ЕрекшеЖаңалықтар

Жұлдыз Сүлейменованың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов Жұлдыз Сүлейменованың басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.

Палата отырысында депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

ЖАҢА ҚЫЗМЕТ

Мемлекет басшысының Жарлығымен дүйсенбіде Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған.

Back to top button