Жаңа оқу жылы: оқушылар қанша күн демалады

Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылының ұзақтығы мен демалыс күндерін бекітті, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.

Оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады.

Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күн болады.

Үшінші тоқсанда 10 оқу аптасы бар. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026жылғы 25 мамырда аяқталады.