ГеосаясатЕрекшеЖаңалықтар
Украинадағы соғыс шығындары толық НАТО одақтастарының мойнында – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның Ресейге қарсы соғысының шығынын НАТО көтеріп отыр деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgiz.kz.
«Біз Украинаға қаржыландыруға тартылмаймыз, біздікі – соғысты тоқтату, қырғынды аяқтау. Соғысты НАТО қаржыландырып отыр, біз ештеңе қаржыландырмаймыз», – деді ол.
Трамптың айтуынша, АҚШ одақтастарына «миллиондар мен миллиардтаған долларға» қару-жарақ сатқан, оның ішінде Patriot жүйелері бар. Ал қорғаныс зауыттары өндіріс көлемін «екі-үш есеге арттырып жатыр».