ЕрекшеЖаңалықтарОқиға

Жоғары білім министрлігі студенттердің өз-өзіне қол салуын жаза бермеуді өтінді

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан журналистерге студенттердің өз-өзіне қол салуын егжей-тегжейлі жаза бермеуді өтінді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

“Байқайсыздар ма? Кейінгі кезде студенттердің суицид жасауында сценарий бірдей. Бәрі биіктен құлаған. БАҚ-тан қараңыздаршы, Вертер әсері деген бар. Меніңше, біз кейде солай істеуге болады дегенді өзіміз көрсететін секілдіміз. Егер осы фактілер жайлы жазар болсақ, егжей-тегжейін жазбай-ақ қоялықшы. Мұндай қайғыға душар болған отбасылардың өзі “жеке мәліметтерімізді жарияламаңыздаршы” деп өтінеді. Құқық қорғау органдары да бұл іспен айналысып жатыр. Соңғы үш факт бірдей – биіктен құлаған. Осылай істеуге болады дегенді өзіміз көрсететін секілдіміз”, – дейді ол.

Ақерке Абылайхан айтып отырған фактілер расында болған. Алматы мен Астанада студенттер биіктен құлап көз жұмған еді.

Back to top button