Архивы Азат Сұлтанов - Tizgin kz

Қарбыз жеуге әлі ерте: вице-министр елге кеңес айтты
Қазақстанда қарбызды жеудің ең қауіпсіз кезеңі – шілде айының соңы мен қыркүйек аралығы. Үкіметтегі брифиңде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде қарбыз бірнеше технология бойынша өсіріледі. Атап айтқанда, ерте өнімдер пленка астында өсірілсе, орта және кеш пісетін қарбыздар маусымына қарай жиналады. Ал жыл бойы сатылатын қарбыздың бір бөлігі шетелден импортталады.

Оның сөзінше, табиғи жағдайда толық піскен қарбызды тұтынуға ең қолайлы уақыт – шілденің соңы мен қыркүйек айлары.

«Өндіріс тұрғысынан алғанда, ең қауіпсіз кезең – шілденің соңынан қыркүйекке дейінгі аралық. Бұл уақытта қарбыздар түрлі тыңайтқыштар мен өсу стимуляторларын шамадан тыс қолданбай табиғи түрде піседі. Әсіресе балаларға әзірге қарбыз жеуден уақытша бас тартуға кеңес беремін. Бұл – менің маман ретіндегі пікірім», – деді Азат Сұлтанов.

Қарбыз сатып аларда нені ескерген жөн

Мамандардың айтуынша, ерте маусымда сатылатын қарбыздың бәрі бірдей қауіпті емес. Алайда өнімді тек санитарлық талаптарға сай сауда орындарынан сатып алған дұрыс. Сондай-ақ мынадай қарапайым ережелерді ұстануға кеңес беріледі:

қарбызды тек ресми сауда орындары мен базарлардан сатып алу;

жарылған, кесілген немесе зақымданған қарбызды алмау;

өнімнің шығу тегі мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың бар-жоғын сұрау;

қарбызды кеспес бұрын сыртын мұқият жуу;

кесілген қарбызды бөлме температурасында ұзақ қалдырмай, тоңазытқышта сақтау.

Дәрігерлердің айтуынша, маусымнан бұрын піскен өнімді шамадан тыс тұтыну, әсіресе балалар үшін қауіп тудыруы мүмкін. Сондықтан табиғи жолмен толық піскен маусымдық қарбызды таңдаған жөн.

Сообщение Қарбыз жеуге әлі ерте: вице-министр елге кеңес айтты появились сначала на Tizgin kz.

Қытаймен шекарадағы бейтарап аймақта халық енді малын баға алмай ма
Қытай мемлекетімен шекаралас ауыл-аудандардың халқы екі елдің арасындағы бейтарап аймақта «енді малды баға алмаймыз ба?» деп алаңдап отыр. Мұның себебі неде екенін Tizgin.kz порталы Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінен сұрады.

Әңгіме неден шықты

Шекарадағы аудандардың халқы қазір алаңдап отыр. Бұрын олар малын Қытаймен шекарадағы бейтарап аймаққа емін-еркін бағып келген. Бейтарап аймақтағы жайлауына, қыстауына барғанда еш мәселе туындамаған. Бірақ биылдан бастап оларға «енді ол аумаққа кірмейсіңдер» деген пәрмен беріліп отыр. Tizgin.kz редакциясына осыған байланысты шекаралас аудандардың халқы хабарласып, мәселенің мәнісін сұраған еді.

«Марқакөл, Зайсан ауданынан бастап Нарынқолға дейін мыңдаған шақырымда Қытаймен шектесіп жатырмыз ғой. Бұл мәселе неден туындап отыр? Сіздің хабарыңыз бар ма?» – деп сұрады Tizgin.kz редакциясы ауыл шаруашылығы вице-министрінен.

Министрліктің ұстанымы

Бұл сұраққа жауап берген Азат Сұлтанов шекаралас аудандардағы халық малын бұрынғыдай бейтарап аумақтарға жая бере алатынын айтады. Сөзінше, Шекара қызметі қызметкерлерімен, үкімет пен парламент мүшелерімен мәселе бірнеше рет талқыланған.

«Қазір ешқандай шектеу жоқ. Бірақ бір шектеу бар. Шекара туралы заңға сәйкес, сол жерлерде құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды. Бұрын берген жерлерді пайдаланушылардан алынып, мемлекеттің қорына кетеді. Осы шектеу заңда да қарастырылған. Мерзімге қазірге келді. Диқаншылар, жерді пайдаланушылар қазір ешқандай субсидия алмайды, себебі олардың атында жер шықпайды. Мәселені бірнеше рет қарастырдық. ҰҚК Шекара қызметінің ұстанымы – ол жерге ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге болмайды. Шөпті жұлуға, мал жаюға рұқсат берілген. Бірақ ол жерлер біреудің қолында болмайды», – деді ол.

Азат Сұлтановтың сөзінше, бұл – Қазақстан тарапының шектеуі. Айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы бейтарап аумақ 2 шақырымдық жерді құраса, Өзбекстанмен мұндай аумақтар 100 метр дейін қысқарған.

Сообщение Қытаймен шекарадағы бейтарап аймақта халық енді малын баға алмай ма появились сначала на Tizgin kz.