ГеосаясатЕрекше

Жаңбыр, найзағай мен қатты жел: 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның бірқатар өңірінде сейсенбі күні жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Астана. 23 қыркүйек күні күндіз найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C.

Алматы. Бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 3–8 м/с, екпіні 18 м/с-ке дейін. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +17…+19°C.

Шымкент. Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +24…+26°C.

Маңғыстау облысы. 23 қыркүйек түнде және таңертең батысы мен орталығында тұман күтіледі. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C.

Ақтөбе. Аспан ашық, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с, екпіні 10 м/с-ке дейін. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +24…+26°C.

Атырау облысы. 23 қыркүйекте солтүстігі, оңтүстігі және шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі бар. Қалада ашық, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C.

Ұлытау облысы. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай мен бұршақ күтіледі. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс желі 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 23 қыркүйек таңертең және күндіз найзағай болжанады. Бұлтты, жаңбыр, жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +19…+21°C.

Қарағанды облысы. 23 қыркүйек күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыс желі күндіз батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз кей жерлерде найзағай мен бұршақ болады. Бұлтты, жаңбыр, жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C.

Көкшетау. Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +16…+18°C.

Алматы облысы. 23 қыркүйек күндіз оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы өңірлерде найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда екпіні 15–20, кейде 25 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, кейде екпіні 18 м/с. Қонаевта да күндіз найзағай болады, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +17…+19°C.

Қостанай облысы. 23 қыркүйек түнде және таңертең шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +22…+24°C.

Қызылорда облысы. Солтүстік-батыс, батыс желі, күндіз солтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада ашық, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C.

Павлодар облысы. 23 қыркүйек күндіз оңтүстігі мен шығысында найзағай мен бұршақ болады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыс желі батысы, солтүстігі және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Павлодарда күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Бұлтты, жаңбыр, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.

Солтүстік Қазақстан облысы. 23 қыркүйекте батысы, солтүстігі және оңтүстігінде оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.

Абай облысы. 23 қыркүйек оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыс, батыс желі облыстың солтүстігі, оңтүстігі және орталығында 15–20, екпіні 23 м/с. Семейде күндіз найзағай болады. Бұлтты, жаңбыр, жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C.

Жетісу облысы. 23 қыркүйек күндіз оңтүстігі, орталығы және таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстігі, орталығы және таулы аудандарында найзағай болады. Түнде және таңертең таулы жерлерде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, шығысы, орталығы және таулы аймақтарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігі мен шығысында төтенше, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +15…+17°C.

Жамбыл облысы. 23 қыркүйек күндіз таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстігі, оңтүстігі және таулы өңірлерінде найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, кей жерлерде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Батысы, солтүстігі және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. 23 қыркүйек таңертең және күндіз найзағай болжанады.

Түркістан облысы. 23 қыркүйек күні солтүстік-батыс желі, таулы аймақтарда 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі бар. Түркістанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

Батыс Қазақстан облысы. 23 қыркүйек батысы, оңтүстігі және шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда да өрт қаупі жоғары. Қалада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +27…+29°C.

Шығыс Қазақстан облысы. 23 қыркүйек солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ болады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік, шығыс және оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Өскеменде жел 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с, бұлтты, жаңбыр. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C.

Back to top button