Тамыздағы ҰБТ-ға өтінім беруге 25 шілдеден 5 тамызға дейін болады, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.
Тестілеудің өзі 10-14 тамыз аралығында өтеді.
Бұған дейін негізгі ҰБТ тапсырған талапкерлер тамыздағы тестілеуде бейіндік пәндер комбинациясын өзгерте алады.
Тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі.
Қазақстанда талапкерлер жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырады.