TOP-2Без рубрики

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дияс Ермекұлы Нұрақын Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Диас Нұрақын 1987 жылы туған. Білімі жоғары. 2004-2008 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетін, 2008-2010 жылдары ​Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 2006-2007 жылы емлекетаралық «МИР» телеарнасында аудармашы-редактор болып бастаған.

2007-2008 жж. КТК телеарнасы, «Репортер», «Алаң жұрт» бағдарламасында редактор;

2008-2009жж. ​Республикалық «Жас Қазақ» газетінде арнаулы тілші;

2009-2015 жж. Республикалық «Жетінші арнаның» жаңалықтар қызметінде тілші;

2015-2016 жж​«КТК» телеарнасының жаңалықтар тілшісі, кейін «Аптап» ақпараттық сараптама бағдарламасының шығарушы-редакторы болған.

2016-жылдан ​«КТК» телеарнасы Жаңалықтар қызметінің аймақтардағы қосынының редакторы лауазымдарын атқарған.

Back to top button