ЕрекшеТергеу

«Жау кеткен соң қылышыңды…»: Құспан Қожамжаровты уақытында ұстамаған органдарды сынады

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Tizgin.kz порталының сұрағына берген жауабында Антикордың бұрынғы бастығы Қайрат Қожамжаров ұсталған жағдайда үстінен бір емес, бірнеше іс қозғауға болатынын айтады.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

“Қожамжаров пен Кексельдер билікте тұрғанда мен ол адамдардың тергеудегі адамдарға жасап отырған қиянаты туралы батыл мәлімдеме жасаған едім. Кеше қозғалып жатқан істі әрине, қолдаймын. Ұсталған жағдайда үстінен бір емес, букет іс қозғалуы керек деп есептеймін, – дейді ол.

Абзал Құспан Қайрат Қожамжаров Қазақстанда емес деп ойлайтынын айтады. Себебі барлық жерде тек оның үстінен іс қозғалғаны жайлы болған.

“Ұсталса мен бөркімді аспанға атып қуанған болар едім. Үлкен сұрақ (неге органдар оны уақытында ұстамаған деген сұраққа). Уақытында қимылдамайды. Тым шабан, уақытында әрекет жасамайды. Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап деген әңгіме ғой, қысқаша айтқанда”, – дейді Абзал Құспан.

 ҚОЖАМЖАРОВҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Бірнеше күн бұрын экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қарсы тергеуді бастағанын хабарлаған еді.

Прокуратура мәліметінше, оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылған.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, бірнеше ай бұрын Қайрат Қожамжаров Қазақстаннан кетіп қалған. Бір мәліметтерге қарағанда, ол Мәскеуден пана тапқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button