
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ-тың Еуропалық Одақ Кеңесінің 19-пакет санкциялар тізіміне енгізілуі Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер етпейтінін хабарлайды, деп жазады Tizgin.kz.
“Аталған банк 2022 жылдан бері санкциялық режимде жұмыс істеп келеді. Өз кезегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашықтық, қаржылық тұрақтылық және халықаралық міндеттемелерді сақтау қағидаттарына, соның ішінде ұлттық қаржы жүйесін халықаралық санкцияларды айналып өту үшін пайдалануға жол бермеу қағидатына беріктігін растайды. «ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ ЕҰ пруденциялық нормативтерді, соның ішінде капитал мен өтімділіктің жеткіліктілік коэффициенттерін, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада белгіленген өзге де талаптарды сақтап отыр”, – делінген Tizgin.kz порталының сауалына берген жауабында агенттік.
«ВТБ Банк (Қазақстан)» Еуропалық одақтың (ЕО) Ресейге қарсы санкциялар пакетіне енгізілгені бұған дейін хабарланған. 2024 жылы 25 маусымнан бастап ЕО аумағында құрылған және Ресейден тыс жерлерде қызмет ететін заңды тұлғаларға, ұйымдарға және органдарға Ресей Орталық банкінің (ЦБ) қаржылық хабарламалар беру жүйесіне немесе Ресейдің Центробанкі әзірлеген осыған ұқсас мамандандырылған қаржы хабарламалары мен төлемдер алмасу жүйелеріне қосылуға тыйым салынады.