Тікұшақ Отар аумағында байланысқа шықпай қалған.
Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. Тікұшақты іздеуге 100-ден астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы тартылды.
«Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды», – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады: тергеу басталды
Ведомствоның мәліметінше 25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі мінген Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түскен.
Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz
https://informburo.kz/kaz/newskaz/almaty-oblysynda-es-145-askeri-tikusagy-radardan-zogalyp-ketti