UFC Азат Мақсұмның жекпе-жегі өтетін күнді ресми түрде жариялады

UFC қазақ файтері Азат Мақсұмның (15-2) келесі жекпе-жегі өтетін күнді ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мақсұм октагонға 25 қазанда Әбу-Дабиде (БАӘ) оралып, америкалық Митч Рапосомен (9-3) күш сынасады.

Еске сала кетейік, Азат Мақсұм соңғы жекпе-жегін маусым айында ресейлік Тагир Уланбековпен (17-2) өткізді. Бұл кездесуде Уланбеков даулы жеңіске жетті: төрешілер жекпе-жекті бірауыздан оның пайдасына бағалағанымен, көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер бұл шешіммен келіспей, наразылық білдірді. Қазір Мақсұмның UFC-дегі рекорды — 1 жеңіс және 2 жеңіліс. Бұған дейін қазақстандық файтер америкалық Чарльз Джонсоннан (17-7) ұтылған болатын.