ЕрекшеЖаңалықтар
Журналиске тілін шығарған судьяның өзі тексеріске ілінді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісіне жауапты судья Әбинұр Қарабаевтың өзі тексеріске ілінді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Шымкент қаласы соты судьяның әрекетіне тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Ал қызметтік тексеру қорытындысы судьялық әдеп жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады. Егер судьяның әдепке қайшы қылығы расталса, материалдар Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот алқасына жолданады.
ОҚИҒА ЖАЙЛЫ
Күні кеше Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембайдың сотында іс жүргізуші судья Әбинұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға қарап тілін шығарған. Бұл жағдай көп сұрақ туғызып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram