тек соңғы жылдың өзінде ғана Түркиямен 25-тен астам екіжақты және көпжақты әскери оқу-жаттығулар өткізілді», – деді Әлиев.

«Елдеріміздің қорғаныс, қауіпсіздік және әскери саладағы кең ауқымды ынтымақтастығын ескере отырып, 2026 жылы Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізуді ұсынамын», – деп мәлімдеді Әлиев.

Президент сондай-ақ 2020 жылғы 44 күндік Отан соғысы мен 2023 жылғы шешуші антитеррорлық шаралар нәтижесінде Әзербайжан өз жерлерінің 30 жылдық оккупациясына нүкте қойғанын атап өтті. «Бұл тарихи жеңіс – елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қалпына келтірудің, ұлттық ерік-жігер мен табанды күрестің нәтижесі. Сонымен қатар ол өңірдегі әділдік, бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға қосылған маңызды үлес болды» дейді ол.

Сообщение Ильхам Әлиев түркі елдеріне бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізуді ұсынды появились сначала на Tizgin kz.