Қазақстан бір ай мерзімге үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен барлық көлік түрімен жеткізілетін тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ
«2025 жылғы 5 желтоқсанда қабылданған №447 бұйрыққа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасындағы 040721 коды бойынша тауық жұмыртқасын Қазақстан аумағына әкелуге бір ай мерзімге уақытша шектеу қойылды», – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпаратында.
Министрлік бұл тыйым транзиттік тасымалдарға, сонымен қатар ЕАЭО елдері арасында жүретін жүктерге қолданылмайтынын алға тартты. АШМ шектеу шарасы отандық өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілгенін жеткізілді.
Тыйым 11 желтоқсаннан бастап күшіне енді.