
Атырау қаласының №2 қалалық соты Украинадағы соғысқа қатысқан қала тұрғынын бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Halyqstan телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Ол қылмыстық кодекстің 172-бабы (шетел аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу) бойынша кінәлі деп таныған. Қазақстан азаматы Ресейде жұмыс істеп жүріп, сол елдің қорғаныс министрлігімен шарт жасасып, соғыста жарақаттанған.
Қазақстан заңы бойынша, ел азаматтарына шетелдегі қақтығыстарға қатыспауы тиіс. Алайда Украинадағы “Хочу жить” жобасының мәліметінше, қазір де Ресей жағында Қазақстанның жүздеген азаматы Украинаға қарсы соғысып жүр.