Асу Алмабаев UFC-дегі кезекті жеңісіне жетті

Қазақстандық UFC спортшысы, жеңіл салмақтағы файтер Асу Алмабаев перулік Хосе Очоаны жеңіп шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.

27 шілдеге қараған түні Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласындағы «Etihad Arena» стадионында UFC on ABC 9 турнирі өтті. Турнирдің басты кардында жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Асу Алмабаев жекпе-жекке шықты. Оның қарсыласы – перулік файтер Хосе Очоа болды.

Нәтижесінде, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді, ал Хосе Очоа профи-ММА-дегі екінші жеңілісіне ұшырады. Алмабаевтың UFC-дегі рекорды қазір 5-1 болып тұр.

Еске салайық, Асу бұған дейінгі жекпе-жегінде жалғыз жеңіліске ұшыраған болатын — ол үшінші раундта Ангола спортшысы Манел Капеден (21-7) нокаутпен жеңілген еді.