Назарбаев университетінің студенті жатақханалардың бірінде қайтыс болған. Бұл ақпаратты жоғары оқу орнының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.
«NU жатақханаларының бірінде болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлаймыз. Студентіміздің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, осындай ауыр қайғыға ортақтасамыз. Бұл жағдай бақылауда екенін хабарлаймыз: керекті шұғыл шаралар қабылданды, оқиға бойынша құқық қорғау органдары мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Біз университет тарапынан материалдық және моральдық көмек көрсетіп жатырмыз»,- делінген хабарламада.
NU тексерілмеген немесе шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырды.
«Студентіміздің туыстары БАҚ, блогерлер, чаттар, пабликтер және т.б. қайғылы оқиға туралы ақпарат таратпауын сұрайды. Марқұмның отбасы мен жақындарына сыйластық танытуды өтінеміз», — деп атап өтті баспасөз қызметі.