БілімЕрекше

Жаңа оқу жылында мұғалімдердің айлығы өсе ме

Журналист Жания Уранкаеваға берген жауабында Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осы сұраққа жауап берген, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

“Әзірге жаңа оқу жылында бәрі бұрынғыша қалады. Естеріңізде болса біз техникалық және кәсіптік білім саласында жан басына қаржыландыру тетігін енгізуге уәде еткенбіз. Ал мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп жайлы айтар болсақ, әзірге биыл ешқандай өзгерістер болмайды”, – деп хабарлады Бейсембаев.

СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ ҮСТЕМЕАҚЫ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылы бірнеше рет мектептегі сынып жетекшілерінің айлығына қосылатын үстемеақы үш есе көбейетінін айтқан еді. Бұл бастаманы тіпті, «Президенттің өзі қолдап отырғанын» мәлімдеген. Бірақ былтырғы сүйіншінің игілігін мұғалімдер биыл көре қоймайтын сыңайлы. Осы мәселеге Tizgin.kz үңіліп көрген еді. Мақаланы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Back to top button