Ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылы 27 шілде күні сағат 08:50 шамасында республикалық маңыздағы «Алматы – Екатеринбург» автожолының 299-шақырымында «Toyota Land Cruiser 200» маркалы көліктің жүргізушісі Қарағанды облысы тарапынан Алматы қаласына қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.
– Аталған факті бойынша «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, — делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау және оқиғаның себептерін объективті зерделеу бойынша барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылған.