ЕрекшеЖаңалықтар

Жаңбыр жауып, үсік жүреді – 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Тек батыс пен оңтүстікте ғана аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Солтүстік және шығыс өңірлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, ал қалған аумақтарда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

▪️ Астана: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, түнде +4…+6 °C, күндіз +18…+20 °C.

▪️ Алматы: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, түнде +10…+12 °C, күндіз +26…+28 °C.

▪️ Шымкент: аздаған бұлттылық, жауын-шашынсыз, түнде +14…+16 °C, күндіз +31…+33 °C.

Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде түнде 2 градус үсік жүреді. Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 35 градус, Атырау облысында 35-37 градус, Маңғыстау облысында 38 градус, Ақтөбе облысының батысында 35 градус ыстық болады.

Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе және Абай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Back to top button