Жаңбыр, кей жерде бұршақ жауады: 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, кей жерде бұршақ күтіледі. Батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, республика аумағында жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі.
Астанада күндіз +16…+18 °C, түнде +5…+7 °C, кей уақытта жаңбыр. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с.
Алматыда күндіз +17…+19 °C, түнде +10…+12 °C, кей уақытта жаңбыр, найзағай, тұман. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін соғады.
Шымкентте күндіз +22…+24 °C, түнде +10…+12 °C, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с.
Еліміздің басым бөлігінде ерекше және жоғары өрт қаупі сақталады. Қатты жел: Оңтүстік, орталық және шығыс облыстарда желдің екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін. Солтүстік пен батыста тұман түседі, ал Қостанай облысында үсік жүреді.