Үш облыста жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтады

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында үш республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы тоқтатылды.

Ақтөбе облысы
Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автожолының 3-92 шақырымы аралығы (Қандыағаш пен Ембі қаласының арасы).
Қостанай облысы
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аумақтағы Мариновка ауылына жақын аймақ (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының айналма жолының 4-7 шақырымы аралығы (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).