Архивы Асламбек Мерғалиев - Tizgin kz

Қазақстанда азаматтық істер саны күрт өсті: Президентке есеп берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесуде 2026 жылдың тоғыз айындағы сот жүйесінің жұмысы, сот ісін жүргізуді цифрландыру және азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Tizgin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда азаматтық істер саны 28 пайыздан астам өсті

Асламбек Мерғалиев Президентке биылғы тоғыз айдағы соттардың жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Оның мәліметінше, есепті кезеңде еліміздің соттары 24,8 мың қылмыстық істі қараған. Ал азаматтық істер саны өткен кезеңмен салыстырғанда 28,4 пайызға өсіп, 605 мыңнан асқан.

Мұндай өсімге банкроттыққа қатысты талап-арыздардың көбеюі, тұрғын үй және жер дауларының артуы, сондай-ақ шарттық міндеттемелерге байланысты істер санының ұлғаюы әсер еткен. Бұдан бөлек, соттар 29,2 мың әкімшілік істі және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 319 мың істі қараған.

Жоғарғы Сот төрағасының айтуынша, дауларды сотқа жеткізбей немесе сот процесі барысында өзара келісім арқылы шешу тәжірибесі де кеңінен қолданылып келеді. Атап айтқанда, даулардың жартысына жуығы медиация және басқа да баламалы татуластыру рәсімдері арқылы реттелген.

Кассациялық соттарға 18 мыңнан астам шағым түскен

Кездесу барысында кассациялық соттардың қызметі де сөз болды. Асламбек Мерғалиевтің мәліметінше, есепті кезеңде кассациялық соттарға 18 мыңнан астам шағым келіп түскен.

Оларды қарау нәтижесінде апелляциялық сатыдағы соттардың өзгертілген немесе түзетілген сот актілерінің саны 934-тен 1 704-ке дейін көбейген. Бұл көрсеткіш шамамен екі есеге жуық өскен. Сонымен қатар, Президентке сот жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету және сот ісін жүргізуді цифрландыру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Қазақстандықтардың сотқа деген сенімі артқан

Жоғарғы Сот төрағасы азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейінің өскенін де мәлімдеді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, сот жүйесіне толық сенім білдіретін азаматтардың үлесі 2023 жылғы 55,2 пайыздан қазіргі 69,7 пайызға дейін артқан. Осылайша, үш жыл ішінде аталған көрсеткіш 14,5 пайыздық тармаққа өскен.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі арттыру және сот жүйесін жаңғырту шараларын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Еске салайық, биыл 8 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымына қайта тағайындалған болатын.

Сообщение Қазақстанда азаматтық істер саны күрт өсті: Президентке есеп берілді появились сначала на Tizgin kz.

Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы қызметінде қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Асламбек Мерғалиев 1972 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын прокуратура органдарында бастап, кейін сот жүйесінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. Әр жылдары аудандық және облыстық соттардың судьясы, сот алқаларының төрағасы болды. Сондай-ақ Жоғарғы сот судьясы қызметін атқарып, сот жүйесін жетілдіру мен сот төрелігін дамытуға бағытталған жұмыстарға қатысты.

Жоғарғы сот – еліміздегі азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын ең жоғары сот органы. Оның төрағасы сот жүйесінің жұмысын үйлестіріп, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге жауап береді.

Сообщение Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы қызметінде қалды появились сначала на Tizgin kz.

Сотсыз үйден шығара алмайды – Жоғарғы сот төрағасы жаңа Ата заңдағы баптың мәнін түсіндірді
Жоғарғы сот төрағасы әрі Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Асламбек Мерғалиев жаңа Конституциядағы тұрғын үйден тек сот шешімі негізінде ғана шығару туралы ережелердің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Аталған бап жаңа Конституцияның 28-бабында жазылған. Асламбек Мерғалиевтің сөзінше, бұл бап тұрғын үй иелерінің құқығын қорғайды. Жылжымайтын мүліктің заңды иелерінің құқықтарын абсолютті басымдыққа қоя отырып, оларды заңды күшіне енген сот шешімінсіз тұрғын үйден шығаруына немесе тұрғын үйінен айыруға тыйым салады.

“Жаңа норма азаматтарды негізсіз тұрғын үйден шығарудан қорғауды ең жоғары заңнамалық деңгейде – Конституция деңгейінде қамтамасыз ету үшін енгізілді. Бұл жаңа практика емес. Бұған дейін де заңнамада негізсіз тұрғын үйден шығаруға тікелей тыйым салынған болатын. Ұқсас нормалар көп жылдан бері Азаматтық кодексте (188-бап) және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда (8-бап) бекітілген. Кез келген мәжбүрлеп тұрғын үйден шығару немесе тұрғын үйден айыру (мысалы, мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою, кепілге салынған мүлікке өндіріп алу, жалдау шарты) сот тәртібімен жүзеге асырылады”, – делінген түсіндірмеде.

Сот не істейді

Сот «тұруға рұқсат береді» деген түсінік емес, адамның осы тұрғын үйде тұруға заңды негіздерінің бар-жоғын тексереді. Тұрғын үйді иелену және оған билік ету құқығы тек заңды меншік иесіне тиесілі екенін түсіну қажет. Осы құқықты пайдалана отырып, меншік иесі өз тұрғын үйін жалға бере алады және жалдау шартында жалға алушыны шығару талаптарын белгілейді.

Егер жалға алушы шарт талаптарын бұзса, меншік иесі шартты бұзуға және тұрғын үйді босатуды талап етуге толық құқылы. Жалпы алғанда, тұрғын үйден шығару мәселелері бойынша тұрақты сот практикасы қалыптасқан.

Статистика не дейді

Сот статистикасына сәйкес, 2025 жылы қаралған 2,7 мың істің тек 6%-ы немесе 160 іс пәтер жалдаушыларға қатысты болған. Әдетте жалға алушыларды шығару туралы даулар сирек жағдайда сотқа дейін жетеді, өйткені шарт талаптары сақталған кезде, әдетте, жанжал туындамайды.

Өз кезегінде, меншік иелері шарт талаптарын адал орындайтын жалға алушыларды шығару мәселесін көтермейді. Жалға алушы шарт талаптарын бұзған жағдайда, сот оны тұрғын үйден шығару туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ меншік иесінің келтірілген шығындарды, соның ішінде заңгерлік шығындарды өтеу туралы талаптарын қанағаттандырады.

Сондықтан жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін құқықтық белгісіздік туындайды деп күтілмейді. Құқықтарды қорғаудағы негізгі мәселелер тараптар арасында шарт болмаған жағдайларда туындайды. Мұндай кезде меншік иесіне де, тұрғынға да өз талаптарын дәлелдеу қиынға соғады. Аталған норманы Конституцияға енгізу, ең алдымен, жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғауды күшейтуге, мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етуге және тұрғын үй нарығындағы тәртіпті арттыруға, соның ішінде шарттық қатынастардың тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

Сообщение Сотсыз үйден шығара алмайды – Жоғарғы сот төрағасы жаңа Ата заңдағы баптың мәнін түсіндірді появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасына елдің сот жүйесіне сенімін нығайтуды тапсырды
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысына биылғы жеті айдағы сот жүйесі қызметінің қорытындылары жөнінде баяндалған. Асламбек Мерғалиев азаматтық істер бойынша дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану 24 пайызға, яғни, 61 мыңнан 76 мыңға дейін өскенін айтқан. Оның айтуынша, олардың қатарында медиация, бітімге келу мен татуластыру рәсімдері бар. Азаматтардың мемлекеттік органдармен арадағы даулар бойынша құқығын қорғау шеңберінде әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың 2,6 мың актісі (57 пайыз) заңсыз деп танылған. Қылмыстық іс жүргізуде конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет берген. Атап айтқанда, тергеу соттарының қамауға алуды санкциялаудан бас тарту үлесі 23 пайыздан 37 пайызға өсті. Ақталған азаматтардың саны (жеке айыптау істерін қоспағанда) 59-дан 88-ге жеткен.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылғы 1 шілдеден бастап дербес кассациялық сот жұмыс істей бастаған. Алғашқы айдың өзінде аталған мекемеге 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен.

ТОҚАЕВ НЕ ЖҮКТЕДІ

Президент Жоғарғы сот төрағасына халықтың сот жүйесіне сенімін нығайту және сот төрелігінің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастырудың маңызды екенін атап өткен.

Сообщение Тоқаев Жоғарғы сот төрағасына елдің сот жүйесіне сенімін нығайтуды тапсырды появились сначала на Tizgin kz.