Ерекше

Жаңа жылда қосымша пойыздар іске қосылады

Қазақстанда қысқы кезеңде қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады, деп хабарлайды Tizgin.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның алдында бұл туралы ақпаратпен ҚТЖ баспасөз қызметі өкілдері бөлісті. Қосымша рейстер мына бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

1) №201/202 “Алматы-2 – Астана-1”
Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылдың 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсанында, сондай-ақ 2026 жылдың 2 және 4 қаңтарында.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылдың 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсанында, сондай-ақ 2026 жылдың 3 және 5 қаңтарында.

2) №203/204 “Астана Нұрлы жол – Шымкент”
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылдың 20, 23, 26, 29 желтоқсанында және 2026 жылдың 2 қаңтарында.
Шымкенттен жөнелтілуі: 2025 жылдың 22, 25, 28, 30 желтоқсанында және 2026 жылдың 4 қаңтарында.

3) №257/258 “Ақтөбе – Астана Нұрлы жол”
Ақтөбеден жөнелтілуі: 2025 жылдың 20, 23, 26, 29 желтоқсанында және 2026 жылдың 2 қаңтарында.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылдың 22, 24, 28, 30 желтоқсанында және 2026 жылдың 4 қаңтарында.

Бұған қоса, жолаушылар сұранысы жоғары бағыттар бойынша қазір жүріп тұрған пойыз құрамына қосымша 584 вагон тіркеу жоспарланған. Бұл 30 мыңнан аса қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді.

Back to top button