ЕрекшеЖаңалықтар

Жаңбыр жауып, жел күшейеді – 17 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, күздің салқын ауа райы түседі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тек батыс пен оңтүстік-батыс өңірлерде ғана жауын-шашынсыз болады. Бүкіл елде жел күшейеді, оңтүстікте қатты жел соғуы мүмкін, ал солтүстік-батыс пен орталықта таңертең тұман күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр, найзағай, түнде +7-9 °C, күндіз +14-16 °C.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр, түнде +11-13 °C, күндіз +18-20 °C.

Шымкентте де көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, түнде +10-12 °C, күндіз +22-24 °C.

ТЖМ мәліметінше, қатты жел (15–20 м/с): Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында күтіледі. Найзағай ойнап, нөсер жауатын өңірлер: Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында.

Шаңды дауыл Қызылорда облысында көтерілсе, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, үсік жүреді.

Back to top button