Қарағандылық кәсіпкер әрі блогер Алика Мұхамадиева ұлтаралық араздық қоздыру күдігімен екі айға қамалды, деп хабарлайды деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.
Оның үстінен қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Оның қазақтарды «калбитке», мұсылмандарды «шошқаға» теңеген сөзі желіде тарап кеткен еді.
Threads желісінде бұған дейін Алика Мұхамадиева «Қазақстан несімен танымал?» деген сұраққа «мамбетами» деп жауап бергені де қолданушылардың ашуын туғызды. Кәсіпкер кейін Instagram парақшасында Stories арқылы кешірім сұрауға тырысқан. Бірақ көпшіліктің айыптауына тап болды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алика Мұхамадиева елден қашпақ болған.