Жоба жайлы
Tizgin.kz – Қазақстан мен әлем жаңалықтарын интернет арқылы таратып, әртүрлі маңызды тақырыпқа терең үңілетін қоғамдық-саяси әрі ақпараттық-сараптамалық интернет-басылым. Біз жұртшылықтың үнін билікке жеткізіп, оқырман қауымға объективті ақпарат таратуды мақсат етеміз.
Tizgin.kz негізгі ақпарат порталынан бөлек, YouTube, Meta, Instagram, TikTok, Telegram арқылы ақпарат пен видеоларды таратады.
Редакция саясаты
Tizgin.kz шама-шарқынша, қолдағы ресурстардың қауқарымен әртүрлі саланың, әлеумет, қоғам, әдебиет пен тарих, экономика мен бизнес секторын қамтиды. Әр саланың өзекті мәселелеріне үңіледі. Адам қақының, бостандығының, сөз еркіндігінің қорғалуына баса маңыз береді. Журналистиканың халықаралық стандарттарына сәйкес, жұмыс істеуге барын салады.Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландырудың мазмұнына жарнама беруші жауапты болады.
Сайт ережелері
Tizgin.kz сайтында жарияланған барлық материалдың (мәтін, иллюстрациялар, графика, фото, видео, аудио, сұхбаттар, шолулар, жеке авторлар бағаналары, арнайы жоба мәліметтері) авторлық құқығы «Tizgin.kz» ақпараттық агенттігіне тиесілі.Порталдың материалын пайдаланғысы, көшіргісі келетін БАҚ өкілдері этиканы сақтап, «Tizgin.kz»-ге гиперсілтеме қоюы тиіс. Түпнұсқадағы мәтіннің мазмұнын өзгертуге, мағынасын бұрмалап көшіруге тыйым салынады. Мазмұны өзгертілген немесе мағынасы бұрмаланған көшірме материалдың жауапкершілігі көшіріп басқан жеке немесе заңды тұлғаның өзінде болады.