«Жігітше кетіп қалсаңдаршы»: Қуат Хамитов депутаттарға ақыл айтты

Спортшы Қуат Хамитов та депутат Ардақ Назаровтың анасын Парламент төрінде құттықтағанына реакция білдіріп, ол әрекетін қолдамайтынын көрсетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Арекең, қазір “жарып” жатыр. Анасын туған күнімен құттықтады. Халық екіге жарылды. Менің айтайын дегенім, Алла тағала сол күнге жеткізсін. Алла бұйырса, біз арабтар секілді өте бай, қазақтардың бәрінің үйінде бес-алты көлік болған кезде, ақшамен проблема жоқ болып, бәрі ақ киімнің орнына шапан киіп алып, басқа мемлекеттерден үйіне құл әкеліп, бір адам басына бес-алты үйден, ақшамен проблема жоқ, бай болып бара жатқан кезде, медицина, университет тегін, үйленгендерге пәтер тегін, салық жоқ болған кезде – бәріміз спорттық машинамен таксовать етіп кеткен кезде, Қытайдан бүкіл технологияны әкеліп, ауыл шаруашылығын көтеріп тастаған кезде, бүкіл жағдайыды жасаса… Содан кейін депутаттар отырып алып, “не істейміз, құттықтаймыз ба? Дауласамыз ба? Депутаттар отыратын жерде президент сөйлеген кезде диван қойып, ұйықтайсыңдар ма – оның бәрін істеуге болады. Бірақ қазір ол уақыт емес”, – деді Қуат Хамитов.
Ол бала кезінен бері халықтың жағдайы өзгермегенін айтты.
“Әлі сол жұмыссыздық, әлі сол киім-кешек жоқ, проблема көп. Құрметті депутаттар, қазір экономика, даму жағынан соғысатын заман. Сондай ғана депутаттар қалу керек қой. Қалған бәрің жігітше кетіп қалсаңдаршы. “Менің пайдам жоқ екен, құр отырмын” деп, титулды алып тастап, кетіп қалу керек деп ойлаймын. Сол себепті еліміз үшін еңбек етуді тоқтатпайық”, – дейді Қуат Хамитов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram