Көкшетау әкімдігі әкімнің коммуникациялар жөніндегі кеңесші Айым Тұрапекова өз еркімен мерзімінен бұрын жұмыстан кеткенін растады.
26 жастағы Тұрапекованың маусымның басында қызметке тағайындалуы әлеуметтік желілерде көп шу туғызған. Әсіресе, оның 2015 жылы, яғни 16 жасында премьер-министр кеңсесінде тәжірибеден өткені туралы мәліметке көбірек назар аударылды. Кейін бұл тармақ қайта өңделіп, тәэірибе 2019 жылға ауыстырылды, артынша мүлде өшірілді.
Құжаттардағы әртүрлі мәліметке қарамастан, Айым Тұрапекова мемлекеттік құрылымдарда шынымен тәжірибеден өттім дегеннен танған жоқ.