Ерекше

ЖІӨ-нің өсуі тұрғындарды кедейліктен құтқармайды – сарапшылар

Ел экономикасы негізінен шикізатқа, мемлекеттік қолдау мен несиеге сүйеніп тұр, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

САРАПШЫ ПІКІРІ ҚАНДАЙ

Halyk Finance сарапшыларының жаңа шолуына сенсек, экономика қазан айында сәл жылдамдаған — қаңтар-қыркүйектегі 6,3%-бен салыстырғанда өсім 6,4%-ға жетті. Ал негізгі салалардың динамикасын көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ) 9,1% деңгейінде қалып, тамыздағы 9,6%-дан төмендеген.

Halyk Finance бас сарапшымы Салтанат Игенбекованың айтуынша, экономикаға негізгі серпін беріп тұрған – тау-кен өндірісі.

Сала 9,6% өсім көрсеткен, оның көп бөлігі мұнай өндіруден келген. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі қарқын керісінше баяулап жатыр: қаңтар-қазан: 5,8%, қыркүйекте: 6,2%. Ал баяулаған салалар: машина жасау, тамақ өнеркәсібі, мұнай өңдеу және металл бұйымдары өндірісі, – деді ол.

Сонымен қатар сарапшылар Сауда саласы жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш — 9% өсімге жеткен.

Әсіресе көтерме сауда айтарлықтай артқан. Бұл халықтың нақты табысы төмендеп, тұтынушылық кредит азайған жағдайда түсініксіз құбылыс, – дейді олар.

  • Көлік саласы жалпы экономиканың өзге секторларына қарағанда жылдам өсіп жатыр — 20,7%. Дегенмен мұнда да баяулау белгілері байқалады. Теміржол, құбыр және автокөлік арқылы жүк тасымалдау көлемі, алғашқы жартыжылдықтағы қарқынмен өспей отыр.
  • Құрылыс секторы 15,1% өсім көрсеткенімен, бұл негізінен мемлекеттік инфрақұрылымдық жобалардың арқасында қамтамасыз етілуде.
  • Байланыс саласында өсім 4%, оның басым бөлігі интернет-қызметтер есебінен қалыптасқан
  • Сонымен қатар инвестициялар динамикасы да баяулаған: қыркүйек айындағы өсім 13,5% болса, тамызда бұл көрсеткіш 14,3%-ды көрсетті.

ҚАУІПТІ БЕЛГІ БАЙҚАЛАДЫ

Салтанат Игенбекованың пікірінше, Ұлттық қордан қаржы құйылмаса, фискалдық ынталандыру бұрынғыдай нәтиже бермейді. Бұған қоса, экономика өткен жылдың жоғары базасының әсеріне тап болып отыр. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2025 жылдың соңында ЖІӨ өсімі 5,6% шамасында болады. Ал ресми органдар әзірге 6% деген өз бағалауынан айныған жоқ.

«Экономикалық модель әлі де осал күйінде қалып отыр. Ол шикізатқа және мемлекеттік қолдауға тәуелді болғандықтан, сыртқы қысым мен әлемдік бағалардың өзгерісін бірден сезеді», — дейді сарапшы.

Бұған дейін жазылғандай, экономика өссе де, 2025 жылы қазақстандықтардың нақты табысы төмендеді. Halyk Finance мәліметі бойынша, жалақы мен зейнетақы өсімі жоғары инфляция әсерінен “жойылып” барады, ал тұтыну негізінен несиелеу арқылы қаржыландырылып отыр. Үй шаруашылықтарының азық-түлікке жұмсайтын шығыны жалпы бюджеттің 52,5%-ына жетті, бұл халықтың жұпыны ғұмыр кешуіне әсер ететін белгі болып саналады. Сарапшылар осының бәрін ескеріп, өмір сүру деңгейі әрі қарай төмендеуі мүмкін деп отыр.

 

Back to top button