ЕрекшеТергеу

Жаңаөзенде 44 жастағы әйелді пышақтап кетті

Полиция марқұмның күйеуін қылмысқа қатысы бар деп күдіктенеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ЖАНЖАЛДАСЫП ҚАЛҒАН

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Алдын ала деректер бойынша, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық сипаттағы жанжал туындаған. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша басталды», — деп хабарлады полиция департаменті.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

КЕШЕ ДӘРІГЕРДІ ПЫШАҚТАҒАН БОЛАТЫН

Айта кетейік, кеше ғана Жаңаөзенде тағы бір кісі өлтіру дерегі тіркелген. Аурухана дәлізінде 29 жастағы дәрігерге пышақпен шабуылдап, ақ халатты оқиға орнында ажал құшты. Күдікті өз еркімен полицияға келіп, қылмысын мойындаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, жанжалға қызғаныш себеп болуы мүмкін.

Back to top button