Без рубрикиЕрекше

Зеленский Путинмен Будапештте кездесуге дайын

Украина Президенті Владимир Зеленский жуықта Будапештте өтетін саммитке қатысуға дайын екенін жеткізді. Осы жерде АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесуі тиіс, деп хабарлайды Tizgin.kz trtrussian.com-ға сілтеме жасап.

ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕДІ

Зеленский бұл туралы жұма күні Трамппен өткізген кездесуден кейін NBC News телеарнасына берген сұхбатында айтты. Сөзінше, ол АҚШ президентіне келіссөздерге қосылуға әзір хабардар еткен.

Егер біз шынымен де әділетті әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізгіміз келсе, бұл қайғылы оқиғаны екі тараптан тереңірек сараптауымыз керек. Біз қатыспасақ, қандай келісім туралы сөз қозғалуы мүмкін?, – деді Зеленский.

Украина көшбасшысы сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізуге дайын екенін атап өтті.

Мен Трампқа: “Дайынмын”, – деп ашық айттым, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН БОЛҒАН ӘҢГІМЕ

Сонымен қатар, Зеленский Ресей пайдасына титтей де территориялық аумақ бөліп беруге құлықсыздығын білдірді.

Егер біз бұл соғысты тоқтатып, дереу дипломатиялық келіссөздерге көшкіміз келсе, өз шекарамызды сақтап қалуымыз қажет. Біз Путинге қосымша ешнәрсе бермеуіміз керек, – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін, 16 қазанда Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме барысында екі ел көшбасшысы Будапештте жүздесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Егер бұл сапар жүзеге асса, ол Украинадағы соғыс басталғалы бері Путиннің Еуроодаққа мүше елдің астанасына алғаш рет жасаған ресми сапары болмақ.

Алайда, ресейлік көшбасшының сапары ЕО елдерінің әуе кеңістігін кесіп өтуге қатысты қауіп-қатермен күрделіленуі мүмкін екені атап өтілуде.

Back to top button