Доллар 550 теңге: Ұлттық банк ақыры интервенция жүргізуге мәжбүр болды

30 шілдедегі сауда-саттық барысында теңге бағамы АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетіп, ай басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға әлсіреді. Валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болып, алыпсатарлық қысым күшейгендіктен Ұлттық банк валюталық интервенцияларды жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы: мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан тұрақты түрде асып тұр, АҚШ долларының жаһандық әлсіреу үрдісі сақталған. Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді.

Ұлттық банк биржалық және биржадан тыс валюта нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының тұрақсыздандырушы ауытқуларына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын, — делінген қаржы реттеушісінің мәліметінде.

Ұлттық банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты жарияланатынын атап өтеді.