29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.
Ақорданың хабарлауынша, Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
Соңғы Қасым‑Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоғанмен 2024 жылдың 12 қарашасында Бакуде өткен Достық және ынтымақтастық туралы келісімнің 30 жылдығындағы жиында кездескен.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 30 наурызда мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтаған. Әңгіме барысында стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, сауда‑экономикалық әрі мәдени саладағы ынтымақтастықты қолдау мәселелері талқыланған.