Жарыста жарақат алған жасөспірім Астанада көз жұмды
Астанадағы ауруханада қазақша күрес жарысында ауыр жарақат алған Ақтөбелік жасөспірім көз жұмды, деп Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес спортшы ауруханаға аса ауыр халде жеткізіліп, бірден жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылған.
Дәрігерлер қажетті реанимациялық және емдік шаралардың толық кешенін жүргізді. Сондай-ақ республикалық деңгейдегі мамандардың қатысуымен бірнеше рет консилиумдар өтті. Алайда ақ халаттылардың бар күш-жігерін салғандарына қарамастан, баланың жағдайы күннен-күнге нашарлай берді. Қыркүйек 15-і күні ол көз жұмды, – деді басқарма өкілдері.
Еске салсақ, 7 қыркүйек күні Ақмола облысында қазақ күресінен өткен жарыста жасөспірім мойнын сындырып алған болатын. Ол шұғыл түрде санитарлық авиация арқылы Астанадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.