ЕрекшеЖаңалықтар

Жаңа белес: Димаш Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden-де концерт өткізді

5 қазан күні Нью-Йорктің әйгілі Madison Square Garden аренасында алғаш рет Қазақстанның әнұраны шырқалды. Мыңдаған көрермен алғаш рет ТМД елдерінен шыққан әртіс – Димаш Құдайбергенді «Stranger» атты жеке концертінде қарсы алды, деп хабарлайды dimashnews.

7f25a82bd69f3d69d3f9 1392x928 1

«Бала кезімнен осында өнер көрсетуді армандадым. Өйткені бокс жанкүйері ретінде мені Madison Square Garden аренасында өнер көрсеткен Мұхаммед Әли мен Майк Тайсон шабыттандырды. Сондай-ақ менің әнші болуымa себепкер болған тенорлар триосы, сондай-ақ Майкл Джексон, Уитни Хьюстон, Селин Дион, Андреа Бочелли секілді аңызға айналған жұлдыздар осы сахнада өнер көрсеткен.

Соңғы жылдары өмірімде көптеген оқиғалар болды, әлемнің түкпір-түкпірінде ірі концерттер мен үлкен сахналарға шықтым. Бірақ дәл мұнда басқа бір тарих жазылады», – деді Димаш концерт алдындағы сұхбатында.

Тарих жазылды! Халық әртісі Димаш Құдайберген бастаған қазақстандық команда заманауи тарих жасады.

Алғаш рет жеке концертте біз «Love’s not over yet» шығармасын оның авторы, екі дүркін «Грэмми» жүлдегері Уолтер Афанасьевтің фортепианолық сүйемелдеуімен тыңдадық.

1ab2e8070049a43a36a4 1392x928 1

Димаштың барша шығармашылығы секілді «Stranger» атты бірегей бағдарламасы да стильдердің, тілдердің, жанрлар мен түрлі нөмірлердің тоғысуынан тұрады.

Концертті әсерлі бастау үшін ол «Golden» шығармасын орындап, кейін ағылшын тілінде «Smoke», итальян тілінде «Olimpico», қытай тілінде «Battle of Memory» композицияларын ұсынды.

«Мен Димашты білетінмін, бірақ оның бүкіл шығармашылығынан хабарым жоқ еді. Дегенмен бәрін білсем де, тірі орындауын көру – таңғаларлық нәрсе. Ол сахнаға шыққанда барша көрерменді баурап алады, залдағы жұрт оны ерекше жақсы көреді. Бұндайды сирек көремін. Концерт барысында өзімнен қайта-қайта сұрай бердім: “Ал мына әнді кім жазды?” – Димаш. “Ал мұны ше?” – Тағы да Димаш…

Оның бізді шақырғанына қуаныштымын, бұл – өмірімнің ұмытылмас естелігі болып қалады. Бұған дейін бұл сахнада бірнеше рет өнер көрсеттім, бірақ мұндай әсерді алғаш рет бастан өткеріп отырмын. Бұл – зор мәртебе, мен бақыттымын».

– Уолтер Афанасьев

Мәңгілік махаббат тақырыбын жалғастыра отырып, Димаш өзінің жақын досы, маэстро Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» әнін орындады. 2019 жылы Қазақстандағы «Arnau» концертінен басталған дәстүр бойынша, бүкіл зал бұл әннің қайырмасын бірнеше мәрте қосыла шырқады.

«Sos D’un Terrien En Détresse» шығармасын орындамас бұрын, Димаш Халықаралық көші-қон ұйымының – БҰҰ агенттігінің аймақтық ізгі ниет елшісі ретінде көрермендерге үн қатты:

«Құрметті достар, музыка бізді біріктіре алатынын білеміз. Бүгінгі кеште біз мұны бірге жасай аламыз. Артымдағы экраннан QR-кодты көресіздер. Оны сканерлеу арқылы сіздер БҰҰ-ның Көші-қон агенттігін қолдап, бүкіл әлемдегі адамдарға көмектесесіздер. Біз бірге әлемді жақсы жаққа өзгерте аламыз. Бізбен болғандарыңызға рақмет. Ал енді, музыка бізді алға жетелесін».

Осылайша Димаш көрермендерді өзінің авторлық әндері – «Ұмытылмас Күн», «Give Me Your Love», «Be With Me» арқылы жетелеп әкетті. Ол залмен бірге үш дауыста ән шырқаудан кейін концертін жалғастырды. Айта кету керек, бұл кеште көрермендер барынша өз қуатын сахнадағы әртістермен бөлісіп отырды: мыңдаған жанар жанып, бүкіл стадион хормен ән шырқады.

fb3f1f8b3adacd1efdaf

«Sos D’un Terrien En Détresse» шығармасын орындамас бұрын, Димаш Халықаралық көші-қон ұйымының – БҰҰ агенттігінің аймақтық ізгі ниет елшісі ретінде тыңдармандарына үн қатты:

«Құрметті достар, музыка бізді біріктіре алатынын білеміз. Бүгінгі кеште біз мұны бірге жасай аламыз. Артымдағы экраннан QR-кодты көресіздер. Оны сканерлеген кезде сіздер БҰҰ-ның Көші-қон агенттігін қолдап, бүкіл әлемдегі адамдарға көмек көрсете аласыздар. Біз бірге әлемді жақсы жаққа өзгерте аламыз. Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет. Ал енді музыка бізді алға жетелесін».

Back to top button